1. Бағдарламалар және олардың түрлері


Windows 95/98/2000/ME жүйелері



бет3/5
Дата11.10.2023
өлшемі386.5 Kb.
#480420
түріПрограмма
1   2   3   4   5
Лекция 3 Бағдарламалық жасақтама. ОЖ

Windows 95/98/2000/ME жүйелері

  • Win 95 - алғашқы мультимедиялық жүйе болды (дыбыс картасы, бейнетақшасы бар). Ол сыртқы, ішкі құрылғыларды өзі автоматты түрде анықтады. Бірақ бұл да тұрып қалатын.
  • Win 98 – Интернетпен өте жақсы жұмыс істеді. Батырмалар әдемі болды, мұнда өте көп драйверлер мен утилиттер жасалды.
  • Win 2000 – желілерге және дербес компьютерлерге деп арналып жасалды. Мұның серверлік, клиенттік версиялары болды, мұнда Internet Explorer 5.0 жасалды..
  • Win ME (Millennium Edition) мұнда Internet Explorer 5.5 жасалды. DOS элементтері қолданылмайтын болды. Дискідегі көлемі 300-500 Мб, Win 98-ден 3 есе көлемді. Үй компьютер-лерінде өте жақсы жұмыс істеді..
  • Win ХР (experience) ішкі дауыс ажырататын, командаларды дауыспен беретін мүмкіндік үшін жасалды. Мұнда интерфейс бапталады, яғни толығынан өзгертіле алады.
  • Пуск менюі өзгертілді, тек жиі орындалатын командалар ғана шығады. Қалғандарын Басқа программалар (More programs) деген жол арқылы шығарамыз. Басқару тақтасы басқаша жасалды. Компакт-дискілермен жай диск сыяқты жақсы жұмыс істейді. Қажетті жедел жады көлемі – 128 Мб, 700-800 МГц процессор және диск 1 Гбайттан артық болуы тиіс.

3. ОЖ-дің ортақ ұғымдары

  • 2.1. Дискілердің белгіленуі:
  • олар латын афавитінің алғашқы бас әріптерімен А: , В: , С: , D: және т. с. с. болып белгіленеді. Бұрын екіден иілгіш магниттік дискідегі мәлімет жинақтауыштар болған, олар А: және В: болып, ал қатты дискідегі жинақтауыштар С:, D:, Е: және т. с. с. түрінде белгіленеді. Бұрынғы компьютерлерде мәліметтерді бірінен біріне көшіру үшін екі дискет салатын ұя қолданылған еді, кейін компьютер жедел жадының көлемі үлкейген соң, тек бір ғана ұя қалдырылды. Қазіргі кезде В: дискісі қолданылмайды.

3.2. Файл ұғымы

  • Файл (file - бума, десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес информациялар жиыны.
  • Файл программадан немесе оларға қажетті берілген сандар тобынан, мәтіннен, суреттен тұруы мүмкін. Дискіде аттары әртүрлі көптеген файлдар болады. Файлдың толық атауы екі бөліктен қүралады: аты және типі. Файлдың аты – MS DOS жүйесінде 8 таңбаға дейінгі әріптен басталатын сандар мен латын әріптері жиыны (Windoows-те ол 255-ке дейін ұзартылған және орыс, қазақ әріптері де қолданыста), ал оның 3 таңбадан аспайтын екінші бөлігі типі болып саналады, типті файл атының кеңейтілуі деп те айтады. Windows-те файл типі суреттік белгі-шемен (значок) беріледі.
  • MS DOS: СОММАND.СОМ NORTON.ЕХЕ TANIA5.DOC
  • Windows: Алма.bmp Теxт1. txt Менің құжатым.doc


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет