1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



бет1/8
Дата01.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#170489
  1   2   3   4   5   6   7   8
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "веб-сайттарда", "веб-сайттың", "веб-сайты", "веб-сайтында", "веб-сайтта", "веб-сайт", "Веб-сайтта", "веб-сайтынан", "веб-сайтын" деген сөздер тиісінше "интернет-ресурстарда", "интернет-ресурстың", "интернет-ресурсы", "интернет-ресурсында", "интернет-ресурста", "интернет-ресурс", "Интернет-ресурста", "интернет-ресурсынан", "интернет-ресурсын" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.07.10 № 178-IV Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ашық тауар биржалары" деген сөздер "тауар биржалары" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.05.04 № 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз, 2009.05.08 жарияланды) Заңымен.

      Осы Заң мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің арасында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті олардың жүзеге асыруы процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.


1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:


      1) аукцион адымы – аукцион нысанасының бағасы төмендетілетін ақшалай аралық;
      2) аукциондық комиссия – осы Заңда көзделген аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
      3) аукциондық құжаттама – аукционға қатысуға өтінімді дайындау үшін әлеуетті өнім берушіге берілетін құжаттама, онда аукционға қатысуға өтінімге қойылатын талаптар, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізудің шарттары мен тәртібі қамтылады;
      4) әлеуетті өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн;
      5) әлеуетті өнім берушінiң үлестес тұлғасы – аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
      6) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;
      7) дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары – дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі болатын заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік әрбір келесі үлестес тұлғаға өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызының тиесілі болатынын білдіреді;
      8) демпингтiк баға – конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған бағасы, ол мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында ұқсас жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрiнеу төмен баға болып табылады;
      9) жергілікті қамту – мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға жұмысқа тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегiне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудiң жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндiру критерийлерiне сәйкес тауарда (тауарларда) белгiленген қазақстандық шығарылым үлесi (үлестерi) құнының мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы;
      10) жұмыстар – шикiзат кен орындарының құрылысымен, жайластырылумен байланысты, заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге қызмет;
      11) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi отандық берушілер – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар және (немесе) жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергiлiктi еңбек ресурстарының кемiнде тоқсан бес пайызын пайдаланатын, Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын заңды тұлғалар;
      12) конкурстық комиссия – осы Заңда көзделген конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу рәсiмдерiн орындау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
      13) конкурстық құжаттама – конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткізудiң шарттары мен тәртiбi қамтылатын, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмді әзiрлеу үшiн әлеуетті өнім берушіге табыс етiлетiн құжаттама;
      14) көрсетілетін қызметтер – тапсырыс берушінің қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған заттық нәтижесi жоқ қызмет;
      15) Қазақстан Республикасының резиденттерi – шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттiң заңнамасына сәйкес берiлген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегiнен тыс жерлерде мемлекеттiк қызметте жүрген азаматтары;
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдiктер және азаматтығы жоқ тұлғалар;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi;
      Қазақстан Республикасының өз шегiнен тыс жерлердегi дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкiлдiктерi;
      16) қаулы – бақылау нәтижелерiн растайтын және ол жолданған мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi шешiмдері бар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалған сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау органы қабылдаған акт;
      17) мемлекеттiк кәсiпорындардың үлестес тұлғалары – еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар;
      18) мемлекеттiк сатып алу – жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша не кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтемдi қызмет көрсету шарттары бойынша, мемлекеттiк тапсырманы орындау шеңберінде сатып алынатын қызметтердi, сондай-ақ жарналар (салымдар) енгiзудi, оның iшiнде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгiзудi қоспағанда, осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тапсырыс берушінiң жұмыс iстеуiн, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не жарғылық қызметiн орындауын қамтамасыз ету үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi тапсырыс берушілердiң ақылы негiзде сатып алуы;
      19) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы – электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
      20) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мемлекеттiк сатып алу жүйесiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      21) мемлекеттiк сатып алу жүйесi – мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiнiң және олардың мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыру процесінде бiртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы;
      22) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi – мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      23) мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызмет – мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды орындау, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу саласында мамандар даярлау және (немесе) олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтер көрсету, мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiне консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету;
      24) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында тапсырыс берушінiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларын не жарғылық қызметін атқару үшiн тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
      25) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға не өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететiн құрылымдық бөлiмше;
      26) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмi – әлеуетті өнім берушімен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, тиiстi комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті iс-шаралар кешенi;
      27) отандық кәсiпкерлер – Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушілер;
      28) отандық тауар өндiрушiлер – Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және:
      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндiрiлген тауарлар;
      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жеткiлiктi қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткiлiктi қайта өңделген тауарлар өндiретiн әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрi – отандық тауар өндiрушiлер) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      29) өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның келiсiмшарт жасаушы агентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда өнiм берушi болуы мүмкiн;
      30) сараптама комиссиясы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу үшін және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiгiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшiн тартылатын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
      31) сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу үшін және (немесе) әлеуетті өнім беруші ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiгiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшiн тартылатын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы айқындаған жеке тұлға;
      32) тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын және оларға қатысты өзі құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;
      33) тауарлар – нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар;
      34) ұсыну – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшiн бақылау объектiлерiне жiберiлетiн уәкiлеттi органның, мемлекеттiк қаржылық бақылау органының орындауға мiндеттi актiсi;
      35) шартты баға – конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердiң салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға;
      36) электрондық аукцион (бұдан әрі – аукцион) – тапсырыс беруші сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер аукциондық құжаттамаға сәйкес келетін және оларға баға төмендетілген кезде айқындалған ең төмен бағаны ұсынған әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келетін кездегі электрондық мемлекеттік сатып алу тәсілі;
      37) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      38) электрондық мемлекеттiк сатып алу – ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу;
      39) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік


             сатып алу туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.


      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

      3-бап. Мемлекеттік сатып алуды құқықтық


              реттеу принциптері

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы:


      1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
      2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік беру;
      3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
      4) мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;
      5) отандық кәсіпкерлерді қолдау принциптеріне негізделеді.
      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      4-бап. Осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен


              мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды
              регламенттейтін нормаларын қолданбай жүзеге
              асырылатын мемлекеттік сатып алу

      1. Осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормалары қолданылмай мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:


      1) егер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер, алымдар және төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      3) жедел-іздестіру қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыруға уәкілетті органдардың оларды жүзеге асыру үшін:
      жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келісім берген адамдар көрсететін қызметтерді;
      қызметтік үй-жайларды, көліктік және өзге де техникалық құралдарды, мүлікті;
      жасырын ұйымдар құру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
      қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы білімі бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететін қызметтерді сатып алу;
      4) табиғат пайдалану құқығын сатып алу;
      5) стратегиялық маңызы бар өнеркәсіптер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тауарлар тізбесі бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу;
      6) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша тауарларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алуы;
      7) өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      8) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ аталған іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу;
      9) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;
      9-1) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастырылған ақпаратты беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      10) қызметкерлерді шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      11) рейтингтiк агенттiктер көрсететiн қызметтердi, егер жеке тұлға кредиттік (банктік) ұйымды өзі анықтаса, алушылардың (жеке тұлғалардың) шоттарына жалақыны есептегені үшін қызметтер көрсету бөлігінде, сондай-ақ жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражаты бойынша операциялар бөлігінде қаржылық қызмет көрсетулерді сатып алу;
      12) зағип және көзі нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кiтапханалардың қызмет көрсетулерін сатып алу;
      13) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін сатып алу;
      14) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы бағалы қағаздарды, үлестерді сатып алу;
      15) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша сатып алу;
      16) мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының омырауға тағатын белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық) және жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнім берушілерден Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша арнайы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімдерін сатып алу;
      17) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      18) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      19) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусiз негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретін грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi иелікке алудың өзге рәсiмдерi көзделген жағдайларда, осы гранттарды бiрлесіп қаржыландыруға бөлiнген ақшаны пайдаланумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;
      20) жеке тұлғалар үшін мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтердi сатып алу (егер жеке тұлға білім беру ұйымын өзі таңдаған жағдайда);
      21) алып тасталды - ҚР 2012.06.28 № 22-V (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      21-1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру жөніндегі қызметтерді сатып алу;
      21-2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшiн медициналық техниканы сатып алу;
      22) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу, сондай-ақ оларды тасымалдау әрі олармен бірге жүру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      23) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      24) тарих және мәдениет ескерткіштері ретінде мемлекет қорғауына алған және мемлекеттік мұражай, кітапхана, мұрағат қорларын, кино-, фотосурет қорын және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы бар мәдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның ішінде мұражай заттары мен мұражай коллекцияларын, сондай-ақ көшірмелерін қоса алғанда, сирек кездесетін және құнды басылымдарды, қолжазбаларды, мұрағат құжаттарын сатып алу;
      25) сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты ерекше құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      26) табиғи монополия субъектілерінен реттелетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      27) мемлекеттік монополия субъектісінен мемлекеттік монополияға жатқызылған қызмет бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      28) еңсерілмейтін күштің туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және (немесе) жою үшiн, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiржол, әуе, автомобиль, теңiз көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы аварияларды жою үшiн және жедел медициналық араласу қажеттілігі үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердiң және материалдардың тасымал жолында тез арада қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;
      29) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің, сондай-ақ олардың атынан жұмыс істейтін тапсырыс берушілердің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында өз қызметін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
      30) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөніндегі қызметтерін сатып алу;
      31) мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, тиісті өкілеттіктері, қызмет түрлері, міндеттері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген акционерлік қоғамдардан және шаруашылық серіктестіктерден сатып алуы;
      31-1) мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өзі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес осындай мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты олардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген қызмет түрлері бойынша басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан сатып алуы;
      31-2) монетарлық қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      32) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
      33) Қазақстан Республикасы Президентін, өзге де күзетілетін тұлғаларды және күзетілетін тұлғалардың келуіне арналған объектілерді күзетуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне бейне мұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу;
      33-1) Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге де күзетілетін тұлғалардың қызметін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентіне және өзге де күзетілетін тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік резиденцияларды, автокөлік құралдарын және әуе кемелерін ұстау, оларға қызмет көрсету және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге де күзетілетін тұлғалардың қатысуымен іс-шаралар өткізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      34) халықаралық төрелікте немесе халықаралық коммерциялық төрелікте және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;
      35) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      36) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      36-1) шетелдік депозитарийлердің және өзге де қаржы ұйымдарының көрсетілетін қызметтерін сатып алуды қоса алғанда, депозитарлық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      37) акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің мүшелеріне, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің бақылау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу;
      38) мамандандырылған ұйымының (агенттің) отандық өнім өндірушілерден азық-түлік тауарларын, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу. Мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
      39) статистикалық бақылаулар деректерін өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      40) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;
      Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;
      Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;
      мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүліктерді (активтерді) сатып алу;
      41) адвокаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететін қызметтерін сатып алу;
      42) қылмыстық-атқару жүйесі органдарының түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алуы. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелерi мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;
      43) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерден және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған уәкілетті ұйымнан сатып алу;
      44) алынып тасталды - ҚР 2009.12.29 № 233-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      45) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      46) электр энергиясын сатып алу;
      47) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      48) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың табиғи газды, уранды және оның қосылыстарын сатып алуы;
      49) нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу;
      50) жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдардан жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      51) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және азаматтық авиациясы субъектілерінің авиаотынды тікелей отандық мұнай өңдеуші кәсіпорындардан сатып алуы;
      52) отандық тауар өндірушілердің — мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін өнімдерді өндіру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
      53) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және мемлекеттік сатып алу бойынша өнім беруші ретінде айқындалған, олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар шеңберінде белгіленген өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
      54) ғарышкерлерді даярлау және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      55) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және ұзақ мерзімдік бес жылдық шарт бойынша олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың, егер соңғы үш жыл ішінде мұндай тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының шегінен тыс жүргізілген болса, тапсырыс берушінің техникалық шарттары бойынша Қазақстан Республикасында тәжірибелік өнеркәсіп үлгісінде өндіруді және тауарларды сериялық өндіруді ұйымдастыруды көздейтін отандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алуы;
      56) отандық тауар өндірушілерден мемлекеттік материалдық резервке жанар-жағар май материалдарын сатып алу;
      57) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу қызметін көрсетуді сатып алу;
      58) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігіне қауіп төндіретін ахуал туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен бөлінген ақша есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      59) мемлекеттік бюджет есебінен гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражатынан жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулерді жүргізу жөніндегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      60) егер мұндай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      61) зообаққа, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, мұражайға, көрмеге және спорттық іс-шараға баруға тапсырыс орналастыру;
      62) тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасын әзірлеуді авторлық қадағалау, күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, олардың реконструкциясы мен күрделі жөндеуін авторлық қадағалау жөніндегі қызмет көрсетулерін сатып алу;
      63) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұра объектісін (тарих және мәдениет ескерткішін) сақтау жөніндегі жұмыстардың жүргізілуіне техникалық және авторлық қадағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      64) театрдың сахналық көрсетілімдерді және көпшілік алдында өнер туындыларын орындауды жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы Заңның 3-бабының 1) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу принциптері сақтала отырып, жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың 1-тармағының 5), 6), 9-1), 13), 21-1), 21-2), 33-1), 37), 38) 48), 53), 55) және 64) тармақшаларының ережелері мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 182-IV, 2009.07.16 № 186-IV, 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2009.12.29 № 233-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.07.15 № 334-IV, 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.02.18 № 408-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.24 № 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 543-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.06.28 № 22-V (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 125-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      5-бап. Мемлекеттік сатып алу процесі



      1. Мемлекеттік сатып алу процесі:
      1) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      2) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуді және бекітуді;
      3) өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      4) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтиды.
      Осы тармақтың ережелері осы Заңның 41-1-бабында жүзеге асырылуы көзделген мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
      2. Алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      3. Тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
      Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (бизнес жоспар, кірістер мен шығыстар сметасы) бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және онда мынадай мәліметтер:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2012.12.26 № 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің
номенклатурасы;
      2) осы Заңның 4-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімі;
      3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің жоспарланған мерзімі мен орны;
      4) осы Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сома шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері қамтылуға тиіс.
      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында бекітеді. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 154-бабының 2-тармағы орындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді.
      4. Тапсырыс беруші мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай табыс етілетін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, жылдық жоспарды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.
      5. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
      Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай табыс етілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.
      6. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына енгiзуге жатпайды.
      7. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспары негізінде қабылдайды.
      Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тиісті бюджет бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде көзделген жағдайларда ғана қабылдауға құқылы.
      8. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3)28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.
      9. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер берушіні таңдау, сондай-ақ олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу осы Заңдa айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
      Тапсырыс берушінiң үздіксіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында пайдаланылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемінен аспайтын көлемде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша күнделiктi немесе апта сайынғы тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға құқылы.
      10. Тапсырыс беруші мынадай жағдайларда:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті нақтылау (түзету) кезінде болған, мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (бизнес-жоспарына, кірістер мен шығыстар сметасына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
      Тапсырыс беруші не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші осындай шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
      1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етуге;
      2) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімдерді қамтамасыз етуді және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын
қамтамасыз етуді қайтаруға міндетті.
      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 № 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      6-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты


              шектеулер

      1. Әлеуетті өнім беруші, егер:


      1) осы әлеуетті өнім берушінің басшылары және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
      2) әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның қызметкері тапсырыс берушіге не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өткізілетін мемлекеттік сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса;
      3) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi басшысының мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынастары бар болса;
      3-1) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген жеке тұлға болса;
      3-2) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы болса;
      4) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
      5) баланстық құны тиісті негізгі құрал-жабдықтар құнының он процентінен асатын әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) мүлкіне тыйым салынса;
      5-1) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган оларды тиісті борышкерлер тізіліміне енгізсе;
      6) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім беруші мемлекеттің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса;
      7) әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілсе, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.
      2. Әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушінің аффилиирленген тұлғасының бір конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
      3. Мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мүддесіне орай жүзеге асырылатын болса, оның осындай сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға құқығы жоқ.
      4. Осы баптың талаптарының бұзылуына жол берген әлеуетті өнім беруші не өнім беруші осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуге тиіс.
      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-бап. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау


              тәртібі

      1. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындау үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ тапсырыс берушінің алда болатын мемлекеттік сатып алуда мүддесін білдіретін оның лауазымды адамын айқындайды.


      2. Тапсырыс берушінің өзі тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты өз құрылымдық бөлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бола алады.
      Тапсырыс беруші өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемені не оның аффилиирленген тұлғасын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы етіп айқындауға құқылы.
      3. Осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай талаптарға:
      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшесі болуға;
      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қызметінің бейіні тапсырыс беруші үшін сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ерекшелігіне сай болуға тиіс.
      4. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, оған қатысты өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен үлестес тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде болуға құқылы.
      Мемлекеттік кәсіпорын өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде болуға құқылы.
      Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болуға құқылы.
      5. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
      3) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде болуға құқылы;
      4) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекемелер немесе онымен үлестес тұлғалар үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы.
      Осы тармақтың ережелері аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын электрондық мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
      6. Осы баптың 5-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны (бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны) айқындауға осы баптың 3-тармағында белгіленген талаптар сақталған жағдайда жол беріледі.
      7. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушімен, әлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынастарында өзінің атынан өкілдік ететін лауазымды адамды айқындауға міндетті. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері қатарынан айқындалуға тиіс.
      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      8-бап. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік


              талаптары

      1. Әлеуетті өнім берушіге жалпы және арнайы біліктілік талаптары қойылады.


      2. Әлеуетті өнім беруші мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай келуі:
      1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;
      2) төлем қабілеттілігінің болуы, үш айдан асатын мерзімге салық берешегінің болмауы;
      3) банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатқызылмауы тиіс.
      Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары өздеріне қатысты оңалту рәсімі өткізіліп жатқан әлеуетті өнім берушілерге, сондай-ақ жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану міндетті болатын, мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.
      3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушісі, осы баптың 2-тармағында белгіленген жалпы біліктілік талаптарынан басқа, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
      4. Әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде көзделген тиісті құжаттарды табыс етеді.
      5. Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын нақ сондай құжаттарды не Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды табыс етеді.
      6. Әлеуетті өнім беруші жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін мынадай құжаттардың бірін:
      1) әлеуетті өнім берушіге халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингі берілгендігін растайтын құжатты; 
      2) әлеуетті өнім берушінің биржаның ресми листингіне енгізілгендігі туралы қор биржасының үзінді көшірмесін беру арқылы растауға құқылы.
      3) алып тасталды - ҚР 2009.02.20 № 138-IV Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
      Лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушiнiң құқықтық қабiлетi Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы расталады.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуеттi өнiм берушi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес берiлген тиiстi лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесiн береді.
      7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптары әлеуетті өнім беруші жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігер не қызмет көрсетулер бойынша бірлескен орындаушы ретінде тартуды көздейтін жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.
      Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлескен орындаушыларын) тартуды көздейтін әлеуетті өнім беруші жұмыстарға не көрсетілетін қызметтерге тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынуға тиіс.
      Қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде белгіленеді.
      8. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу өткізілетін соманың жүз процентке тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдік түрінде шартты орындауын қамтамасыз етуге ұсыну арқылы төлем қабілеті туралы жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін мынадай жағдайларда:
      1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурсқа қатысуға өтініммен бірге не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аукционға қатысуға өтініммен бірге растауға құқылы. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толығымен орындау үшін конкурстық не аукциондық құжаттамада белгіленген мерзімге әлеуетті өнім беруші ұсынады;
      2)  бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толығымен орындау үшін жеткілікті мерзімге оның біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау кезеңінде растауға құқылы.
      9. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында, 3031-баптарында32-бабының 4) тармақшасында және 36-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.
      10. Осы Заңның 41 және 42-баптарында көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың ерекше және арнайы тәртіптерді қолдану арқылы мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуын қоспағанда, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.07.05 № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.20 № 138-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      9-бап. Әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына


              сәйкес келмейді деп танудың негіздері

      1. Әлеуетті өнім беруші мынадай негіздердің бірі бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танылуға тиіс:


      1) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушысының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін құжат (құжаттар) табыс етпеуі не тиісінше ресімделмеген құжат (құжаттар) табыс етуі;
      2) әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына өзінің сәйкестігін, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушысының) сәйкестігін растау үшін табыс етілген құжаттарында қамтылған ақпараттың негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактісінің анықталуы;
      3) біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісінің анықталуы.
      2. Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерін (бірлескен орындаушысын) осы баптың 1-тармағында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.

      10-бап. Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары


              бойынша дұрыс емес аппарат беруінің салдары

      1. Біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі.


      2. Әлеуетті өнім беруші табыс ететін біліктілік талаптары бойынша ақпараттың дұрыстығын тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, уәкілетті орган не мемлекеттік қаржылық бақылау
органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген кезеңінде анықтауы мүмкін.
      3. Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісін анықтаған тұлғалар:
      1) осындай факті анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарламаға осы фактілерді растайтын құжаттардың көшірмесін қоса беріп, тапсырыс берушіні және уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етуге;
      2) осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат ұсынған әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арыз беруге міндетті.
      Осы тармақтың 2) тармақшасының талабы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына, олар мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушілері (ұйымдастырушылары) ретінде болатын жағдайларды қоспағанда, қолданылмайды.
      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 № 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын


               тізілімдер

      1. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында мынадай:


      1) тапсырыс берушілердің;
      2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың;
      3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың бірыңғай республикалық тізілімдерін (бұдан әрі – тізілімдер) қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
      2. Тапсырыс берушілердің тізілімі өздерінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметті орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті заңды тұлғалардың тізбесін білдіреді.
      3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылында жасасқан, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткіштері туралы, тараптардың шарттық міндеттемелерді орындау нәтижелері туралы мәліметтер бар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізбесін білдіреді.
      Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер бар мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жеке тізіліміне енгізіледі, оны жүргізудің тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды. Мұндай мәліметтерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) және 23) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге жатпайды.
      4. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі:
      1) біліктілік талаптары бойынша дәйексіз ақпарат табыс еткен әлеуетті өнім берушілердің;
      2) осы Заңның 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген әлеуетті өнім берушілердің;
      3) жеңімпаздар деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілердің;
      4) мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасасқан шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.
      Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген соттар шешімдерінің негізінде қалыптастырылады.
      Осы тармақта көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай бойы мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді. Осы Заңның 38-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушімен жасалуы мүмкін.
      Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде қамтылған мәліметтер осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап, бір жұмыс күнінен кешіктірілмей аталған тізілімнен шығарып тасталады.
      Әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімге олардың сот тәртібімен шағымдануына болады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті.
      5. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшін мүдделі тұлғаларға қолжетімді болуға тиіс.
      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      12-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері

      1. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
      1) конкурс тәсілімен. Конкурс екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілуі мүмкін;
      2) баға ұсыныстарын сұрату;
      3) бір көзден алу;
      4) аукциондарда;
      5) тауар биржалары арқылы.
      2. Тапсырыс беруші уәкілетті органмен келіспей-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін осы Заңға сәйкес таңдайды.
      3. Өзінің филиалының (өкілдігінің) қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемін негізге ала отырып, тапсырыс берушінің атынан осындай мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушінің филиалы (өкілдігі) тікелей жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілін тапсырыс беруші айқындауға құқылы.
      4. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәсілмен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілуі мүмкін.
      5. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәсілмен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізіледі.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      6-тармақ 2012.07.01 дейін қолданылады (Осы Заңның 47-1-б. қараңыз).
      6. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген тәсілдермен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілуі мүмкін.
      7. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген тәсілдермен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізіледі.
      Көрсетілген талап осы Заңның 41 және 42-баптарына сәйкес конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.13 № 543-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет