1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Жерге орналастыруды жобалаудың мәні және аумақты ұтымды



Pdf көрінісі
бет99/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

1.9.Жерге орналастыруды жобалаудың мәні және аумақты ұтымды
ұйымдастыру.
Республиканың жер заңдарында, үкімет пен ведомстволардың
нормативтік актілерінде жерді тиімді пайдалану, оны табиғаттың теріс
құбылыстары мен қырсыздықтан қорғау, ауылшаруашылық емес мақсаттарға
ысырапты жұмсау ісіне басты назар аударылады. Осыған байланысты жер
ресурстарын басқарудың, жерге орналастыру мен жер кадастрының, сондай-
ақ аталғандарды ғылыми-әдістемелік жағынан қамсыздандырып отыратын
жерге орналастыру ғылымының маңызы айтарлықтай арта түседі.
Әр түрлі мемелкеттік, қоғамдық жэне жекеменшік шаруашылық
мұқтаждықтарына жер бөліп беру жобаларын экономикалық, кұқықтық және
техникалық тұрғыдан негіздеуте қойылатын талаптар күрт жоғарлады.
Жалпы жоба ұғымы әртүрлі құжаттар жиынтығы болып табылады.
Жерге орналастыру жобасы - бұл жаңа жер формаларын калыптастыру және
оларды экономикалық тұрғыдан дәлелдеу жөніндегі есептер мен сызбалар
жиынтығы. Республиканың бүкіл территориясы және жер иеленушөлер мен
жер пайдаланушыларға белгіленген. Бұлар жерге орналастыруды
жобалаудың объектілері болып табылады. Осы объектілерден өзгерістерді
жоспарлау, оларды экономикалық және техникалық есептермен дәлелдеу,
соңғылардың нәтижесінде территориялық жаңа кеңістік реттілігін
қалыптастыру жерге орналастыруды жобалаудың негізгі мазмұнын құрайды.
Бұл іс-қимылдардың нақты нәтижелері экономика жағынан тиімді. Алқаптар
аудандары, жер иеленушөліктер мен жер пайдаланушылардың. шаруашылық
орталықтары мен ауыспалы егістердің, сонымен катар тағы да көптеген жер
реттілігіне қатысты элементтердің орналасуы мен межелері.


127
Жобада белгіленген
шаралар
агроэкономикалық,
инженерлік-
экономикалык жэне смета-қаражаттық есептермен жан-жақты мұқият
дәлелденеді. Осылармен жобаның графикалық құрамына қатысты құжаттар
жалпы жоба - сметалық құжаттаманы құрайды. Негізгі құжат болып жобалық
план саналады. Бұнда жер иеленушөліктің ауданы, орналасуы және
мәселелері көрсетіледі. Осымен қатар тағы да көптеген, жоғарыда аталып
өткен, жер реттілігінің элементері план бетіне түсіріледі. Демек, жобалық
план белгіленген экономика жағынан тиімді, территориялық реттестіру
формаларының жалпы графикалық сипаттамасы болып табылады. Планнан
басқа жобаны жер бетіне түсіру мақсатымен жұмыс сызбалары жасалады.
Қалған құжаттардың керектігі арнайы әдістемелік нұскаулармен анықталады.
Жобаның жазба бөлігіне есеп-түсініктемесі, агроэкономикалық дэлелдеу
және смета-қаражаттық есептер енеді. Бұл бөлігінің соңында жобаның
жоспарланған тиімділігін сипаттайтын техника-экономикалық және
экономикалық көрсеткіштер келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет