1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология



бет13/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   134
емтихан

Екінші деңгей-«алгоритмдік». Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріленген материалдарды жүйеге келтіруге, реттеуге арналған, мазмұны өзгертілген жағдайға тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, көбінесе танымдық және үйренушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы, сөзтізбектер, ребустар, ойлауға арналған тапсырмалар беріледі.
Үшінші деңгей - «эвристикалық». Бұл деңгейде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.
Төртінші деңгей-«шығармашылық», Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді. Шығармашылық тапсырмалар – оқушылардың білімділігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. 
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
Топ оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы
Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы
Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы 
Оқушылардың оқуға ынтасы мен мамандығына деген қызығушылығының артуы 
Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы 
Оқушы белсенділігінің оянуы 
Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы
Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқытушыларға тиімділігі
Деңгейлеп-саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы
Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі
Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі
Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы
Оқушы мен оқытушының шығармашылық қызметін белсенді түрде дамытуы
Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының дидактикалық, педагогикалық, писихологиялық негіздемесі С.Рубинштейн, Л.С.Выготскийдің, В.В. Давыдов, Л.В.Занков, Ю.К. Бабанский, Б.П.Беспалько, В.М.Монахов т.б. ғалымдардың ғылыми-теориялық идеяларына негізделіп жасалған.
Ж.А.Қараевтың «деңгейлеп саралап оқыту технологиясының» негізгі идеясы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында оқушыны өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады .
4-билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет