1. Басқару құрылымы бұл өзара тұрақты қарым-қатынаста болатын және қызмет етумен қамтамасыз ететін өзара байланысқан элементтердің жиынтығы



бет5/14
Дата01.07.2016
өлшемі0.92 Mb.
#169874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Мемлекеттік құрылым нысаны мемлекеттің ішкі құрылымын, оның құрамдас бөліктерге әкімшілік-аумақтық бірліктерге, автономдық саяси құрылымдарға немесе егеменді мемлекеттерге бөлінуін білдіреді. Ол сонымен қатар жалпы мемлекет пен оның жеке бөліктерінің арақатынасын сипаттайды. Мемлекеттік құрылым нысандары бойынша мемлекеттер унитарлы (біртұтас) және федеративтік болып бөлінеді. Унитарлы мемлекет - біртүтас мемлекеттік құрылым. Мемлекет бұл жағдайда мемлекеттік биліктің тік бірыңғай жүйесі арқылы басқарылатын әкімшілік-аумақтық бөліністерге ғана бөлінеді. Оларда автономдық құрылымдар құрылуы және дамыған жергілікті өзін-өзі басқару болуы да мүмкін. Мұндай мемлекетке бүкіл елге ортақ мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары органдарының, бірыңғай сот жүйесі мен конституцияның болуы тән. ¥лыбритания, Франция, Италия, Венгрия, Монголия және тағы басқа мемлекеттер унитарлық мемлекеттердің қатарына жатады.

Федерация мемлекеттік құрылымның күрделі нысанын құрайды. Федеративті мемлекет — басқа мемлекеттерден немесе мемлекеттік құрылымдардан - федерация мүшелерінен (штаттардан, кантондардан, одақтас немесе автономдық республикалардан) тұрады. Мемлекеттік құрылымдардың әркайсысының әкімшілік-аумақтық бөлімдері болады. Барлық федерацияға ортақ мемлекеттік билік пен басқарудың жоғарғы органдарының болуы және қызмет етуімен қатар олардың аумағында өздеріне тиесілі мемлекеттік басқарудың жоғарғы және жергілікті органдары әрекет етеді. Осыған сәйкес конституциясы, басқа федералдық заңдары, сот, прокуратура және өзге де органдары болады. Жоғарыда айтылған анықтамаларға сәйкес Қазақстан біртұтас, ал Ресей федеративті мемлекет болып табылады.

Мемлекеттік құрылымның басқа нысандарымен салыстырғанда конфедерация сирек кездессе де, маңыздылардың бірі болып табылады. Ол толығымен өз дербестігін сақтайтын, жеке билік, басқару және әділ сот органдары бар мемлекеттердің бірлестігін немесе одағын білдіреді. Бірлескен іс-әрекеттерін үйлестіру үшін конфедерация мүшелері біріккен органдар құрады. Бұл органдар міндетті түрде белгілі бір сфераларда қызмет атқарады және нақты саяси, экономикалық, әскери мақсаттарды көздейді. Конфедерация көбіне мемлекеттердің федерация құру жолындағы аралық буын ретінде қарастырылады. Мысалы, Швейцария - 1818-1848 жж. конфедерация болды, кейін ол конфедерация атауымен федерацияға айналды. Конфедерация белгілері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында да кездеседі.

Мемлекеттерді қолданыстағы саяси режимі - мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен тәсілдерінің, құралдарының мазмұны бойынша ажырата білудің маңызы зор. Саяси режим мемлекеттік биліктің бүкіл бітім болмысын қамтып көрсетеді.

Мемлекеттік режим билік басындағы топтардың, таптардың, жіктердің мемлекеттік билікті жүзеге асыру барысында қолданатын әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын білдіреді. Ол қоршаған экономикалық және әлеуметтік - саяси ортада болатын маңызды процестер мен өзгерістерге жылдам икемделетін мемлекет нысанының құрамдас бөлігі болып табылады. Мемлекеттік режим мемлекет нысанына айтарлықгай жеке сипат береді. Ол саяси режимнің маңызды құрамдас бөлігі ретінде тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар қоғамның саяси жүйесінің барлық басқа элементтерін қамтиды.

Кез келген елдегі режимнің сипатына әр түрлі факторлар әсер етеді. Олардың ішінде маңызды болып табылатындар: мемлекеттік билік, басқару, әділ сот органдарын қалыптастыру тәсілдері мен тәртібі, әр түрлі мемлекеттік органдар арасында құзіреттерді бөлу тәртібі және олардың өзара қарым-қатынас орнату сипаты; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының накты дәрежесі, қоғам өміріндегі және мемлекеттік істерді шешудегі құқыктың рөлі; армияның, полицияның, барлаудың және осыларға ұқсас басқа да құрылымдардың орны және рөлі; азаматтардың және олардың бірлестіктерінің мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік және қоғамдық - саяси өмірге нақты қатысу дәрежесі; қоғамда пайда болатын әлеуметтік және саяси жанжалдарды шешудің негізгі тәсілдері.

Билік басындағы жіктердің немесе таптардың, атап айтқанда буржуазияның «барлық елдерде басқарудың екі жүйесін, өз мүддесі үшін күресудің және өз үстемдігін қорғаудың екі әдісін өзгеріссіз туындататындығы туралы тезистің әділдігін саяси режим толықтай растап отыр, сонымен бірге осы екі әдіс бірін-бірі ауыстыра, кейде әр түрлі үйлесімде ұштасып кетеді. Бұл біріншіден, зорлық көрсету әдісі, жұмысшы қозғалысына жол беруден бас тарту әдісі, барлық елдерді және ескі мекемелерді қолдау әдісі, реформаларды мойындамау әдісі. Екінші әдіс - либерализм әдісі, саяси құқықтарды дамытуға, реформаларға қадам басу және т.с.с.» Әр түрлі елдерде мемлекеттік билікті жүзеге асырудың осы әдістерінің қайсысы қолданыста болатындығына байланысты саяси режимдердің тарихта бірнеше түрі белгілі, атап айтқанда, авторитарлық, тотаритарлық, демократиялық.

Авторитарлық режимде мемлекеттік билік күш көрсету, басу, әр адамның жүріс-тұрысын қатаң бақылауға алу азаматтардың бостандығына шек қою әдістері арқылы жүзеге асырылады. Аталмыш режим азаматтардың құқықтары мен саяси бостандықтарын жою немесе шек қоюмен, оппозициялық партиялардың және басқа ұйымдардың қызметіне тыйым салумен, сайланбалы мемлекеттік органдар рөлін шектеумен және атқарушы-өкілді органдардың құзіретін мейлінше кеңейтумен, мемлекет басшысының немесе үкіметтің қолында үлкен билік өкілеттігінің шоғырлануымен, парламенттің және басқа да мемлекеттік билік органдарының рөлін тек формалдық институттар жағдайына жеткізумен сипатталады.

Авторитарлық режимнің аса қауіпті нысанына фашизмді жатқызуға болады. Фашистік режим авторитарлық режимнің соңғы нысаны ретінде XX ғасырдың 30-40 жж. бірқатар батыс елдерінде буржуазиялық-демократиялық құқықтар мен бостандыктарды толыктай жойып, барлық оппозициялық ұйымдар мен мекемелерді құртып жіберді, басқарудың террористік әдістерін алдыңғьі орынға қойып, оны кеңінен қолданды. Мемлекеттік биліктің әлеуметтік негізін билік пен байлықгы аңсаған буржуазия, орга буржуазия және жұмысшы таппен шаруалардың алданған тобы құрады. Фашистік режимнің пайда болуы қоғамда әлеуметгік-таптық қайшылықтардьщ шиеленісуінің, үстеп таптың саяси билігінің дағдарысқа ұшырауының, басқарушы элитаның өз үстемдігін тек либералды-де-мократиялық әдістермен қамтамасыз ете алмауының айқын бейнесі болып табылады. Ол мемлекеттік биліктен айырылу қаупі туындағандыктан террористік әдістерді кеңінен қолдануға мәжбүр болды. Бұған мысал ретінде соғысқа дейінгі кезенде Германия мен Италияда болған фашистік режимдерді атауға болады.

Бұл елдердегі фашистік режимдерге тон белгілер: басқарудың репрессивті әдістерін кедей топтардың құқықтарын қорғау жөніндегі әлеуметтік және саяси демагогиямен ұштастыру; бұқаралық ақпарат құралдары арқылы антикоммунизм мен антисемитизмді орнату;халыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясатты оларга қамқорлық жасау ұрандарымен бүркемелеу, фашистік лидерлердің жүргізіп жатқан саясатын қолдамайтындарды куғынға ұшырату. Билеуші топтың әскерге, полицияға және басқа да жазалау органдарына үнемі арқа сүйеуі, фашистік Германия мен Италияның көсемі болған - Фюрердің, Дученің сөзсіз билігі.

Аталмыш режимнің келесі ерекшеліктеріне атқарушы биліктің заң шығарушы билік алдындағы абсолютті басымдығын жатқызуға болады. Атқарушы билікгің диктатурасы барлық жерде «түбегейлі реформаларды» жүргізу, «ұлттың бірлігі» үшін, «шынайы демократияны» орнату үшін, «заңдылық пен әділеттіліктің үстемдігі» үшін күрес жүргізу сылтауымен орнатылады. Бұл жағдайда парламенттік құрылымныц ешбір іс-әрекет жасауға мүмкіндігі болмай саяси оқшау күйде қалады. Халықтың өкілетті билігі жылпостар тобының билігімен ауыстырылады. Парламент өзінің дәстүрлі құзіретінен - заң шығару ісінен айрылады. Мысалы, 1933 жылғы 23 наурызда Германияда қабылданған «халықтың және мемлекеттің кедейшілік жағдайын жою» туралы заңға сәйкес барлық заң шығару ісі үкіметке бекітілді. Ол парламенттің қандай да бір санкциясынсыз кез келген заң қабылдау өкілеттігіне ие болды. Бұл жағдайда осы қабылданған зандардың конституцияға сәйкескелмеуі де мүмкін еді. Халықаралық келісімдер парламенттің бекітулерін (ратификациясын) қажетсінбеді. Канцлер заң жобаларын әзірлеу мен оны үкіметтің қарауына ұсынудың айрықша құқығына ие болды. Ал заң жобалары оларды бекіткеннен кейін келесі күні күшіне енді.

Либералды режимде мемлекеттік билік жеке адамның құқығы мен бостандығын жариялаумен қатар оны жүзеге асыру үшін өзінің барлық мүмкіншілігін қолданады. Бұл режим тек мемлекетке ғана байланысты емес себептерден көбінесе нақтылықтан гөрі саяси ұран ретінде көрініс табады. Осы режим жағдайында биліктің қызметі бостандықты қамтамасыз етуге бағытталған десе де болады.

Демократиялық - құқықтық режимнің мәнісі қатаң материалдық және процессуалды заң шеңберінде халыктың қалыптасқан демократиялық еркін жүзеге асыру.

Буржуазиялық-демократиялық режимге тән белгілер: азаматтар мен олардың ұйымдарының әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтарының конституциялык жариялануы және ішінара жүзеге асырылуы, бірқатар саяси (оның ішінде оппозициялық) партиялардың болуы, мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының сайлануы мен алмастырылуы, буржуазиялық-демократиялық зандылық пен конституциялық қағидасының, билік бөлінісі қағидасының ресми мойындалуы және т.б.

Мемлекеттік басқарудың демократиялық түрі халықпен сайланатын және онымен ауыстырылатын саяси институттар мен басқарушы лауазымды тұлғалардың иерархиялық құрылымы ретінде көрініс табады. Басқарудың бұл түріне билік құрылымдарының қоғамның бақылауында болуын көздейтін жоғарыдан төмен қарай және керісінше, төменнен жоғары қарай жүзеге асатын сатылы мемлекеттік билік тән. Қазіргі кезде осы демократиялық саяси режим орнатуға ұмтылыс жасалуда.

Әлемдік қоғамдастықта аталган авторитарлық және демократиялық жүйелердің әр түрлі түрлері, оның ішінде аралас және өтпелі түрлері белгілі болғандықтан, берілген типология біршама салыстырмалы сипатқа ие.
Дәріс №3.Өзін өзі тексеру тест сұрақтары

1.Мемлекеттік басқару мақсаттарына қойылатын талаптар.

A. барлық жауаптары дұрыс;

B. объективті негізделген болуы;

C. әлеуметтік сипатта болуы;

D. қажетті қорлармен қамтамасыз етілген болуы;

E. жүйелі түрде ұйымдастырылған болуы.

2. Шопенгауэр келесі тұжырымдама арқылы не айтқан: «Бұл аңның танауына тағатын адамның эгоизмі:

A. Саясат туралы;

B. Экономика туралы;

C. Мемлекет туралы;

D. Заңдылық туралы;

E. Қоғам туралы.

3. Ежелгі рим ғалымы және мемлекеттің қалаушысы Цицерон келесі тұжырымдама арқылы не айтқан: «Бұл халықтың байлығы, ал халық ол қоғамдық мүдде және құқық бойынша бір бірімен байланысты көптеген адамдардың бірігуі»:

A. Мемлекет туралы;

B. Экономика туралы;

C. Саясат туралы;

D. Заңдылық туралы;

E. Қоғам туралы.

4.Кез келген мемлекетті сипаттайтын белгісін айтыңыз:

A. Тәуелсіздігі;

B. Шекарамен шектелген аймағы;

C. Азаматтық қоғам;

D. Материалды атрибуттары (армия, полиция, разведка);

E. Жоғарыдағының белгілерінің барлығы.

5.Мемлекеттің пайда болу теориясының бұл мағынасы оны жақтаушылар тек қана мемлекеттің және құқықтың құдайдан шыққан деген, олар құқықтық мемлекеттік үкіметті мәңгілік деп түсінген:

A. Патриархалды теория;

B. Теологикалық(теократикалық) теория;

C. Мемлекеттің келісім шарт теориясы;

D. Билеп алу теориясы;

E. Әлеуметтік-экономикалық теория.



Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007

2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007

3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2008.


Модуль 2. Мемлекеттік саясат және мемлекеттік билік

Дәріс №4. Мемлекеттік басқару үрдісінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру

  1. Басқару ісінің мәні және құрылымы

  2. Басқару мәдениеті туралы ұғым және оның элементтері

1. Басқару ісінің мәні және құрылымы



Саяси институттар мен әкімшілік басқару органдарының қызметі тиісті мемлекеттік саяси және әкімшілік шешімдерді қабылдау мен іске асыруда көрініс табады. Шешімдерді талдау

- мемлекеттік басқару теориясының ажырамас аспектісі болып табылады. Шешімдердің тұрпаты, оларды әзірлеу тәсілдері бойынша, әр түрлі субъектілердің қатысу деңгейлеріне қарай қоғамдық-саяси жүйенің накты сипаттары туралы айтуға болады. Басқарушылық шешімдер барлық деңгейлерде - ұлттық, аймақтық, муниципалдық деңгейлерде қабылданады. Сәйкесінше тиісті мемлекеттік және жергілікті басқару органдары шешім қабылдау субъектілері болып табылады. Шешімдерде қарастырылатын мәселелер басқарылатын объектілердің қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес анықталады. Осы шешімдердің тұрпаты мен дейгейлеріндегі айырмашьшықтарға қарамастан, қабылдау және іске асыру процестерін сипаттайтын оларға кейбір ортақ белгілер тән. Сондықтан теориялық талдау басқару субъектілерінің қызмет ету жағдайларының жалпы белгілерімен қатар ерекшеліктерін де қарастырады.

Сонымен мемлекеттік билік және жергілікті басқару органдары мемлекеттік басқару мақсаттары мен функцияларын кәсіби даярлықты және қажетті амалдарды, тәсілдерді, нысандарды, әдістерді қолдануды талап ететін адамдар еңбегінің ерекше түрі

- басқару ісі арқылы жүзеге асырады.

Басқару ісі-қолданбалы сипаттағы құбылыс, себебі ол басқару мақсаты мен функцияларын жузеге асыруға, басқарушылық шешімдер мен әрекеттерді әзірлеп, нақты өмірде қолдануга бағытталған.

Басқару ісі басқару шешімдерін қабылдап, іске асыруға бағытталған интеллектуалдық мазмұнымен ерекшеленеді, өйткені ол қоғамдық процестердің ағымын және жағдайын, адамдардың сана-сезімін, тәртібін, қызметін өзгертетін басқарушылық шешімдерді дайындауға, қабылдауға және іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған. Ол әлеуметтік нақтылықты, ондағы қорларды, құралдарды, резервтерді анықтайды, оны жетілдіру мен жаңа деңгейге көшірудің оңтайлы әдістерін табады. Оның басты мән-мағынасы басқарылатын процестің жаңа сапасын ашу, ал бүл шығармашылық күш-қуатты қажет етеді.

Басқару ісі ақпараттық мәнге ие, яғни ең алдымен басқару ақпараттарын қалыптастыру, ой елегінен өткізу, мәселені талдау, бір жүйеге келтіру процестері орындалады. Мемлекеттік басқаруда тек қандай да бір жалпы қоғамдық процесті сипаттайтын, оның жағдайы мен динамикасын, қозғаушы күштерін айқындайтын ақпараттар ғана жарамды болып табылады.

Басқару ісі сондай-ақ субъектінің ерік-қалауын білдіретін күрделі әлеуметтік-психологиялық құбылыс болып табылады. Онымен айналысатын әрбір адам талдау, бағалау, таңдау, шешім қабылдау, бағыну және орындау, бұйрық беру мен бақылау амалдарын ойлау қабілеті, ерік қалауы арқылы атқарады. Бұл мемлекеттік билік органдарының ұжымдарында ерекше әлеуметтік-психологиялық жағдайды, мінез-құлық пен қызметтің белгілі бір түрін қалыптастырады. Ерікті үнемі шыңдау, жауапкершілік жүгі, тәртіптілік, мемлекеттік қызметті атқаруға бағыныштылық-мемлекеттік органдарда басқарушьшық қызметпен айналысатын адамдарға тән қасиеттер. Егер бұл қасиеттер болмаса онда мұндай орган жүзеге асыратын басқарушылық ықпалдар адамдар арасында беделге ие болмайды.

Басқару ісі әрқашанда ұжымдық түрде көрініс табады, себебі ол қандай да бір мемлекеттік орган ұжымында жүзеге асырылады және бір мезгілде басқа мемлекеттік органдардағы адамдар ұжымымен тігінен де, көлденеңінен де өзара әрекеттесуді көздейді. Онда мемлекеттік орган құзіретін және жалпы мемлекеттік басқару функцияларын кешенді түрде жүзеге асыру мақсатында кооперацияны талап ететін, белгілі бір жұмыстың мазмұны мен түрлері бойынша мамандандыру бар. Алайда кейде ұжымдық сипат басқарушылармен дұрыс бағаланбайды, мұндай жағдайда басқарушьшық қызмет өзінің әлеуетін жоғалтады, басқару тиімділігі төмендейді.

Өзінің көрінуі жағынан басқару ісі-сан кырлы құбылыс. Оған адамдар да, білім де, ақпарат та, техникалық құралдар да жатады, олар барлығы біріге келе күрделі кешенді құбылысты құрайды. Көп ақпараттар бола тұрса да, ол білімнің немесе техникалық құралдардың жоқтығынан өңделмеуі мүмкін. Сол сияқты едәуір басқарушылық ұжым бола түра, өзінің кәсіби деңгейінің төмендігі салдарынан мемлекеттік орган өкілетгігін жүзеге асыруды қамтамасыз ете алмауы мүмкін. Сондықтан басқару ісінің барлық элементтерін жан-жақты ойластырып, тепе-тең түрде әекетке келтіру ғана оған тиімділік пен ұтымдылық бере алады. Сол себепті кешенділік басқару ісінің маңызды, жалпы белгілеріне жатады.

Сонымен қатар басқару ісі белгілері мен уәждеріне, адамдардың кәсіби даярлығы мен белсенділігіне қарамастан, ол мемлекеттік басқаруда зандық сипатқа, көрініске ие болады. Оны тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар әрбір нақты мемлекеттік орган құзыретіне сәйкес, ондағы әрбір мемлекеттік лауазымның қызмет түріне сәйкес атқаруға тиіс. Сондықтан да басқару ісінің көптеген элементтері заңды түрде мемлекетгік органдарда тіркеліп, олардың құқықтық мәртебесінде процессуалдық нормалар түрінде бекітіледі. Бұдан басқару ісінің басқару процесінің элементтерімен ұқсастығы туындайды.

Барлық басқару деңгейлеріндегі басқарушылық шешімдердің ішінде біз мемлекеттік шешімдерді қарастырамыз. Мемлекеттік шешім - бұл қоғамдық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік органдар әрекетінің нақты жобаларын тандау мен негіздеу.

Саяси және әкімшілік шешімдерді бірінен-бірін ажырата білген жөн. Саяси шешімдер саяси басшылықтың шоғырландырылған көрінісін білдіреді. Олар әлеуметтік топтардың немесе нақты қоғамдастықтың ортақ мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталган. Саяси шешімдер аймактық деңгейде немесе белгілі бір жергілікті қогамдастықтың шеңберінде қабылданса да сол мемлекетте тұратын адамдардың мүдделеріне, мемлекеттік биліктің қызметіне қатысты болады.

Әкімшілік шешімдер адамдардың өндірістік-шаруашылық, әлеуметтік және мәдени өмірін, жеке ұйымдардың ағымдағы қызметін реттейтін басқарушылық әрекеттер актілері. Әкімшілік шешімдерді шығару атқарушы билік пен басқару органдарының функциясына жатады.

Саяси шешімдер әкімшілік шешімдерге қарағанда нақты қоғамдық топтарға тікелей немес жанама түрде бағытталады, олардың арасындағы қатынастарды реттеу құралы, әлеуметтік топтардың мүдделері мен мақсаттарын білдіру, жүзеге асыру тәсілі болып табылады. Олар саяси билік пен саяси басқару субъектілерінің қызметінің нәтижесінде туындайды. Мемлекеттік басқарудагы саясаттың басымдылық қағидасына сәйкес саяси шешімдер әкімшілік-басқарушылық шешімдерге қарағанда артықшылық сипатқа ие.

Мемлекеттік шешім, ең алдымен шешім қабылдайтын субъект — мемлекеттік биліктің басқарушы органымен алқалы немесе жеке лидермен; шешімді атқарушы субъект — мемлекеттік қызмет аппаратымен, шешім бағытталған объектімен (төмен деңгейдегі басқару органдары, қоғамның әр түрлі сфераларында жұмыспен қамтылған әлеуметтік топтар, саяси және қоғамдық бірлестіктер) сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет