224
иженерлік институтындағы белгілі компаратор. Бір метрде (м) 100 см. немесе
1000 мм. бар. Бұрыштарды өлшеудің бірлігіне градус алынған, ол тік
бұрыштың 1/90 бөлігіне тең. Толық шеңбер 360°-тан тұрады, бір градуста-60
/
минут, бір минутта - 60
//
секунд бар. Бұрыштардың мәндерін радиандық
өлшеммен көрсетуге болады. Радиан-радиусқа тең шеңбер доғасына тірелген
центрлік бұрыш. Үзындығы 2πR доға 2π радианнан тұрады. Демек,
радианның градустык, минуттық, секундтық мәндері р=57,3°; р=3438/;
р=206265" тен. Аудандар өлшемінің бірлігі шаршы метр (м): 10000 м2=1
гектар (га); 1000000 м2=100га= 1 км². Уақыт, салмак және температура
өлшем бірліктеріне секунд, халықаралык килограмм және Цельсия шкаласы
бойынша градус алынған.
Атмосфера ауасының жер бетіне және ондағы барлық заттарға түсетін
қысым атмосферапық қысым деп аталады. Атмосфералық қысым мм-мен
көрсетілген сынап бағанасының биіктігімен өлшенеді. Нормальдық
атмосфералық қысым деп, деңгейінен есептегенде 45° географиялық ендік
бойындағы биіктігі 760 мм-ге ген болғаны. Халықаралық бірліктер жүйесі
атмосфералық қысым өлшемінің бірлігі паскаль (Па) деп қабылдады, 1 мм
сын.баг. =133.322 Па.
Геодезиялык өлшеулер тура және жанама болып келеді. Егер шама
аспаптың көмегімен тікелей анықталса, оны тура өлшеу деп атайды. Егер
шама есептеулер арқылы анықталса, онда ол өлшемдердің шама тәсілі болып
есептеледі. Геодезиялык жұмыстар далалық және өңдеу жұмыстары болып
бөлінеді. Далалық жұмыстарда әр түрлі өлшеулер жүргізіледі, ал өндеу
жұмыстары: есептеу мен графикалық процестерден тұрады. Далалық
өлшеулерге пландар мен карталар жасауда немесе арнайы мақсаттарда
барлау траншеялары мен құрылыстарын бөлу, трассалар салуда) жер бетінде
жүргізілетін геодезиялық өлшеулер жатады. Өлшеулер кезінде қолданылатын
аспаптарға:
-арақашықтықтарды өлшеуге арналған өлшеу ленталары, сымдар,
рулеткалар, оптикалық кашыктык өлшеуіштер, жарық сәулелі қашықтық
өлшеуіштер, т.б;
-бұрыштарды
өлшеуге
арналған
теодолиттер,
буссольдар,
гониометрлер және т.б;
-вертикаль биіктіктерді өлшеуге арналған нивелирлер, рейкалар,
барометр-анероид, т.б. жатады.
Геодезиялык жұмыстардың нәтижелері арнайы журналдарга жазылады
да, дала жағдайында тексеріліп, түсірілетін объектінің схемалық сызбалары
жасалынады. Ол сызбаларды
Достарыңызбен бөлісу: