ДЕРРИДА, Жак Деррида (1930–2004) — француз философы
және әдебиет теоретигі, деконструктивизмнің негізін
қалаушы. Шығармалары: «Дауыс пен феномен: Гуссерль
феноменологиясындағы
таңба
мәселесіне
кіріспе»,
«Грамматология туралы», «Хат пен айырмашылық»,
«Диссеминация», «Философияның шекарасы», «Ұстанымдар»,
«Айқай», «Шпоры. Стили Ницше», «Почта қағазы: Сократтан
Фрейдке дейін және одан да әрі», «Маңайлар», «Рух туралы:
Хайдеггер мәселесі», «Психея: өзгені ашу», «И подписано: Понж»,
«Маркстің елестері», «Хора», «Заңның күші», «Монолингвизм другого»,
«Местопребывание. Морис Бланшо», т.б.
ДЕЛЕЗ, Жиль Делёз (1925–1995) — француз арасынан
шыққан
философ-постмодернист,
бірегей
ойшыл.
Шығармалары:
«Ницше
және
философия»
(1962),
«Айырмашылық пен қайталау» (1968), «Капитализм және
шизофрения» (бірінші томы- «Анти-Эдип» (1972), «Ризома»
(1976), «Номадология туралы трактат» (1980), «Мәннің
логикасы» (1969), «Кино-1» (1983), «Кино-2» (1985) және т.б.
ДЖЕМС, Уильям Джемс (1842–1910) — американдық
философ әрі психолог, прагматизм және функционализм
негізін қалаушы, өкілдерінің бірі. Басты идеясы: «сенімнің
пайдалылығы». Оның прагматикалық максимасы (ережесі) –
қалайда осы дүниеде орнықты жақсы орын табу. Біздің
ұғымдарымыз, ғылым - өмір сүру үшін күресте пайдалы құрал
ғана, олар шындықтың заңдылықтарын бейнелей алмайды.
279
ДЖЕБРАН, Джебран Халиль Джебран (1883–1931) —
шыққан-тегі ливандық, американдық философ, суретші, ақын
әрі жазушы. XXғ. атақты араб жазушысы және философы. Ол
–
Достарыңызбен бөлісу: |