1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына сыртқы факторлардың



Pdf көрінісі
бет18/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

5.2 Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына сыртқы факторлардың
әсері
Агроөнеркәсіптік жүргізуде экономикалық тетіктерінің тиімділігін
жетілдіру қажеттілігі бүгінгі кезеңдегі даусыз, өте керекті қозғаушы
күштердің бірі болып отыр. Өндірістің негізгі саласының бірі азық-түлік
мәселесін шешетін, Агроөнеркәсіптік өнімдерін өндіретін өндірістің өсімі
әліде болса төмен жағдайда. Қалыптасқан жағдайды талдай отырып
экономиканың ауылшаруашылығындағы
шешілмей жатқан мәселелерді
қарастырып, Агроөнеркәсіптік өндірісін ынталандыратын іс-шараларды
жүзеге асыру қазіргі кезеңдегі маңызды мәселердің бірі.
Әлемдік экономикаға ықпалдасу біздің еліміз үшін маңызы зор өзекті
мәселелердің бірі болып табылады. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру біз
үшін - әлемдік бәсекелеске қатысу, бұл жерде ең бірішші тұтынушылардың
мүддесі сақталынады – сатылатын зат неғұрлым сапалы, бағасы тиімді болса,
соғұрлым өтімді болады.
Нарықтық қатынастарға өту нақты алғанда экономиканың әлдеқайда
жаңа сапалық күйіне көшуді білдіреді. Мұның өзі тұтастай бірқатар
объективті факторлардан көрінеді.


24
Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуінің, негізгі шарты
нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың
экономикалық
жауапкершілігіне
негізделетін
тәуелсіздігі
болып
табылады.Ауыл шаруашылығын одан әрі дамытудың маңызды мәселелерінің
бірі-АӨК өнімдерінің экспорты, оның әлеуеті аса зор. Жалпы, экспортты
қолдауға бағыттау жоспарланған 500 млрд теңгеден 100 млрд теңгесі ауыл
шаруашылығы экспортына бағытталған. Қазір АӨК өнімдерің экспортының
60%-дан астамы — шикізаттық өнім.
Сонымен қатар жерді тиімді пайдалану мәселесі өзекті болып отыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізген ауыл шаруашылығы жерлерін
түгендеу шарасы арқылы 16,5 млн га аумақтың пайдаланылмай жатқаны
анықталды. Үкімет барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит жүргізу
және жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрландыру бойынша
жұмыстар жүргізуде (6 суретте көрсетілген).
Сурет 6 - Ауыл шаруашылығы өнімдері
АӨК өнімдері экспорты бойынша АӨК дамытудың мемлекеттік
бағдарламасының жоспарлы көрсеткіштері асыра орындалды. Өткен жылы
әлемнің 72 еліне АӨК өнімдерінің 551 түрі экспортталды.
Тауарлардың экспорттық номенклатурасының 50,2%-дан астамы
өңделген ауыл шаруашылығы өнімдеріне тиесілі. Өңделген өнімдер
экспортының тізімінің кеңейтілуі-бұл аулы шаруашылығы өндірісін
әртараптандыру және өңдеуді дамыту бойынша жүргізлген саясаттың жемісі
[17].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет