104
Далалық кезең жұмыстарының құрамында жер меншігі объектілерінің
тиесілігін тексеру жүргізіледі, ол бар құқық белгілейтін және куәландыратын
құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
Камералдық кезең - бұл жұмыс барысында алынған материалдарды
өңдеу және есеп беру құжаттамасын дайындау. Атап айтқанда, жер
учаскелерінің орналасқан жері мен ауданын анықтау үшін орындалатын
геодезиялық өлшеулердің, зерттеулердің нәтижелерін өңдеу, әртүрлі
жоспарлар, карталар мен сызбалар жасау, бақылау жүргізу және түгендеу ісін
дайындау.
Түгендеу кезінде келесі сипаттамалар анықталады:
-заңды тұлғалардың жерге құқықтарын куәландыратын құжаттардың
нақты пайдаланылатын жер учаскелеріне сәйкестігі;
-пайдаланылмайтын
не
нысаналы
мақсаты
бойынша
пайдаланылмайтын жер учаскелері;
-қалпына келтіруге жататын бүлінген және пайдаланылған жерлер;
-орманды емес, сондай-ақ қала маңындағы жасыл аймақтардан және
басқа да ерекше қорғалатын аумақтардан тыс жерде орналасқан, құндылығы
төмен орман тұқымдарымен жабылған орман қорының жерлері;
-рұқсат етілген пайдалануға сәйкес пайдаланылмайтын жер учаскелері;
-ұтымсыз пайдаланылатын жерлер.
Достарыңызбен бөлісу: