1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан оқыту



бет51/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   134
емтихан

Қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан оқыту дегеннің өзі функционалдық мағыналық тұрғыдан меңгертуді білдіреді. Коммуникативтік технология, негізінен, сөйлеу әрекетінің есту, сөйлеу, оқу, жазу түрлерінің өзара біртұтас байланыстағы кешенді оқытуға сүйенеді.
Қазақ тілін коммуникативтік технология жүйесімен оқыту арқылы оқушыға қазақ тілінің түрлі салада қызмет ету тетіктері түсіндіріледі және қолдану дағдылары меңгертіледі.


Ондай қызмет ету тетіктері ретінде мыналарды атауға болады:
1) Тілдің қатынас құралы болу қызметі – тілді бір нәрсе туралы ақпарат алу үшін қолданғанда.
2) Тілдің реттеушілік қызметі – сөйлеуші тілді өз айналасындағы адамдардың мінез-құлығын реттеу үшін қолданғанда.
3) Тілдің интерактивтік қызметі – сөйлеуші тілді басқа адамдармен өзара байланысу мақсатында қолданғанда.
4) Тілдің жеке тұлғалық қызметі – сөйлеуші тілді жеке басының ойы мен сезімін білдіру үшін қолданғанда.
5) Тілдің эвристикалық қызметі – тілді әлемді танып-білу үшін қолданғанда.
6) Тілдің бейнелік қызметі – тілді қиял әлемін бейнелеу үшін қолданғанда.
7) Тілдің репрезентативтік қызметі – тілді ақпаратты жеткізу үшін қолданғанда.
Тілді оқытудың мақсаты – коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру. Бұл терминді алғаш рет этнолингвист Делл Хаймс (Hymes) енгізген болатын. Хаймстің коммуникативтік құзыреттілік теориясы сөйлеушінің нақты бір сөйлеу қауымдастығында өзін түсінгендігін білуі болып табылады.
Қазақша коммуникативтік құзырет дегеніміз – оқушының қазақ тілін қолдана отырып, тұрмыстық, оқу, кәсіби, мәдени өмірінде өзіне өзекті болып табылатын қазақша тілдік міндеттерді шеше алуы; қазақ тілінің нормасына сай қазақша сөйлеу және жазу, тыңдау-түсіну, оқу-түсіну міндеттерін шеше алуы. Коммуникативтік құзырет адамның жеке тұлғалық қасиетіне бірден айналмайды, ол қазақша қарым-қатынас жасау барысында ғана танылады.


Грамматиканы үйретудің кезеңдері
• Оқушыларға тақырып бойынша жағдаят ұсынылады. Мәтін, сурет беруге болады.
• Оқушылар сурет не мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, талқылайды.
• Оқушыларға үйретілетін грамматикалық бірліктерді арнайы сұрақтар құрамына қосуға болады.
• Мұғалім сурет не мәтін арқылы дайын грамматикалық бірлікке құрылған мысалдар ұсына алады.
Грамматикалық ұғымдарды түсіндіру, белсендіру тапсырмалары
• Грамматикалық бірліктер мен құрылымдарды мысалдар, ереже негізінде түсіндіреді.
• Практикалық жаттығулар ұйымдастырады.
• Оқушылардың грамматикалық бірліктерді дұрыс қолдануын қадағалайды.
Алайда тым көп теориялық ақпарат беруден абай болу керек.
Осы жұмыстарды жүргізе отырып, сабақ соңында грамматикалық ұғымдарды бекіту тапсырмаларын беру өте жемісті болады.
Сабақтың бұл кезеңінде оқушыға ауызша не жазбаша мәтін құру тапсырмаларын беруге болады.
Критерии ретінде сабақта өткен грамматикалық бірлікті қолдану ұсынылады.
Оқушылар мәтін құру талаптарын орындап жұмыстарын таныстырады.
Мұғалім мәтінді бағалай отырып, берілген грамматикалық бірліктің дұрыс қолданғанын тексереді. Басқа грамматикалық қателіктерге баса назар аудармайды.
Сабақ соңындағы бекіту тапсырмаларына мынадай жаңа әдістерді алуға болады.


ППП әдісі.
Грамматиканы үйретудің кезеңдері:
Грамматиканы оқытуға дайындау, грамматиканы түсіндіру (презентация)
Грамматикалық ұғымдарды белсендіру (практика)
Грамматикалық ұғымдарды бекіту тапсырмалары (продукт)

Сабақ жоспарында грамматиканы үйрету кезеңдері толығымен сақталып құрылса, бір сабақты толығымен қамти алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет