1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Кадрлармен жұмысты, басшының қарамағындағылармен



Pdf көрінісі
бет13/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

3.3 Кадрлармен жұмысты, басшының қарамағындағылармен
өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру
Ұйымда қызметкерлерді басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлім –


19
кадрлар бөлімі болып табылады. Ол кадрларды жұмысқа қабылдау, босату,
оқыту, біліктілігін көтеру және қайта даярлау функцияларын атқарады.
Кадрлық жоспарлаудың мақсаты адамдарға керек уақытында қажетті
көлемді, олардың қабелеттілігі мен бейімділігіне сәйкес және өндірістің
талаптарына сай жұмыс орындарын ұсынумен анықталады.
Нарық жағдайында кәсіпорынды жұмысқа дайындауды жақсарту үшін
қысқа мерзім ішінде кадрларға байланысты жұмыс жүйесін – кадрларды
бағалау және аттестациялау; іріктеу; даярлау; біліктілігін жоғарылату;
жетекші қызметкерлерге резервтер дайындау жұмысын толығымен қайта
құру керек. Сонымен қатар, кадрлар қызметіндегі жұмыскерлердің де
өздерінің кәсіби деңгейлерін жоғарылатулары керек, барлық деңгейдегі
жетекшілер өздерінің қол астындағы жұмыскерлердің потенциялын тиімді
пайдалануда, дамытуда және айқындауда іс жүзінде жауапкершілігін
күшейтуі керек.
Қазіргі жағдайда кадрлық қызмет кадрлармен жұмыстың барлығында
ұйымдастырушы және үйлестіруші болуы қажет. Ол құрылымдық
бөлімшелерде кадрлар саясатын жүзеге асыруда бақылаушы функциясын,
еңбекақы төлеуді, жұмыскерлерге медициналық қызмет көрсетуді, ұжымдағы
әлеуметтік-психологиялық жағдайды, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды
қадағалауы керек [17].
Кадрларды жоспарлаудың негізгі кезеңдері.
Кадрлық
саясаттың
болашағына
бағытталған
ұзақ
мерзімді
тұжырымдаманы кадрлық жоспарлаудың көмегімен орындауға болады.
Қызметкерлерді басқарудың бұл әдісі жұмыс берушілер мен жұмыс
алушылардың мүдделерін келістіруге және теңестіруге мүмкіндік береді.
Кадрлық жоспарлаудың мақсаты адамдарға керек уақытында қажетті
көлемді, олардың қабелеттілігі мен бейімділігіне сәйкес және өндірістің
талаптарына сай жұмыс орындарын ұсынумен анықталады. Кадрлық
жоспарлау ұйымның да, оның қызметкерлердің да мүдделері орындалуы
үшін іске асырылады. Кадрлық жоспарлаудың негізгі мәселелерінің бірі
ұйымның барлық жұмыскерлерін көзқарасын ескеру болып табылады.
Кадрлық жоспарлау ұйымның жалпы жоспарлау процесіне қосылғанда ғана
тиімді болатындығын ескерте кету керек.
Сурет 4 - Кадрлар бөлімі


20


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет