66
І топ жолдарына 10-15 жылдық, ІІ топқа 5 жылдық деректер жиналады.
Ал басқа топтарға – қазіргі кездегі деректер алынады. Жолдың орташа
жылдық жүк тығыздығы дегеніміз – белгілі бір учаскемен бір жылда өтетін
барлық жүктердің жалпы мөлшері. Ол транспорттық байланыс схемасы
бойынша жол бөлектері бойынша (өтетін) тасылатын жүктердің қосындысы
ретінде анықталады.
Сол схема арқылы ішкі шаруашылықтық жолдардың ең экономикалық
нәтижелі бағыттары анықталады және осы жолға басқа жүк тасымалдау
пунктілерімен келетін кіріс жолдары белгіленеді. Жолдардың бағытын
анықтағанда ортақ пайдаланудағы және жамылғысы бар жолдар, қоршаған
орта есепке алынады. Жолдан биік жерлер, жер бедері күрделі емес жерлер
арқылы өтеді. Жолдар, құнды а/ш-тық алқаптар арқылы неғұрлым аз өтуі
керек. Жолдың категориясы және жамылғысының типі – олардың мәніне,
құрылыс материалдарының бар болуына, автомобильдер жүрістерінің
қарқындылығына және жолдың жүктасымалдау тығыздығына байланысты
таңдап алынады [15].
Достарыңызбен бөлісу: