«Қажет суретті тап».
Ойынға қажет заттар: Үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арналған ыдыстар, пластилиннен жасаған заттар, конфет, бауырсақ, т. б.
Ойын ережесі: Егер ойын суреттермен жүргізілсе тәрбиеші - мұғалім үлкен суреті балалардың бәрі көрсетіндей орынға іледі. Мысалы: үлкен тарелка немесе орамал ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен тақтаға ілінген сурет мазмұнына сәйкес заттардың суретін алып столға қояды. Не істегені туралы айтады.
Ойынның соңында балалар ойынға қатысты заттардың суретін салады (өз қалаулары бойынша нан, қант тоқаш т. б.)
2. Логикалық тапсырмалар мен жұмбақтарға мысал келтір. Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлық математикалық бейнелерін қалыптастырудағы олардың маңызын түсіндіріңіз.
Белмедегі эр бурышта бір
мысыктан жэне оган карама-карсы уш мысыктан отырса, белмеде неше мысык бар?
Жауабы: 4 мысык
Устел устінде уш стакан шие тур.
Марат бір стакан шиені жеп койды.
Неше стакан калды?
Жауабы: уш стакан
Екі бала шахматты екі сагат
ойнады. Олардын эркайсысы неше
саат ойлады?
Жауабы: екі сагат
Жугіру жарысынан Асет, Марат,
Талгат уш орынды алды, егер: Марат
екінші орын алмаса, ал Талгат - ушінші орын алмаса, кім кандай
орын алды?
Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талгат
12-билет
1.Бес жастағы балаларда сан және жиын туралы түсініктерін қалыптастыру
5 жастағы баланы заттарды тең бөлікке бөлуге, бүтін мен бөлік арасындағы қатынастарды орната білуге үйретеді. Бірақ, бүтінді бөлікке бөлуді қағазды қайшымен қию арқылы емес, бүктеуден бастау керектігін білген жөн. Себебі, бөлікті қию арқылы көрсеткенде, балаларда ол бөлік жеке бір нысан ретінде қабылданады.
Алғашқы кезде бүтінді бөлікке бөлгенде қағаздан жасалған, бүктеуге келетін түрлі пішіндерді: дөңгелек, шаршы, тікбұрышты қолданады. Барлық жағдайда бүтінді бөлікке бөлгенде бөлік бүтіннен кіші, ал бүтін өзінің әрбір бөлігінен үлкен екендігіне балалардың назарын аудару керек.
Осылайша, қағазды, тағы басқа заттарды қайшымен қию, бүктемес бұрын балалар өздері оларды бөліктерге бөледі, бүтіндегі бөліктерді анықтайды, (мысалы, бір парақ қағазды тура ортасынан бүктейді, содан соң тағы да ортасынан бүктеп, оны қайта жазып, төрт бөлікке бөлінгенін көреді. Егер ұзын жіпті үш рет ортасынан бүктесе, онда ол сегіз бөлікке бөлінеді т.с.с.).
Сонымен қатар балаларға пішін бөліктерінен алынған геометриялық пішіндерден анықтауды ұсынуға болады. Мысалы, шаршыны тура ортасынан бүктесе, екі бөлік шығады, олардың әрқайсысы тікбұрыш болады. Ал егер тағы да ортасынан бүктесе, онда төрт кішкентай шаршы пайда болады. Сонымен бірге шаршыны ортасынан емес, диагональдан бүктесе, онда екі үшбұрыш пайда болады. Ал егер бұл үшбұрыштарды тағы да ортасынан бүктесе, тең қабырғалы төрт кішкентай үшбұрыш пайда болады.
Балалар практикалық жаттығулар нәтижесін өз тілімен білдіреді: «Мен шаршыны ортасынан бүктедім, екіге бөлдім, екі тікбұрыш шықты, тағы да екіге бүктеп едім, төрт кішкентай шаршы шықты (бала шаршыны қайта жазып, шыққан бөліктерді көрсетеді, санайды)».
Балалар осындай жаттығуларды орындай отырып, әр кез тура ортасынан бүктегенде екі тең бөлік пайда болатынын, ал егер оны тағы да ортасынан бүктесе, төрт тең бөлік шығатыны жайлы қорытынды жасайды.
Балалар бүтін мен бөлік арасындағы қарапайым қатынасты жақсы түсінгеннен кейін және «бүтіннің жартысы» (немесе «бүтіннің екіден бір бөлігі»), «бүтіннің төрттен бір бөлігі» сөздерінің арақатынасын дұрыс анықтауға үйренгенде ғана, бүтінді бөлікке бөлуді тек бүктеу арқылы ғана емес, сонымен қатар кесу (нан, алма және т.б.) арқылы бөлуге көшуге болады. Алайда, бөліктер міндетті түрде желімдеу арқылы бүтін қалпына қайтадан келу керек.
Балаларды үйрету реттілігі дәл осындай болуы керек (алдымен бүктеу, содан кейін ғана қайшымен қию), өйткені оқыту міндеті қиюға немесе бүктеуге үйрету емес, бүтін мен бөлік арасындағы қатынасты түсіндіруді, әр бөлігін дұрыс атауды және көрсете білуді (жартысы, екіден бір бөлігі, төрттен бір бөлігі) қалыптастыру болып табылады.
Балалар нанды, алманы екі немесе төрт бөлікке бөле отырып: «Нанды, алманы немесе басқа да заттарды тең 2 бөлікке кескенде жартысы болады, ал
4-ке бөлінген бөлік ширек деп аталады» деген жалпылама қорытынды жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |