1. Бактериялардың морофлогиялық негізгі топтары. Анықтамасы. Мысалдар. Сфера пішінді


Иммунопрофилактикалау. Вакциналар. Анатоксиндер. Түрлері. Анықтамалары. ҚР Ұлттық екпе егу күнтізбесі (БЦЖ, ВГВ, НІВ, АКДС, АДС, АД–М, АДС–М, ҚҚП, К, ОПВ)



бет13/38
Дата01.11.2023
өлшемі272.71 Kb.
#482118
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
1. Бактериялардың морофлогиялық негізгі топтары. Анықтамасы. Мыс-emirsaba.org

12. Иммунопрофилактикалау. Вакциналар. Анатоксиндер. Түрлері. Анықтамалары. ҚР Ұлттық екпе егу күнтізбесі (БЦЖ, ВГВ, НІВ, АКДС, АДС, АД–М, АДС–М, ҚҚП, К, ОПВ).

Иммунопрофилактика - профилактикалық егулер арқылы жұқпалы аурулардың алдын алу, таралуын шектеу және жою мақсатында жүргізілетін шаралар жүйесі.

Вакцинация-белгілі бір ауруға иммунитетті қалыптастыруға бағытталған шара.

Ревакцинация-алдыңғы вакцинациялар әзірлеген иммунитетті қолдауға бағытталған іс-шара. Әдетте вакцинациядан бірнеше жыл өткен соң жасалады.
Вакцинадан кейінгі қызылшаға, дифтерияға, сіреспеге, полиомиелитке ,белсенді иммунитет пайда болады және 5-10 жылға деййін сақталады, тұмауға, іш сүзегіне қарсы егілгендерде бірнеше ай бойы сақталады. Алайда, уақтылы қайта егу арқылы ол өмір бойы сақталуы мүмкін.

Иммунопрофилактика түрлері
Иммунопрофилактиканың екі негізгі түрі бар:



  • спецификалық-белгілі бір патогенге қарсы бағытталған. Бұл сол вакцина;


  • бейспецификалық -дененің иммундық жүйесін тұтасымен белсендіру. Бұған дұрыс өмір салты, жұмыс және демалыс режимі, дұрыс тамақтану, дәрумендер мен минералдар кіреді.


Арнайы иммунопрофилактика:


  • активті (вакцинаны енгізуге жауап ретінде ағзаның өзі қорғаныс антиденелерін шығару);


  • пассивті (денеге дайын антиденелерді енгізу).



Вакцина бұл микроорганизмдерден алынып, инфекциялық аурулардан сақтандыру үшін және де иммунитетті көтеру үшін қолданылатын препараттар.

Тірі вакциналар микроорганизмдердің ауру тудыру қаситін жою, әлсірету және иммунитет қалыптастыру үшін пайдаланылады. Бұл вакциналар туляремия, оба, құтыру, шешек, туберкулез және т.б. аурулардың алдын алуға қолданылады.

Өлтірілеген вакциналар – микробтарды физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру нәтижесінде алынатын вакцина. Бұл вакциналардаң қорғаныштық қасиеті тірі вакциналарға қарағанда төмен, сондықтан осы вакциналар бірнеше рет пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет