1. Бұқар. «Ей, Абылай», «Жар басына қонбаңыз»


І.Жансүгіров. Лирикалық өлеңдері, «Күй», Құлагер» поэмалары



бет11/21
Дата10.03.2024
өлшемі54.42 Kb.
#494898
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Шығармалар

15. І.Жансүгіров. Лирикалық өлеңдері, «Күй», Құлагер» поэмалары
Лирикалық өлеңдері -табиғат лирикасына орай жазылған қай өлеңін алып қарасаңыз да, ондағы стил өрнегі, қаламгерлік дара тұлғасы айқындалып тұрады. Қазақ үйдің тұрмысы өлеңі
Күй поэма:Бұл поэмада еркіндік пен құлдық , махаббат пен зұлымдық , өлім мен өмір , пәни тіршілік пен мәңгілік өнер арасындағы күрес тақырыбы суреттеледі. Поэма салған жерден буырқанған теңіз толқынындай өз құшағына тартып ала жөнеледі. Өлең нөсері сорғалап тұр. Туындыда Арқа төсінен бастап , Алатауға беттеген Кене ханның ордасы көрініс табады. Қазақтың арыстаны атанған Абылайдың ұрпағын сыйлаған қалың жұрт келуін улап - шулап қарсы алып , той қылып , ерулікке бие сойып , ат сыйлап жатқан көріністер шынайы бейнеленеді. Сонымен қатар ханның ордасына Сарыүйсін руынан шыққан «күйші жігіттің» тоқсан тоғыз зарлы , ащы , тәтті күйлерімен бай мен бек , би мен датқа , хан ордасына қуаныш пен шаттық , рақат пен ләззат силап отырғаны , осындай естіген жанды тылсымдай баурайтын киелі өнер иесі Күйшіге хан Кененің қарындасы Қарашаштың көзі түсуі , Қарашаш пен күйші арасындағы терең психологиялық тартысы , адам сезімдерінің алапат шарпысуы сипатталады.
Құлагер: Жансүгіровтің өнер тақырыбына жазылған көрнекті поэмасының бірі – «Құлагер» қазақ халқының әйгілі өнерпазы, ардагер ұлы Ақан серінің өміріне арнады. Поэма сюжетін құрайтын оқиғалар асты бейнелеген тарауларда ат жарысын, Құлагердің мерт болуын, сонымен байланысты Ақанның қайғы-шерге көмілуін суреттеген тарауларда баяндалған. Өзге поэмаларға қарағанда, бұл поэманың сюжеттік-композициялық бітімінде өзгешелікте бар екені рас. Мәселен, оқиғаны басынан бастамай, аяғынан алып қарасақ та жеткілікті. «Туған жер» атты басқы тарауда ақын Көкшетауда жападан-жалғыз қайыңды көлеңкелеп отырған қара шалды, оның үстінде ілулі тұрған аттың қу басын әңгімелейді. Міне, осы әңгіме-жұмбақтың сырын айтпақ боп ақын шегініс жасайды. Бүкіл оқиғаны сол шегініс арқылы береді де, «Аттың азалы әні» деген соңғы тарауда баяғы алдыңғы тараудағы қара шал мен аттың қу басына қайта оралады. Ол ең алдымен оқырман қауымды Ақан серімен біраз таныстырып өтеді. Бұл ретте ақын Ақан серіге кең көлемде мінездеме беріп кетеді. Сол мінездеме арқылы Ақан серінің ұнамды тұлғасы анықтала бастайды.  Ақан билік айтқан ел жуаны би емес, «ауыл торып, ел шулатқан ұры» емес, «мешіт салып, зекет алып, дүниенің нәжісін бойға жаққан молда» емес, тіпті, байдың жалшысы да емес, өз малын баққан қарапайым шаруа да емес.  “Жүйрік ат, сонар саят, қыз-қырқынмен, Өмірді өткізген жан өз қырқынмен. Өмірдің ащы емес, тұщысын да Қызықтап жігіт ойын, қыз күлкіңмен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет