1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет147/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   236
Totin Filosofia (1)

ТАГОР, Рабиндранат Тагор (Робиндронатх Тхакур) (1861–
1941) — атақты үнді жазушысы, ақын, сазгер-композитор, 
суретші, қоғам қайраткері. Әдебиет саласы бойынша Нобель 
сыйлығына ие болған (1913). Үндістан және Бангладеш 
мемлекеттерінің әнұранының авторы. Анасынан айырылған 
жасөспірім Тагор қарапайым әрі жалғыздықтан зарыққан өмір 
кешті. Ол енді сегіз жасынан бастап өлеңдер жаза бастайды, 
алғашқыда үйде, сосын жеке мектепте, атап айтқанда 
Калькуттадағы Шығыс семинариясында, Бенгальдық академияда және оған 
дейін педагогикалық училищеде оқыды. Онда ол бенгал тарихы мен 


318 
мәдениеті жөнінде көптеген мағлұматтар алады. Шығармалары: «Кешкі 
әуендер», «Таңғы әуендер», «Ақынның тарихы» және т.б. 
ТЕЙЕР ДЕ ШАРДЕН, Пьер Тейяр де Шарден (1881–1955) 
француз теологы және философы, священник-иезуит, 
ноосфера теориясын құрушылардың бірі. Палеонтология, 
антропология, философия және католиктік теология бойынша 
ғылыми жаңалықтарымен танымал. Оның есімі философия 
ғылымында 
христиандық 
эволюционизм 
тұжырымдамасымен байланысты. Шығармалары: «Құдай-
Орта» (1927), «Адам құдыреті» (1955) және т.б. 
ТОЙНБИ, Арнольд Джозеф Тойнби (1889–1975) — британ 
тарихшысы, философ әрі социолог-ғалымы, онекітомдық 
салыстырмалы өркениет тарихы бойынша жазылған 
«Тарихты игеру» (Постижение истории) атты еңбектің авторы 
(локальді өркениеттер тұжырымдамасымен белгілі). Басты 
идеясы: Қазіргі адамзаттың дағдарысынан шығу жолын 
ойшыл Бүкіл дүниежүзілік рухани бірліктен көреді. Ал ол 
үшін дүниежүзілік діндердің аса қадірлі жақтары біріктіріліп, бірегей 
Дүниежүзілік дін дүниеге келуі керек. Сонда ғана әр түрлі 
цивилизациялардың басы бірігіп, бүкіл адамзаттың әрі қарай дамуына жол 
ашылады, - деп санайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет