М.Жанпейісова жүргізген зерттеулер 7-12 сағаттан тұратын, оқу модулін өте тиімді деп тапты. Дегенмен эксперимент жүргізген мұғалімдердің модульдегі сағаты 4-тен (Қазақстан тарихы курсы бойынша) 22 сағатқа дейін (математика бойынша) ауытқыды. Сағаттар санына қарамай, кіріспе бөліміне 1-2 сағат жұмсау оқу модулінің ерекшелігі. Қорытынды бөлімге де 2-3 сағаттан көп берілмейді. Қалған сағат 3-17 сағатқа дейін барлығы диалогтық, сұхбат бөліміне беріледі.
Мысалы, мұғалім 9 сағатқа арнап оқу модулін құрса, 1 сағат кіріспе бөліміне, 2 сағат қорытынды бөліміне, 6 сағат сұхбат бөліміне арнап бөлінеді. Бұл әрбір оқушының білімді меңгеру, дайындық деңгейіне қарай материалын 3 деңгейде қарастыру қажеттігінен туындаған. Жаңа меңгерілген білімнің өзгертпей қайталау деңгеуінде материалды оқыту тақырып, тарау бойы оқу модулінің мазмұны бойынша жүргізіледі. Мазмұнды ілгерілей отырып, бірнеше дүркін оралу қарапайымнан күрделіге, репродуктивті білімнен шығармашылық ізденіске жетуге әрбір оқушыға оқу материалын “түсіну” деңгейінен “білімді тасымалдау, көшіру” деңгейіне дейін меңгеруге мүмкіндік береді. Диалогтік сұхбат бөлімінде танымдық процесс сыныпты 4-7 баладан тұратын топқа бөліп, оқушылардың өзара әрекетін ұйымдастыру негізінде, бұл бөлімге түрлі ойын технологияларын кіргізу арқылы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы негізінде жүргізіледі. Мұғалім осылайша “ынталандыру” рөліне ауысады. Оқу моделін қарастырудағы екінші ерекшелік – мұғалімнің модуль құруға дайындық жүйесі. Мұғалім бір оқу модулі үшін сағат санын анықтап, оны құрастыруға кіріседі. Мақсатын, мазмұны мен нәтижесін анықтайды, сонымен қатар берілген модульдегі сабақтарды ұйымдасыту түрін ойластырады.
Мұғалімнің дайындық жұмысы келесі қадам әрекеттерден тұрады.
1-қадам. Берілген курс бағдарламасында анықталған тарау,тақырыптар немесе тақырып бойынша меңгерілуі тиіс міндетті білім, білік, дағдыны, мақсат пен міндетті анықтау.
2-қадам. Модульдегі бүкіл оқу материалының мазмұнын зерттеу, пысықтау.
3-қадам. Модульдегі мағыналық “жүкті көтеретін” негізгі ұғымды бөлу, тақырыптағы негізгі ақпарат жасырынған сөздерді табу. Олардың өзара байланыс мен өзара тәуелділігін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |