1. Биохимия ғылымы: Биохимияның даму тарихы. Атақты биохимик ғалымдар. Биохимияның дамуы бір – бірімен шектес басқа пәндермен жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық


Клетчатканың ауыл шаруашылық малдары ас қорыту жүйесінде ыдырау процесі



бет17/32
Дата30.11.2023
өлшемі413.22 Kb.
#485009
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
биохимия ответы

32. Клетчатканың ауыл шаруашылық малдары ас қорыту жүйесінде ыдырау процесі.
Целлюлоза (клетчатка). Клетчатка - өсімдіктер клетксының негізгі материалы, оның жалпы формуласы (С6Н10О5)n, n-шамасы бірнеше мыңға жетеді. Клетчатка D-глюкоза молекуласы қалдықтарынан құралады. Таза целлюлозаның талшықтанған құрылымы бар және органикалық ерітікіштерде ерімейді. Ол швейцер реактивінде (мыс гидрототығының аммиак ерітіндісінде) ериді. Мақта өсімдігінде, қағаздың жақсы сорттарында, өсімдік клеткаларының қабығын құрайды. Күйіс малы көп мөлшерде көлемді азық қабылдап, оны жақсы қорытуға бейімделген. Ал, сол ірі азықтың 20-50 пайызы клетчаткадан тұрады. Клетчатканың негізін целлюлоза құрағанымен, оның құрамында гемицеллюло-за, лигнин сияқты заттар да болады. Құрамында лигниннің болуы
жəне ас қорыту сөлдерінде оны ыдырататын арнаулы ферменттің болмауы клетчатканың ас қорыту жолында қорытылуын қиындатады.Арнайы жүргізілген тəжірибелер азықпен қабылданған клетчатканың мал организмінде толық қорытылмайтынын, оның қорытылу коэффициенті 30-80 пайыз ғана болатынын көрсетіп отыр. Организмде қорытылатын клетчатканың 70 пайызы мес қарын, 30 пайызы тоқ ішек үлесіне тиеді. Ал ұлтабар мен ащы ішекте клетчатка ыдырамайды.Клетчатканың ыдырауы бактериялардың көптеген түрінің үйлесімді əрекетімен атқарылып, бірнеше кезеңде өтеді. Алдымен
деполимераза əсерімен клетчатканың «ұсақ жарқыншықтары» пайда болады да, α-амилаза оны целлотриоза жəне целлобиозаға дейін ыдыратады. Бұл қосылыстар целлобиаза əрекетінен жүзім қантына (глюкозаға) ыдырайды. Ал, глюкоза бактериялық ашу процесінің салдарынан ұшпалы май қышқылдарына айналады. Тəулігіне сиыр қарнында 4-5 л, ал қойда - 0,5 л ҰМҚ түзіледі.
Клетчатканың ыдырауы кезінде өте көп мөлшерде сірке қышқылы, азырақ мөлшерде пропион қышқылы жəне өте аз мөлшерде майлы қышқыл түзіледі.
33. Гликогеннің бауыр және бұлшык еттерде түзілуі және ыдырауы.
Гликогеннің түзілуі мен ыдырауы. Гликоген глюкозаның корға жиналған түрі. Ол жануарлардың ағзасында өсімдіктегі крахмалдың аналогы болып табылатын полисахарид. Гликоген бауырда белсендендірілген глгокозадан (Г-6-Ф) гликоген-синтетаза ферментінің катализімен Г-1-Ф-дан түзіледі. Бауыр гликогенді көмірсу алмасуының баска өнімдерінен, лактат пен пируваттан түзе алады. Гликогеннің ыдырауы гидролиз және негізінен фосфорлану арқылы жүреді. Фосфоролизді (фосфор қышқылы компоненттерінің қосылуы мен жүретін гликогеннің ыдырауы) катализдейтін фосфорилаза немесе гликогенфосфорилаза ферменттері әсерінен Г-І-Ф түзіледі, ол өз кезегінде алмасу үдерістеріне (бұлшық еттерде — аэробты және анаэробты гликолиз, т.б.) катысатын фосфоглюкомутаза әсерінен Г-6-Ф-қа айналады. Бауырда Г-6-Ф глюкоза мен фосфатқа ыдырайды. Глюкоза қанға түседі. Осылайша, қайтымды синтез және ыдырау реакцияларының көмегін глюкозаның мөлшері ағзаның қажеттілігіне байланысты бақыланады. Гликоген деңгейі гормондармен реттеледі. АКТГ, глюкокортикоидтар, инсулин гормоны бауырдағы гликогеннін мөлшерін көбейтеді, ал адреналин, глюкагон, соматотропты гормон, тироксин — керісінше азайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет