1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Антенналар мен реттеу құрылғыларын, калибрлеу және



Pdf көрінісі
бет166/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

3.6. Антенналар мен реттеу құрылғыларын, калибрлеу және
қабылдағышты бағдарламалау.
GPS антенналар Егер базалық станциялар мемлекеттік бірінші реттік
геодезиялық желінің бөлігі болып табылса, Дорн-Марголин элементтері бар
ерекше типті антенналар (choke-ring антенна) міндетті түрде пайдалану
керек.
Дүниежүзілік, халықаралық IGS қызметін қалыптастыратын кез келген
базалық станциялар, әдетте, осындай антенналарды пайдалануды талап етеді.
Олар фазалық орталығының жоғары тұрақтылығымен, көпсәулеліктің
шамалы деңгейге дейін төмендігімен ерекшеленеді де, алынатын деректердің
мүмкін болатын едәуір жоғары сапасына кепілдік береді. Жеке базалық
станциялар үшін және негізінен құрылыс пен топография мақсаты үшін,
нақты уақытта жұмыс істейтін, жылжымалы қабылдауыштарды деректермен
қамтамасыз ететін желідегі базалық станциялар үшін стандартты шағын
геодезиялық антенна тура келеді. Шағын геодезиялық антенна деректердің
жақсы сапасын қамтамасыз етуі көптеген қосымшалар үшін жеткілікті,
сондай-ақ ол choke-ring антеннаға қарағанда едәуір арзан.
Сурет 31 - Базалық станцияға арналған GPS антеналары
31-сурет. Базалық станцияға арналған GPS антеналары: локальды
(уақытша) базалық станция; Тұрақты жеке базалық станция; тұрақты базалық
станция желісі
Антенна кабельдері Cтандартты 10 метрлік кабель көп жағдайда
антенна мен қабылдауышты қосу үшін қолайлы. Егер қабылдауыш
антеннадан үлкен қашықтықта орнатылатын болса, онда ұзын кабель керек.
Антенна кабельдерінің ұзындығы 100 м және одан да көп болады. Кабель
неғұрлым ұзын болса, сигналдың жоғалуын барынша азайту үшін соғұрлым
қалың әрі ауыр, болады. Ұзындығы стандартты кабельдерге қарағанда өте


228
ұзын кабельдер едәуір қымбат тұрады. Кабель неғұрлым қысқа болса,
соғұрлым жақсы. Ұзындығы 30 метрден асатын кабельдер өте сирек
қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет