1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет19/53
Дата09.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462270
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53
лекция

Терминдік мағына - ғылым, техника, өнер саласында қолданылатын арнаулы сөздердің лексикалық мағынасы. Терминдік мағына ғылым, техника, өнер саласындағы «таза» ұғымдармен сәйкес келіп, соларды білдірумен шектеледі. Әр терминге тән дара және тұрақты мағына болып табылады. Мысалы: күмбез (терминдік мағына) – «биіктігі жүздеген метрден мыңдаған метрге дейін жететін, көміліп қалған не қазіргі вулкан конусы». Ал лексикалық мағынасы «үлкен құрылыстың әшекейленген шаңырақ тәрізді төбесі, мұнара» Екі мағынаның арасындағы семалық белгілердің ұқсастықтары (сыртқы форма ұқсастығы) негізінде бір лексема екі түрлі ұғымды иемденіп тұр.
Сөздердің стилистикалық қызметінен туатын мағыналарына көркем әдебиеттегі поэтикалық мағына ұштасып жатады. Халықтық тілде бір-бірімен қиыспайтын сөздерден жаңа тіркестер, сөздің үйреншікті мағынасын бейнелеп, поэтикалық көтеріңкі сипатта қолдану көркем әдебиетте жиі кездеседі. Содан барып поэтикалық мағына қалыптасады. Поэтикалық мағына – троп, фигуралардың түрлері сияқты поэтикалық тәсілдерді қолдану арқылы сөздің айрықша көтеріңкі айтылуынан туатын мағынасы: ине шаншар жер болмау, аспанды алақандай, жерді тебіңгідей ету, қабағынан қар жауып, кірпігіне мұз қатып т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қалиев Ғ. Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –Алматы, 2003.
2. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология.І – бөлім. –Алматы, 2003.
3. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. ‐Алматы, 1966.
4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. ‐Алматы, 1999.
5. Қалиев Б. Жылқыбаева А. Сөз мағыналарының негіздері. –Алматы, 2002.
Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Қазақ тіліндегі сөздердің лексикалық мағыналарының түрлері сөздің қандай белгілеріне сай топтастырылады?
2. Сөздің негізгі және туынды мағыналары. Лексикалық талдау.
3. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары. Лексика-семантикалық талдау.
4. Сөздің еркін және фразеологиялық байлаулы мағыналары. Лексика-семантикалық талдау.
5. Синтаксистік шартты мағына, узуалды және окказионалды мағына. Көркем шығарма тілінен алынған мысалдар негізінде лексикалық талдау жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет