284
Контурлық белгілер орманның, шабындықтың және олардың көлемін
де білуге мүмкіндік береді. Объектілердің контурлары нүктелік
пунктирлермен немесе жіңішке тұтас сызықпен жер бетінің белдерін және
шын мәніндегі сұлбаға үұқсастығын сақтай отырып белгіленеді. Бейнелейтін
заттардың көлемі кішкентай болып, оны масштаб арқылы көрсету мүмкін
болса, ондай заттар масштабтан тыс шартты белгілермен көрсетіледі.
Мәселен, жаңа өскен ағаштар, құдықтар, километр бағаналары, т.б.
заттардың мөлшері көрсетілмей тұрған орындары белгіленеді, яғни
масштабтан тыс шартты белгілер тиісті объектінің сыртқы түрін еске
салатын геометриялық фигуралар. Өзендер, каналдар, жолдар, т.б. сызықтық
объектілер де масштабтан тыс шартты белгілермен кескінделеді. Олар
объекті осін оның табиги орнына сәйкес береді, ал олардың ені біршама
ұлғайтылып көрсетіледі. Контурлық және масштабтан тыс белгілерді
толықтыратын және оларды түсіндіретін белгілерді түсіндіргіш шартты
белгілер дейді.
Достарыңызбен бөлісу: