1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Нүкте орнын анықтаудың абсолюттік және салыстырмалы әдістері



Pdf көрінісі
бет160/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

Нүкте орнын анықтаудың абсолюттік және салыстырмалы әдістері.
Жерсеріктік координаталық өлшеуді орындаған кезде жер серігімен
қабылдағыш арасындағы арақашықтық басты анықталатын пара метр болып
есептеледі. Бірнеше жер серігіне дейінгі арақашықтықты бір мезгілде
анықтау, кеңістіктік сызықты қиылыстыру әдісі мен бақылау пунктінің
координаталарын есептеуге мүмкіндік береді. Бұл координаталар, өз
кезегінде бір мезгілде жұмыс істейтін жерсеріктік қабылдағыштар
орнатылған пункттер арасындағы координаталар ай-ырымын, базистік сызық
ұзындығын, азимуттық бағытты, сондай-ақ бірқатар басқа да көмекші
параметрлерді анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, қабылдағышты
жылжымалы объектіге орнату кезінде, осы объектінің қозғалу жылдамдығы
мен бағыты анықталуы мүмкін.
Шешілетін есептерге байланысты координаталарды анықтау әдістерін –
абсолютті және салыстырмалы (дифференциалды) деп ажыратады. Бұл
кездегі бірінші жағдайда қойылған есеп бір, жеке жұмыс істейтін жерсеріктік
қабылдағышты пайдалану негізінде шешілуі мүмкін. Екінші жағдайда,
дифференциалды өлшеуге тән анықталатын жерлерге белгіленген пункттерде
орналастырылған екі немесе одан көп, бір мезгілде жұмыс істейтін
қабылдағыштар пайдаланылуы мүмкін. Бұл екі әдістің басты ерекшеліктері –
дәлдігі бойынша едәуір айырмашылығы бар координаттарды алу, абсолюттік
әдіске тән жүйелік сипаттарының қателіктерін есепке алу күрделігімен
түсіндіріледі. Мұндай тұжырымды дәлелдеу үшін, соңғы нәтижелерді
есептеу кезінде қолданылатын негізгі қатынастарды талдайды. Егер өлшеу
сәтінде белгілі жер серігі координаталарын координатаның геоцентрлік
жүйесінде Хс,Ус және Zc арқылы,
ал бақылау пунктінің белгісіз координаталарын Хп, Уn және Zn арқылы
белгілесек, онда осы екі нүкте арасындағы геометриялық арақашықтық:


217
сияқты аналитикалық геометрия негізінде анықталуы мүмкін.
Есептелген арақашықтықтың дәл мәні R сағат жүрісінің синхронды
еместігінен
туған түзетуді ескере отырып,:
формуламен анықталады.
(21) қатынасын (22) формуласына қойып, электрмагнитті толқындардың
таралу жылдамдығының u орташа мәнінің орнына, осы толқындардың
атмосфераның dtатм әсерінен, сәйкес уақыттың түзетулері бар вакуумдегі
жылдамдығын u енгізе отырып, жер серігі мен қабылдағыш арасындағы
өлшенетін арақашықтық R өлш үшін:
формуласымен алынады. Мұндағы
– жер серігі мен
қабылдағыш сағаттар көрсеткіштерінің эталондық уақытқа қатысты ауытқуы;
– атмосфераның әсерінен туған уақыттық кідірістер. (23) формуладағы
шамасы әрбір нақты жер серігі үшін басқару және бақылау сенсорының
құрамына кіретін қадағалау станциясының көмегімен анықталады да,
навигациялық деректердің құрамында әрбір тұтынушыға беріледі. Осыны
ескере отырып, абсолюттік әдіске тән дөрекі координатты анықтау кезінде
қарастырылатын шаманы белгілі деп санауға болады.
түзету мәнін
радиосигналдың ионосфера мен тропосфера арқылы өту кезінде пайда болған
кідірістерді модельдеу негізінде есептейді. Нәтижесінде формула құрамында
төрт белгісіз мән: қабылдағыш күйі нүктесінің үш координатасы мен
қабылдағыш сағатының жүру түзетпесі болады.
Координаталарды анықтаудың абсолюттік әдісінің потенциалды
дәлдігін анықтау мақсатында, осы әдіске тиісті жеке қателік көздерінің әсерін
бағалаймыз. Алдымен, жер серігі координаталарын, яғни навигациялық
деректер құрамындағы радиоарна бойынша берілетін оның эфемеридтері –
метрлік дәлділік деңгейіндегі қателіктермен сипатталады. Қандай да бір жер
серігі сағаттарының түзетілуі белгілі бір нақты қателікпен жүзеге
асырылады. Атмосфера әсерін модельдеу әдістері координатты анықтау
дәлдігіне елеулі әсерін тигізеді. Ионосфера әсері едәуір сенімді модельденеді.
Алайда, екі жиіліктік қабылдағыштарды пайдаланған кезде аталған әсерді
едәуір азайтуға болады. GPS-ке сәйкес жалпыға арналған кодтың негізделген
абсолюттік әдіске тән жоғарыда келтірілген барлық әсерді сандық бағалау 2-


218
кестеде берілген. Бұл деректер абсолюттік өлшеу әдісі үшін нәтижелі
дәлділік, жалпыға арналған (С/А) кодты пайдаланғанда шамамен 8 м
деңгейдегі қателікпен бағаланатынын көрсетеді. Бұл кезде С/А-кодты
қолдануға тән әдістің ең төменгі сезгіштігі шамамен 3м қателікке сәйкес
келеді. Яғни, абсолюттік әдісті пайдаланған жағдайда, жоғарыда келтірілген
қателіктердің әсерінен жалпыға арналған кодтық өлшеудің потенциалдың
дәлдігін іске асыру мүмкін емес.
Кесте 29 - Қателікті бағалау
Мәні бойынша осындай едәуір көп қателік көздеріне байланысты
тербелісті пайдалану фазасын өлшеу негізінде, жер серігіне дейінгі
арақашықтықты анықтауға мүмкіндік болмайды. Өйткені, бірнеше өлшеудің
шектік мәнін беру үшін GPS-ке қатысты 0,1 м-ден төмен емес деңгейде
потенциалды дәлдікті қамтамасыз ету қажет. Координаталарды анықтау
дәлдігін жоғарылату мәселесі жерсеріктік өлшеудің дифференциалдық
әдістерін қолдану есебінен, едәуір тиімді түрде шешіледі. Оған тән ерекшелік
– қабылдағыш көмегімен тіркелетін мәндердің абсолюттік емес мәнін өлшеу
нәтижелерінің соңғы сатысында өңдейді. Мұндай тәсіл дифференциалдық
жерсеріктік өлшемдердің кеңінен таралуын қамтамасыз етті. Ол
жылжымайтын және жылжитын объектілердің координаталарын анықтауда
табысты қолданылады. Ал соңғы нәтижелері тек «өңдеуден кейінгі өңдеу»
процесінде ғана емес, нақты уақыт масштабында да алынуы мүмкін. Бұл
кезде едәуір өңделген дифференциалды әдістерге тән дәлділік деңгейін
абсолюттік әдіспен салыстырғанда, 100 еседен артық жоғарылатуға болады.
Осы себепті көптеген геодезиялық есептеудің шешімі дифференциалды
әдіспен жүргізіледі. Ал қандай да бір белгісіз шамаларды абсолюттік анықтау
– тек көмекші функцияларды ғана орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет