Силикон резеңкеден жасалған бұйымдар жалпы хирургияда, жүрек-қан тамырлары хирургиясында, кеуде хирургиясында, нейрохирургияда, жақ-бет хирургиясында, отоларингологияда, офтальмологияда, ортопедияда, урологияда, стоматологияда, гинекологияда, анестезиологияда қолданылады.
2-билет
1.Күкірт қышқылын өндіру: контактілі әдіс
Күкіртқышқылының өндірісі мен қолданылуы. Өндірістің технологиялық параметрлері.
Күкірт қышқылы – күкірттің маңызды қосылыстарының бірі. Химиялықформуласы H2SO4. Ол – екі негізді күшті қышқыл, орта және қышқыл тұздар түзеді.
Техникада күкірт қышқылы деп күкірт (VI) оксидінен және судың әр түрлі мөлшерінен
тұратын жүйені айтады (nSO3 * mH2O):
1) H2SO4 – күкірт қышқылының моногидраты, n=m=1 (100% қышқыл);
2) H2SO4 * (m-1)H2O – сулы күкірт қышқылы, m>n;
3) H2SO4 * (n-1)SO3 – олеум, mӨндірісі
Күкірт қышқылын алу үшін шикізаттар: күкірт, металл сульфидтері менсульфаттары, жылу электр
станцияларының қалдық газдары, мұнай қалдықтары, пирит. Оныалудың бірнеше әдісі бар:
1) Камералы әдіс. ХІХ ғасырда алхимик Валентин ашқан алғашқы әдіс. Бұл әдіс ауада күкірт пен калий
селитрасының қоспасының жануына негізделген. Процесс қышқылдаерімейтін қорғасынмен қапталған
камерада жүргізілді.
2KNO3 + 2S + 2O2 = K2SO4 + SO3 + NO2 + NO
SO3 + H2O = H2SO4
2) Қазіргі кезде күкірт қышқылын алудың екі әдісі бар: Пиритті некүкіртті өртеу:
4FeS2 + 11O2 = 2Fe2O3 + 8SO2 + Q
2S + 2O2 = 2SO4
2SO2 + O2 = 2SO4
Нитрозды әдіспен күкірт қышқылын алу:
SO2 + NO2 = SO3 + NO
Күкірт (VI) оксиді сумен көп жылу бөле жүріп әрекеттседі:
SO3 + H2O = H2SO4 + Q
Күкірт қышқылы — химиялық өндірістің көбінде қолданылатын негізгіөнім. Басқа қышқылдармен салыстырғанда, химия өнеркәсібінде кеңкөлемде қолданылуына сәйкес күкірт қышқылы бірінші орында тұр. Олбасқа бейорганикалық қышқылдарды HCL,HN03, Н3Р04 жәнеминералдық тыңайтқыштарды алуда кеңінен пайдаланылады. Металлургияда түсті металдар алу үшін мұнай еңдеуде түрлі өнімдердітазартуға, қопарылғыш заттар, жасанды талшықтар, бояулар, дәрі-дәрмектер парфюмерия өндіруде, тері илеуде және пластмассасинтездеуде алатын орны ерекше.
2.Гендік инженерия. Мысал келтіріңіз
Гендік инженерияның әдістері көмегімен биологиялық процестердің спецификалық түрде жүруіне бактериялардың белгілі бір түрлерінің табиғи қабілеттілігін күшейтуге болады. Мысалы, қоршаған ортаны ластайтын токсикалық қалдықтарды эффективті түрде бұзатын бактерия штаммдары ауылшаруашылық культураларының қарқынды өсуіне себепші болады, целлюлозаны төменмолекулалы көміртек қосылыстарына дейін ыдыратып, зиянкес жәндіктерді жояды.
Ген инженериясы – молекулалық биологияның жаңа саласы. Ол лабораториялық әдіс арқылы генетикалық жүйелер мен тұқымы өзгерген организмдерді алу жолын қарастырады. Ген инженериясының пайда болуы генетиканың, биохимияның, микробиологияның және молекулалалық биологияның жетістіктерімен байланысты. Бұл атаудың екі түрі қолданылады: “генетикалық инженерия” және “ген инженериясы”. Соңғы кезде “генетикалық инженерия” жалпылама түрде колданылып жүр, ген инженериясы да осының ішіне кіреді.
Ген инженериясы деп рекомбинантты ДНҚ-лар жасап, оларды басқа тірі клеткаларға енгізуді айтады.
Ген инженериясы шешетін мәселелер:
1) генді химиялық немесе ферментті қолдану жолымен синтездеу;
2) әр түрлі орғанизмнен алынған ДНҚ фрагменттерін бір-бірімен жалғастыру (ДНҚ рекомбинантгарын алу);
3) бөтен генді жаңа клеткага векторлық ДНҚ аркылы жеткізу және олардың қызмет жасауын қамтамасыз ету;
4) клеткаларға гендерді немесе генетикалық жүйелерді енгізу және бөтен белокты синтездеу;
5) бөтен генге ие болған клеткаларды таңдап бөліп алу жолдарын ашу.
Достарыңызбен бөлісу: |