1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Аудандық және облыстық жер кадастры орталығының негізгі



Pdf көрінісі
бет88/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

9.3 Аудандық және облыстық жер кадастры орталығының негізгі
міндеттері
Кадастрды жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға
жатады және оны мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін "Азаматтарға
арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік
корпорация) жүзеге асырады.
Кадастрды жүргізуге технологиялық байланысты қызметке:
1) жергілікті жерде әкімшілік-аумақтық бірліктердің, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары
жерлерінің шекараларын белгілеу;
2) жер пайдалануды қалыптастыру мен ретке келтіру жөніндегі
жобаларды, бүлінген жерді рекультивациялау жобаларын жасау, жергілікті
жерде жер учаскелерінің шекараларын белгілеу;
3) мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
үшін жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша шаруашылық
ішіндегі жерге орналастыру жобаларын әзірлеу;
4) жерді түгендеуді жүргізу жатады.
Кадастрдың құрамына жер учаскесінің меншік иелері мен жер
пайдаланушылар туралы ақпарат кіреді.
Жер учаскесі туралы мәліметтер осы учаскеге бекітіліп берілген
нөмірі, орналасқан жері, шекарасы және мәтіндік сипаттамасы көрсетілетін
жер-кадастрлық карталармен арақатынаста болады.
Мемлекеттік
жер
кадастрының
мәліметтерін
қалыптастыру
топографиялық-геодезиялық,
аэроғарыштық,
картографиялық,
жерге
орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен
ізденістер, жер мониторингі жөніндегі жұмыстарды, жерді сандық және
сапалық есепке алуды жүргізумен, нақты жер учаскесіне жер-кадастр ісін


114
жасаумен, жер-кадастр карталарын, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын,
жер-кадастр жоспарын дайындаумен қамтамасыз етіледі.
Деректерді жинақтау жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, жеке немесе
заңды тұлғалардың - жер учаскесіне құқық субъектілерінің атауы, атқарушы
органдардың актілері мен өзге де заңнамада көзделген құжаттар, жер
учаскесінің орналасқан орны мен көлемі, кадастрлық (бағалау) құны, жер
учаскесіне құқығы, нысаналы мақсаты, бөлінетіндігі және бөлінбейтіндігі,
жер учаскесіне сервитуттар туралы, сондай-ақ атқарушы органдар
белгілеген оны пайдалану жөніндегі шектеулер туралы ақпараттар
тіркелетін және сақталатын тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың
деңгейінде жүргізіледі.
Көрсетілген деректер облыстар, республикалық маңызы бар қала,
астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар және жалпы Қазақстан
Республикасының аумағы арасында салыстыруға мүмкіндік беретін меншік
нысандары, жер санаттары бойынша жүйелендіріледі.
Кадастрды жүргізу деңгейіне байланысты бақылау жағдайында
құрылады және ұсталады:
-облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
шекаралары мен кодтары көрсетілген Қазақстан Республикасының жер-
кадастрлық картасы (схемасы);
-облыстық және аудандық маңызы бар аудандар мен қалалардың
шекаралары мен кодтарын көрсете отырып, Облыстың жер-кадастрлық
картасы (схемасы) ;
-қала ішіндегі аудандардың шекаралары мен кодтары көрсетілген
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер-кадастрлық картасы;
-есептік кварталдардың шекаралары мен кодтары көрсетілген
ауданның, облыстық, аудандық маңызы бар қаланың жер-кадастрлық
картасы (схемасы) ;
-жер учаскелерінің шекаралары мен кадастрлық нөмірлері көрсетілген
есептік кварталдың жер-кадастрлық картасы (схемасы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет