1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Маркетингті жоспарлау және бақылау стратегиясы



Pdf көрінісі
бет31/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

10. Маркетингті жоспарлау және бақылау стратегиясы
10.1. Сауалнама жасауда ахуалдық міндеттерді шешу
Сауалнама құрастыру және пікір сұрақ жүргізу әдістемесі туралы
қазақша реферат
Сауалнама
(анкета)–
пікір
сұрау
өткізу
үшін
іріктелген
респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау
парағы. Сауалнама кеңінен қолданылмастан бұрын мұқият жасалып, сынақ
жүргізіліп, байқалған кемшіліктері болса жойылуы керек. Сауалнама құру –


38
бір өнер деп саналады. Пікір сұрау әдісін мәліметтерді жинау кезінде
қолданғанда, зерттелетін мәселеге сауалнама сипатының, құрылымының
және типінің сәйкестігін анықтау қажет. Сауалнаманы кеңінен қолданудан
бұрын, оның кемшіліктерін айқындау және болдырмау үшін тестілеуден
өткізу керек.
Пікір сұрауды дұрыс жүргізу үшін мынадай ұсыныстарды орындау
қажет:
1. Сұрақтарды құрастырудың талаптарын орындау:
— Сұрақ тек бір мәселе төңірегінде болуы тиіс. Бір сөйлемде екі
жауапты талап ететін, екі ұшты сұрақтар болмауы керек.
— Сауалдар түсінікті, бір мәнді, нақты және анық сенімді жауап алуға
мүмкіндік туғызуы тиіс.
— Сауалнама зерттеу мақсатына және міндеттеріне сәйкес сұрақтардан
тұруы тиіс. Сұрақ дұрыс қойылмаса, респондент жауап беруден бас тартуы
мүмкін.
— Сұрақтар логикалық сәйкестікпен қойылуы керек. Жеке сипаттағы
немесе күрделі сұрақтар сауалнаманың соңында тұруы тиіс. Жағымсыз сезім,
наразылық тудыратын сұрақтар тікелей түрде емес, жанама түрде қойылуы
керек. Мысалы, «Сізде автомобиль бар ма?» деген сұрақтың орнына «Сіздің
үйде кімде автомобиль бар?» деп сұрақ қоюға болады.
— Сауалнамада нақты терминологияны, күнделікті тілді, түсінікті,
терминдерді пайдаланып, жаргондарды қолданбаған жөн.
— Респондент тәжірибесінен тысқары жайт туралы сауалдарды
қоймаған жөн. Ол хабардар болған сұрақтарды қойған лазым. Негізгіні
қоймас бұрын сұрақтарды ой сүзгісінен өткізіп алған пайдалы. Мысалы,
темекі нарығын зерттеп тұрып, шылым тартпайтын жанға сұрақ қоя
алмайсыз.
-Сұрақты қисындастырып мазмұндау респонденті зерттеушінің көңілі
қалайтын жауапқа жетелеп, көндіруге тиісті емес.
— Сұрақтар екі мағыналы сипатта болмауы керек. Мысалы, «кейде»,
«жиі», «анда-санда» деген сөздер көп мағыналы болғандықтан, олардың
орнына нақты сөздер қолданылуы керек. «Сіз» деген сөз кейде ұжымдық
сипатта болуы мүмкін, сондықтан сұрақты құрастыру кезінде оның орнына
«Сіз өзіңіз» деген сөз нақтылау болады.
2. Сұрақтарды: қарапайымнан – күрделіге, жалпыдан – арнайыларға
(тар ауқымдағы), міндеттемейтіндерден — сыпайыларына көше отырып
қою керек дегендей қағидаларды сақтау қажет.
3.
Сұрақтардың қисынын келтірудің бірізділігі: алдымен кіріспе,
таныстырма сауалдар немесе респонденттің зерттелетін мәселе бойынша
хабардарлығын анықтауға жәрдемдесетін сұрақтар қойылады. Мысалы,
ашытқы нарығы туралы зерттеу жүргізу керек болса, респондент ашытқыны
қолдана ма, жоқ па, соны анықтау қажет. Содан соң зерттеуге тікелей
қатысты сұрақтар және бақылау сұрақтар болуы мүмкін, ең соңында жеке
сипатты сұрақтар қойылады.


39
4.
Сұрақтар саны сұрақты сауалнамаға кіргізбей тұрып, оның
қажеттілігін анықтау керек. Зерттеуге қажет емес артық сұрақтар қойылмауы
керек. Зерттеу мәселесіне қатысты емес сұрақтар сауалнаманы
тым
созады. Сұрақтар аз болған сайын, оларға жауап алудың мүмкіндігі мол.
5. Сауалнама құрылымы. Кіріспе, деректеме және негізгі сияқты үш
бөліктен тұрады [23].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет