1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет12/53
Дата09.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462270
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53
лекция

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология.І – бөлім. –Алматы, 2003.
2. Қалиев Б. Жылқыбаева А. Сөз мағыналарының негіздері. –Алматы, 2002.
3. Сабыр М. Орта түркі тілі лексикасы мен қазақ тілі лексикасының
сабақтастығы (ХІҮ ғасыр жазба ескерткіштері негізінде). –Алматы, 2004.
4. Барлыбаев Р. Қазақ тілінде сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы.
–Алматы, 1968.
5. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. –Алматы, 1970.
6. Реформатский А.А. Введение в языкознание. –М., 1967.


Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Сөз және мағына. Сөз мағынасының түрлері. Қазақ тіл білімінде сөз мағынасының зерттелу жайы.
2. Барлыбаев Р. Қазақ тілінде сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы (конспект).
3. БАҚ-ы тілінен, әдеби тілден сөздің мағыналық аясының кеңеюі мен тарылуына байланысты мысалдар теріп жазып келу. Сөз мағынасы дамуындағы өзгерістерді түсіндіру.
4. Сөз мағынасының ауысуы: метафоралық, метонимиялық және синекдохалық тәсіл; қызмет бірлігі бойынша ауысу тәсілі.
5. Сөздің көпмағыналылығы, олардың жасалу жолдары.


Зертханалық жұмыстар


1. Сөз мағынасының кеңеюі.
Бет, шымылдық, парыз, желі, дәулет, құрылыс, күрес, жарыс сөздерінің мағынасының кеңеюін дәлелдеп, мысал жазыңыздар.
Үлгі:
Шымылдық – 1. Төсек тұсын жауып қоятын матадан тігілген қалқан. Мысалы: Шағи шымылдық суылдап әлде кім төсектен түскендей болды да, қыңқылдап жатқан балаларға беттегені көлеңдеді (О.Бөкей).
2. Театр сахнасын жауып қоятын матадан тігілген қалқан.
3. Шымылдығың желбіреп тұр ма? (диал.) – «қайда асығасың?» деген мағынаны білдіреді.
4. Шымылдық байлар (этнографиялық атау) – құда-құдағилардан алынатын кәде.
Мұндағы түпкі (1) мағынаның негізінде жасалған туынды мағына – 2-мағына, 3,4 – мағыналар келтірінді мағына болып табылады.
Айдар - 1 (этнограф). Баланың төбесіне қойылатын бір шоқ ұзын шаш.
2. Құстың төбесіне өсетін жұмсақ қызыл ет. Мысалы: Тауқұдіреттің маңдайында айдары бар (С.Рахимов).
3. Газет-журналдарда бір тақырып төңірегінде ұдайы беріліп тұратын бағдарламалардың аты. Мысалы: «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы» деген айдармен шығарылып отыр (газет мат.).
4. Айдар тақты – а) жіп тағып иеленді;
ә) біреуді біреу дәріптеді.
5. Айдарынан жел есті - а) уайым-қайғысыз шалқып өмір сүрді;
ә) көкірегіне нан пісті, асқақтау.
Мұндағы негізгі мағынаның (1,2) әсерімен туынды мағына (3) және ауыс мағыналар (4,5) жасалған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет