2. XVIII ғасырға дейінгі Ресейдің математикалық мәдениеті.
Ресейде математикалық білімнің белсенді дами бастауы XVIII ғасырдан басталады. Сол кездері Петр патшаның бұйрығы бойынша теңіз флотын қалыптастыруға байланысты қорғаныс және азаматтық сала кадрларын дайындау үшін математикалық-навигациялық мектеп ашылған болатын. Алғашқы жылдардан бастап-ақ бұл бағыттағы жұмыстар қайнап жүре бастады.
XVIII ғасырда Ресейде тек екі ғана ғылыми-оқулық орталық болған болатын: Петербург ғылым академиясы (1724 ж.) және Мәскеу университеті (1755 ж.). Сондықтан математика және онымен байланысты пәндер бойынша ғылыми жұмыстар Л.Эйлердің және оның оқушыларының нәтижелерімен ғана шектелді. Ол кездері Ресейде білімді адамдар аздау болғандықтан Л.Эйлердің өте көп және маңызды ғылыми жұмыстары көпшілікке жетпеді, өз ғылыми мектебі төңірегінде қалып отырды. М. В. Ломоносовтың математика, оның маңызы және әдістері ерекшеліктері туралы айтқан ой-пікірлері өз дамуын жалғастыра алмады. XVIII ғасырда Мәскеу университеті негізінен жалпы білімдік бағытты орындады. Университеттегі бұл жағдайлар XIX ғасырдың бірінші жартысынан бастап өзгере бастады, өйткені, Ресейдегі жаңа капиталистік өндіріс патшалықтың қарсылығына қарамастан кейбір реформаларды жүргізуге мәжбүр етті. Мұнда Ресей экономикасын жақсартудағы ғылым және білім рөлінің өсуі ол жағдайларды жаңа универси теттер ашуда ескеруге тура келді. XIX ғасырдың басы Ресейде көптеген жаңа университеттердің ашылуларымен ерекшеленді: Тарту (1802), Вильнюс (1803), Қазан (1804), Харьков (1805), Петербург (1819) және Киев (1834) универси теттері. Сол ғасырдың екінші жартысында тағы да үш университет ашылды: Одессалық (1865), Варшавалық (1869) және Томскілік (1888).
Ол кездері университеттер орта және төменгі деңгейдегі оқу орындарына да басшылық жасайтын еді, олардың негізгі көрсеткіштерінің біріне математика бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі кірді. Осы процестің екінші бір маңызды жағы, ол – орта оқу орындарында математиканы оқытудың деңгейін көтеру, математикалық әдебиеттерді, оның ішінде журналдар да шығару және ғылыми математикалық қоғамдардың пайда болуы еді. XIX ғасырдың орта шенінде Ресей университеттерінде шын мағынада математи калық ғылыммен айналысу жандана бастады, бұған кейбір қалаларда математик-ғалымдардың жалпы ортақ тақырыптар бойынша бірігулері де оң әсерін тигізді, бұл жағдайлар ғылыми мектеп тердің ұйымдастырылуларына алып келді.
Математикалық зерттеулер саласындағы алғашқы ғылыми орталық Петербургте, дәлірек айтқанда Петербург ғылым академиясында құрылды. Осыдан кейін барып университеттер төңірегінде басқа да математикалық орталықтар және мектептер құрыла бастады - Қазанда, Мәскеуде, Киевте, Харьковте және басқа да қалаларда. Жоғарыда атап кеткеніміздей, Ұлы Л.Эйлердің тұсында Петербург математикалық мектебі жоғары деңгейдегі ғылыми орталық болып тұрды. Бірақта Л.Эйлер қайтыс болғаннан кейін (1783 ж.) Петербургтегі математикалық зерттеулер деңгейі төмендеп кетті. Тек XIX ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап ондағы математикалық зерттеулер қайтадан жаңа деңгейге көтеріле бастады. Бұған негізгі себепкер – атақты Ресей ғалымдары М. В. Остроградский мен В. Я. Буняковскийлер болды, екеуі де украинаның тумалары болған еді. Екеуі де жақсы ғылыми математикалық дайындықты Парижде алды, ол кездері математикалық ғылымның нағыз орталығы Париж болған болатын. Бұл жағдай Петербург математиктерінің сол замандағы ең мықты математиктер идеялары мен қаруланып зерттеулер жүргізулеріне мүмкіндіктер берді. .
3. Ежелгі Мысыр тәсілімен 12 х18 көбейту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |