26. О.Бөкеев. «Қасқыр ұлыған түн», «Атау кере» «Қасқыр ұлыған түнде»Автор шығармасында реалистікте, романтикалықта, сипат көптеп кездеседі. Жазушы өзінің көптеген туындыларында өмір шындығын, обьективті жақтарын саралай отырып, өзі қалаған рухани-адамгершілік идеалды шығармаларына арқау етеді.
Арнайы тапсырмамен қызметтік сапарға аттанған жас журналист жігіт (автор) жолда Арай есімді қызбен танысады. Екеуінің ортақ әңгімелері туындап, жақсы таныс болып алады. Қыз жолдан, қараңғы түнде иесіз даладан түсетіндіктен жігіт шығарып салайын деп қолқалайды. Дегенмен қыз қарсы болады. Екеуі межелі сәт туғанда қоштасып өз жолдарымен кетеді. Әйтсе де, келесі күні жылы шырайлы арумен жолығуды ойлап, жігіт қыз ауылына келеді. Сол түні қыздың қаза тапқанын және қасқыр талап кеткендігін естиді. Жігіт үшін әлемде адалдықтың нышаның бір-ақ сәтте қасқыр секілді жауыздар тырмалап тастайтындай көрінеді. Жігіт алғаш рет мақаласыз қалаға оралады.
«Атау кере» хикаятының ең негізгі көтерген тақырыбы – адамның адамгершілік болмысы, қаймағы бұзылмаған табиғат аясында барлық бәле-сұмдықтан алыс, өз қиялымен өзі қолымен жасап алған «жұмбақ» әлемінде күн кешкен адамдардың іс- әрекеті суреттелген.кейіпкерлер: Ерік, Айна, Таған және Еріктің анасы Нүрке.
27. Т.Әбдік. «Оң қол» «Оң қол» - Төлен Әбдіктің жиырма бес жасында жазған алғашқы әңгімелерінің бірі. Әңгіме психиатриялық ауруханаға түскен 17 жастағы Алма туралы. Сұлу бойжеткеннің сырқаты - жан түршігерліктей қорқынышты. Қыз қалың ұйқы құшағына кеткен шақта, оң қолы өзін қылқындырып өлтіруге әрекет жасайды. Дәрігерлер аурудан арылудың сан түрлі амалын жасағанмен, Алманың оң қолына бөгет бола алмайды. Ақырында Алманы емдеуші дәрігер қолын алып тастау керек деген шешімге келеді. Соңында өледі.
28. А.Алтай. «Алтайдың алқызыл модағайы»
29. Р.Мұқанова. «Мәңгілік бала бейне», «Менің үкім» Мәңгілік бала бейне — жазушы Роза Мұқанова шығармасы. Көркем әдебиет стиліндегі әңгіме.
Шығарма меңіреу қалған мүгедек 16-17 жастағы Ләйләнің өміріндегі қиындықтары жайлы баяндайды. Ләйләнің мешелдігіне сол бір саңырауқұлақ іспеттес жарылыс кінәлі болған. Семей полигоны кезінде мүгедек болып өмірге келген. Қыз бұл оқиғадан соң түрі 8 жас шамасындағы бүлдіршін күйінде қалып, өспей қалған. Ата-анасынан айырылған байғұс Ләйлә әпкесі жүрексіз Қатираның қолында өседі. Қатира оны кемсітумен болады. Ләйлә әр түн сайын аймен сырласады. Бір тойда өзінің бала кездегі досы Құмарды, би алаңындағы өзін елестетеді. Бұдан соң бірде төсек тартып қалады. Оқиға соңында Ай да, Ләйлә да бір-бірін қимай мәңгілікке қоштасады. Әңгіме Ләйләнің өлімімен, Қатираның жалғызының жүзеге аспаған тойымен аяқталады. Идеясы: Шығарма бір ғана Ләйләнің өмірін мысалға ала отырып, Семей полигонының елге тигізген зардабын, өмір қиындықтарын, барға қанағат ету керектігін көрсетеді. Сол кездегі халық өмірі де баяндалған.