1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Өз ауданының кәсіпорнына сыртқы факторлардың әсерін



Pdf көрінісі
бет22/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

6.3. Өз ауданының кәсіпорнына сыртқы факторлардың әсерін
зерттеу
Ұйымның табысы ішкі ортадан басқа оны қоршаған сыртқы күштерге
де байланысты. Қазіргі күрделі дүниеде басқарушылық қызметтерді тиімді
орындау үшін осы сыртқы айнымалылардың іс-әрекетін түсіне білу қажет.
Жүйелі тәсілдеменің басқару ғылымына қосқан маңызды үлестерінің бірі
сыртқы ортаның маңызына баса назар аудару болды. Басшы үшін өзінің
ұйымын, өз кезегінде сыртқы дүниемен байланысқан, өзара байланысты
бөліктерден тұратын тұтастық ретінде қарау қажеттілігі туды. Жағдайлық
тәсілдеме тұжырымдама жасау есебінен жүйе теориясын кеңейтуге
мүмкіндік берді. Оған сай аталмыш жағдайға барынша қолайлы басқару әдісі
ұйым мен сәйкес түрде оған әсер ететін нақты ішкі және сыртқы
факторлармен анықталады.
Сыртқы ортаның 4 сипаттамасы бар:
Сыртқы орта факторларының өзара тәуелділігі - бұл бір фактордың
өзгерісі өзге факторларға әсер ететін күштің деңгейі.
Сыртқы ортаның күрделілігі - бұл ұйым жауап қайтаруы тиіс
факторлардың саны.
Ортаның жылжымалылығы - бұл ұйымның айналасында болып жатқан
өзгерістердің жылдамдығы.
Сыртқы ортаның белгісіздігі - бұл орта туралы ақпараттың
салыстырмалы саны мен оның дәлдігі жайлы сенім.
Қоршаған ортаны анықтау мен оның ұйымға әсерін есепке алу
тәсілдерінің бірі - сыртқы факторларды 2 негізгі топқа бөлу. Бұл - ұйымға
тура және жанама әсер ету күштері.
Тура әсер ету ортасына ұйым операцияларына тікелей әсер ететін
факторлар жатады:
Жабдықтаушылар. Жүйелі тәсілдеме тұрғысынан ұйым - бұл кірулерді
шығуларға түрлендіру механизмі. Кіретіндердің негізгі түрлері: материалдар,
жабдық, энергия, капитал мен жұмыс күші. Аталған ресурстардың кіруін
қамтамасыз ететін жабдықтаушылар торабы мен ұйымның арасындағы
тәуелділік ұйымның әрекет етуіне тікелей әсер етудің ең жарқын мысалы
бола алады. Жабдықтаушылар үлкен күшке ие болса, ұйымды өздеріне қатты
тәуелділікке қоюы мүмкін. Сондықтан жабдықтаушыларды таңдаған кезде
олармен қарым-қатынасты тең дәрежеде құру мүмкін болуы үшін олардың
қызметін жан-жақты әрі терең зерттеу маңызды.
Заңдар мен мемлекеттік органдар. Заңдылықтың күйі көбіне тек оның
күрделілігімен ғана емес, белгісіздігімен де сипатталады. Ұйымдар тек
заңдарды ғана емес, мемлекеттік реттеу органдарының талаптарын да


29
орындауға міндетті. Бұл органдар өз құзырына сәйкес заңдардың мәжбүрлі
орындалуын қамтамасыз етеді әрі өздерінің талаптарын да енгізеді.
Тұтынушылар. Олар қандай тауарлар мен қызметтер әрі қандай
бағамен олар үшін ықыласты екендігін шеше отырып, ұйым әрекетінің
нәтижесіне қатыстының барлығын анықтайды. Тұтынушыларды зерделеудің
міндеті ең алдымен ұйым өткізетін өнімді алатындардың бейнесін құру. Бұл
ұйымға тұтынушылар қандай өнімді көбірек қабылдайтындығын, қандай сату
көлемін күтуге болатынын, потенциалды сатып алушылар аясын
қаншалықты кеңейтуге болатынын анықтауға мүмкіндік береді.
Бәсекелестер. Көп жағдайда тұтынушылар емес, осы бәсекелестер
қызмет нәтижесінің қандай түрін әрі қандай бағамен сатуға болатындығын
анықтайды. Бәсекелестерді, яғни ұйымның сыртқы ортадан алмақшы
ресурстары үшін күресуге тура келетіндерді, зерделеу басқаруда ерекше және
өте маңызды орын алады. Аталмыш зерделеу бәсекелестердің күшті және
әлсіз жақтарын анықтап, соған сәйкес бәсекелестік күрестегі өз стратегиясын
құруға бағытталған [17, 18].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет