1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ФРЕЙД, Зигмунд (Сигизмунд) Шломо Фрейд



Pdf көрінісі
бет153/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   236
Totin Filosofia (1)

ФРЕЙД, Зигмунд (Сигизмунд) Шломо Фрейд (1856–1939) 
— австриялық психолог, психиатр және невролог, 
психоаналитикалық 
мектептің 
негізін 
қалаушы. 
Шығармалары: 
«Түсті 
жору», 
«Күнделікті 
өмірдің 
психопатологиясы», «Психоанализ туралы», т.б. Алғашында 
фрейдизм невроздарды түсіндіретін және емдейтін ілім 
ретінде қалыптасты, кейін келе дау-жанжал жағдайға тап 
болған саналық пен бейсаналық арасындағы қарым-
қатынасты, бейсаналықтың өзіндік заңдылықтары мен әрекетшілдігін 
түсіндіруге бағытталған теорияға айналды. 
 ФУКО, Эрих Зелигманн Фуко (1900–1980) — неміс-
американдық философ, социолог, әлеуметтік психолог
психоаналитик, Франкфурт мектебінің түлегі, неофрейдизм 
және фрейдомарксизм негізін қалаушылардың бірі. 
Шығармалары: «Еркіндіктен безіну», «Адам деген – адам», 
«Сау қоғам», «Үміт революциясы», «Махаббат өнері», 
«Иемдену әлде болу» және т.б.
ФУКО, Мишель Поль Фуко (1926–1984) — француз 
философы, мәдениет және тарих теоретигі. Шығармалары: 
«Білім 
археологиясы», 
«Бақылау 
және 
жазалау», 
«Классикалық дәуірдегі ақылсыздық тарихы», «Клиниканың 
пайда болуы», «Гуманитарлық ғылымдар археологиясы», 
«Сөз бен зат», «Білімге құштарлық», т.б. Олар негізінен 
әлеуметтік ғылымдар жөнінде, медицина, т.б. жазылған. Ол 
индивидтегі автономдық бастаудың басымдылығы туралы 


323 
идеяны сынап, адамды әлеуметтік конструкция ретінде айқындайды. Ол өз 
зерттеулерінде мәдениет тарихындағы ессіздікке талдау жасап, билік пен 
үстемдік құрылымдарын анықтаумен айналысады.
ХАБЕРМАС, Юрген Хабермас (1929) — неміс философы, 
социологы 
әрі 
культурологы. 
Майндағы-Франкфурте 
(1964ж.) профессор болып істеді. Штарнбергтегі Макс 
Планктің қоғамында (К.Вайцзеккермен бірге) ғылыми-
техникалық өмірін зерттеу институтының директоры (1970–
1981). Франкфурт мектебінің теориясын сыни тұрғыдан 
қайта қарастырған «екінші толқын» өкілі ретінде танымал 
ғалым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет