1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет228/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   236
Totin Filosofia (1)

ФРАНКФУРТ МЕКТЕБІ — XXғ. 30-шы жылдары неміс ойшылдарының 
Франкфур Әлеуметтік зерттеу институты маңына шоғырлануы. Франкфурт 
мектебінің бағдарламасы марксизм қаруын пайдаланып, оны қазіргі 
теориялармен өңдеу. Қазіргі дәуірдің әлеуметтік-экономикалық және 
культурологиялық талдау З.Фрейдтің психоанализі мен М.Хайдеггердің 
іргелі онтологиясы негізінде жасалады. Бұл бағдарламаны Макс Хоркхаймер 
және Теодор Адорно, кейін олардың ізбасарлары Герберт Маркузе және 
Юрген Хабермас жартылай орындады. Франкфурт мектебі идеяларының 
дәуірдің рухани ахуалына елеулі ықпалы болды. Мектеп дәстүрін бүгін 
коммуникативті әрекет теориясын жасаған Хабермас жалғастыруда. Оның 
идеяларын қазақстандық гуманитаристика да қабылдады. 
ФРЕЙДИЗМ мәдениет, ғылым, көркем әдебиет, жалпы қоғамдық 
құбылыстарды түсіндіру үшін З.Фрейдтің психологиялық ілімін қолдануға 
ұмтылатын бағыт. 
ФУТУРОЛОГИЯ (лат. – болашақ) — адамзаттың болашағы туралы 
мағлұмат беретін бөлім саласы. Бұл терминді 1943ж. неміс социологы 
О.Флехтхайм енгізді. Болашақты болжау мәселесімен – Г.Парсонс, Е.Ханке, 
И.Бестужев-Лада, Г.Шахназаров және т.б. айналысты. 
ХАКІМ — білімдар хұкімші, араб фәлсафалық дәстүрінде діннен тыс ой 
әрекетіндегі философтың баламасы. 
ХАОС (гр. – көне грек әлемінің алғашқы бейформалы күйі) — көне грек 
мифологиясында бастапқы шексіз тұңғиықты білдірген ұғым. Хаос – дүние 
жаратылыстан бұрын болған бұлдыр тұман, түпсіз-тұңғиық, болмыстың ығы-
жығы, ретсіз, бей-берекет араласып жатуы дегенді ұғындырады. Кейіннен 
сол астан-кестен, ұйқы-тұйқы ретсіздіктен болмыс формалары бөлініп 
шықты деп түсіндіріледі. 
ХАОСОГЕНДІК хаос тудырушылық, күй-жағдай емес, процесс туралы, 
болмыс туралы емес, қалыптасу туралы ілім. 
ХАОСОМДЫҚ — хаос жасампаз, өйткені жүйенің дамуы мен өзіндік 
ұйымдасуы хаостылық пен тұрақсыздық арқылы жүзеге асады. 
ХАРИЗМА (грек. – шапағат, рақым, құдайы сый) — белгілі тұлғаны немесе 
құбылысты ерекше қасиетке теліп, оған әулие ретінде табыну. 


393 
Хризматикалық көсем деп өте мықты беделге, ақылгөйлікке ие, шексіз 
тартымды, батыр адамдарды атайды. 
ХАСИДИЗМ (көне евр. – тақуа, дін тәртібін берік ұстанушы, таза пиғылды 
жан) — ХVІІІғ. 30ж. Украинаның кедей еврейлерінің арасында пайда болған 
иудаизмнің мистикалық бағыты. 
ХИМЕРА — көне грек мифологиясында төменгі, қара күштердің бір 
көрінісі; әдетте, ол басы мен мойыны арыстаннан, денесі ешкіден, ал 
құйрығы аждаһадан жаратылған құбыжық бейнесінде суреттеледі. Жаңа 
дәуірден бастап бұл ұғым жаңа мағынасында, яғни қиялы, орындалмас 
арманды білдіретін түсінік ретінде пайдаланылады. 
ХИНАЯНА (санскр. Кіші дөңгелек, кіші арба) — буддизмнің екі бағытының 
бірі (махаянамен бірге). Буддизмнің сыни және реалистік бағытта өрбіген 
ағымы әрі буддалық мектептер мен ағымдардың ішіндегі ең консервативті
көбінде палшілік канон–трипитакаға (буддизмнің діни-философиялық 
мәтіндер жинағы) негізделген бағытты айтады. Олардың ойынша жоғары 
шындық пен жоғары рахат күйі – нирванаға тек қана ат төбеліндегі аз рухани 
элита (таңдаулылар) ғана жетеді деп түсінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет