1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


теологиялық-философиялық бағыт



Pdf көрінісі
бет166/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   236
Totin Filosofia (1)

теологиялық-философиялық бағыт ретінде Батыс Европа елдерінде XIIғ. 
дейін үстемдік етті, кейін христиандық аристотелизмнің негізін қалаушы 
Ұлы Альберт пен Фома Аквинскийдің ілімдерімен ығыстырылды. 


334 
АВЕРРОИЗМ — ақиқаттың екіжақтылығы жайлы ілімімен белгілі болған, 
«Терістеуді терістеу» трактатының авторы, арабтілді перипатетизмнің өкілі, 
мұсылман философы Ибн Рушдтың (Аверроэс, 1126-1198) философиялық 
идеяларын насихаттайтын орта ғасырлар мен қайта өрлеу кезеңіндегі 
европалық ойдың философиялық бағыты. Аверроизмнің өкілдері – 
С.Брабантский, Боэций Дакийский, Пьетро Помпанацци, Пико делла 
Мирандолла, А.Кентерберийский, Б.Паскаль және т.б. 
АВЕСТА — ежелгі Орталық Азияда, Иранда және оған көршілес аймақтарда 
кең таралған зороастризмнің (Әулие Зердештің, Заратуштраның ілімі 
б.д.д.VIғ.) қасиетті жазбалар жинағы. 
АГНОСТИК  — агностицизмді ұстанушы. 
АГНОСТИЦИЗМ — гр. тіл. ауд. - белгісіз, түсініксіз, танымайтын дегенді 
білдіреді. Адамның дүниені тану (толығымен немесе жартылай) 
мүмкіншілігін жоққа шығаратын гносеологиялық тұжырымдама. Яғни, 
адамның шындықтың шекті және абсолютті негіздерін, оның тәжірибие 
арқылы мүмкін болмайтындығынан, тани алмайтындығы жайындағы 
философиялық концепция. 
АКЦИДЕНЦИЯ — лат. тіл. ауд. кенеттен пайда болатын нәрсе, яғни аса 
маңызды емес қандайда бір кездейсоқ, екінші орындағы нәрсе. 
АЛЫНУ — Г.В.Ф.Гегель енгізген категория. Онда алдыңғы жағдай 
терістелетін даму кезеңі ретінде немесе оның маңызды бөліктерінің 
бағынышты жаңа жағдайының сақталуы тіркеледі. 
 
 
АДАБ (ділмарлық) — білімді (адиб) адамға қажетті зиялылар білімінің 
жүйесі. Адабқа – поэзия, әдебиет, мәдениет теориясы, тарих, мәдениеттану, 
этика, эстетика, поэзия философиясы, тіл философиясы, риторика, фольклор, 
ертегілер жатады. Адабтың жалпы мағынасы – әдебиет. IXғ. бір жүйеге 
келтірілген. Адабтың мәні әдебиет арқылы адамның тәрбиесі мен білімі 
болды. Адаб мәні жағынан мәдениеттану деп есептеледі. Адабты (әдепті) 
әдебиет жаратылыстанулық, тарихи, географиялық, музыкалық, поэтикалық, 
көркем құралмен әдеби білімді ашатын мәдениеттің өзіндік энциклопедиясы 
болып табылады. Теологиядан (каламнан) айырмашылығы, фәлсәфа, ғылым 
стилі және адабты беру формасы жеңіл болған.
АДИТИ (миф. «шексіздік») — ведалық храмның құдайы. Оның түрлі 
қызметі аталып өтеді: ол – Адитьидің анасы. 


335 
АДИТИЛЕР (миф) — Адитидің ұлдары – Варуна, Митра, Васу және 
басқалары. Ұлдарға түрлі қызмет жүктелінеді, негізгісі – жылдың он екі айын 
құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет