1-билет Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәні, мақсаты, міндеті


Ересек мектеп жасына дейінгі жаста



бет17/47
Дата18.06.2023
өлшемі1.29 Mb.
#475186
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
Қарапайым матем калганы23 (1)

Ересек мектеп жасына дейінгі жаста сандық ұғымдар санау және өлшеу
іс-әрекетін меңгеру ықпалымен қалыптасады. 10-ның шегінде санау
тәсілдерін меңгереді, созылған нысандарды, сұйықтық көлемдерін, сусымалы
заттардың салмағын өлшеу кезінде шартты өлшемдерді анықтайды . Бұл
топта балаларды 4, 6, 8, 9, 10 заттар жиынтығын 2, 3, 4, 5 заттардан тұратын
топтарға бөле алуға, топтар саны мен бөлек заттардың санын анықтауға
үйретеді.
Жиындар мен сандарды салыстыру барысында 0-ден 9-ға дейінгі
сандармен танысады. Оларды сандармен байланыстыруға, ажыратуға,
ойындарда қолдануға үйренеді. Балалар бүтінді 2 және 4 тең бөлікке бөле
алады, бөлік пен бүтіннің, бүтіннің бөліктері арасындағы тәуелділікті
анықтайды, сандық қатынастарды көрсететін сөздерді қолдана білуді игереді:
тең, жарты, ширек және т.б. Әрекеттерді түсінеді және орындайды саны
бойынша салыстыр, сана және т. б.
Сандық есептеуге оқыту барысында натурал сандардың бірізділігі
туралы ұғымдарды дамыту бірліктің берілген санына қосу арқылы 1-ден
артық санды алу тәсілін көрсетеді. Көптеген заттарды салыстыруға үйретеді
(5 саңырауқұлақ пен 6 шырша): «Не артық: саңырауқұлақтар немесе
шыршалар ма? Қаншаға? Не аз және қаншаға? Қай сан артық? Қайсысы кем?
6 санын қалай алды? 6 қай саннан артық? »
Салыстыру негізінде санауға үйрете отырып, цифрлармен таныстыру
мүмкіндігі бар: ажырату, атау, табу, цифрлары бар карточкаларды пайдалана
отырып, оларды қатарға тізу. Мысалы, карточкадағы заттар санын цифрмен
белгілеу немесе керісінше, цифрды таңдау және көрсетілген санға сәйкес
заттар санын салу. Балаларды 0 (нөл) цифрымен, сондай-ақ 10 санының 1
және 0 (бір және нөл) цифрлары арқылы жазылуымен таныстырады.
Элемент сайын арақатынас арқылы заттардың бір немесе бірнеше
жиынын салыстыру сол бір ғана санды екі жолмен келесі және алдыңғы
санын алу тәсілін санап шығаруға көмектеседі (5 – бұл 4+1 немесе 6-1),
сонымен қатар, баллардың заттардың санына қарай жиынның теңдігіне
немесе теңсіздігіне көз жеткізуге септігін тигізеді. Заттарды сызықпен және
алмастырушы заттардың қолданылуымен жұппен қосарлау көмегімен
сәйкестілікті немесе сәйкессіздікті анықтауға назар аудару.
Ересектер тобында өзара 3-4 сандары салыстырылады: 12,3; 3,4,5; 5,6,7
және т.б., бұл сандар қатарының бағытталуы, берілген (3) санға көршілес
сандардың (4,2) түзілу тәсілдері, қандай да бір санның (5) екі тәсілмен (4+1,
6-1) есептелуі туралы түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұған
«сандық баспалдақты» пайдалану, аты аталғанға «көршілес» сандарды табу,
аты аталғаннан 1-ге көп (аз) сандарын анықтау және т.б. сияқты амалдарды
пайдалану септігін тигізеді. Балалар сандар арасындағы қатынасты өз сөйлеу
тілінде білдіреді: «Сегіз жетіден көп», «8 саны 7 санынан көп», «8 көп, ал 7
аз».
Заттар санының сыртқы белгілерге тәуелді болмауы туралы
пайымдауға тәрбиеші сұрақтар арқылы әкеледі, бұл жерде санаудың және
жиынның теңдігін немесе теңсіздігін анықтауда элемент сайын
салыстырудың рөліне ерекше назар аударады.
Балалар сондай-ақ бірліктен құрылған 5 шегінде сандардың сандық
құрамын игереді. Алуан түрлі заттар жиыны алынады және оның құрамы
аталады: бір қуыршақ, бір қоян, бір машина – барлығы үш ойыншық. Аты
аталғаннан кейін, санның құрамына көшеді: 3 саны үш бірліктен құралады:
бір, тағы бір және тағы бір (1-қосымша).
Балаларды бүтінді тең бөліктерге бөлуге үйретеді (әрі қарай қию
арқылы қосу немесе қию тәсілімен), оқыту бүтін мен бөліктің жалпы және
функционалдық тәуелділігіне негізделеді: бөлік үнемі бүтіннен аз, ал бүтін
бөліктен көп; бүтіндегі бөліктер санының теңдігі; бөліктердің саны мен
көлемі арасындағы функционалдық тәуелділік: бүтін бөлінетін бөліктердің
саны неғұрлым көп болса, соғұрлым әр бөлік кішкентай болады және
керісінше, бөлік неғұрлым үлкен болса, соғұлым бүтін аз бөлікке бөлінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет