1. Биологиялық активті заттар, ферменттер, витаминдер алу


Ауаны тазарту және залалсыздандыру



бет7/9
Дата13.01.2023
өлшемі34.97 Kb.
#468362
1   2   3   4   5   6   7   8   9
lektsiya 1

Ауаны тазарту және залалсыздандыру.
Газды сүзу механизмдері
Биологиялық өндірістерде механикалық қосылыстардан тазарту және ауаны залалсыздандыру маңызды технологиялық үдеріс болып табылады Осындай залалсыздандырылған ауа цехтар мен бокстарды желдету үшін залалсыздандырылған дақылдық сұйықтарға қысыммен берілу үшін және залалсыздандырылған ыдыстарда бастапқы қысымды ұстап тұру үшін қолданылады. Негізгі залалсыздандырылған ауаны дақылдау үдерісінде аэрация кең қолданылады. Лабораториялардан және өндіріс орындарынана шыққан қалдық ауа, құрамындағы микроорганизмдерінен тазартылып, азалығы бақыланады.
Ауаны залалсыздандыру үшін қолданылатын техникалық тазарту жүйесіне қойылатын негізгі талап-оны микрофлорасынан және басқа да қосылыстардан тазарту болып табылады. Осы талаптарды қанағаттандыр-ғаннан асқа, қарастырып отырған жүйе белгілі бір термодинамикалық сипаттамалары (температура, ылғалдылық, қысым) бар ауаны алуды да қамтамасыз ету керек.
Ауаны жоғары дәрежеде тазарту (99,9999999%) үшін газдағы аэрозольды бөлшектерді жойып, оны әр түрлі талшықты ( қағаз, картон) немесе тесіктері бар (полимерлер, металдар, керамика) материалдардан өткізуге болады.
Микроорганизмдерді, жануар және вирус клеткаларын өсіргенде, биореакторға залалсыздандырылған ауаны немесе басқа газдарды дақылдық сұйықтықты аэрациялау үшін жіберу керек. Биореакторға жіберілген ауа өсіп жатқан дақылды оттекпен, азотпен, көмірқышқыл газымен қамтамасыз етіп қана коймай, микроорганизмдердің биосинтез үдерісінде бөліп шығарған газ алмасу және физиологиялық жылу өнімдерін аластатады. Нәтижесінде, масса және жылу алмасу үдерісінің жылдамдығы артып, суспензия гомогенизация-ға қабілетті болады. Газдың ылғалдылығына да мән беру керек, егер ол тым жоғары болса, онда сүзгіштің жұмысы тұрақсызданады.
Ауаны тазартуға арналган сүзгіштер құрылысы бойынша 2 топқа бөлінеді: талшықты сүзгіш материалдарын пайдаланатын күрделі типті сүзгіш және жеке сүзгіш. Күрделі типті сүзгіштің артықшылығы, ол арзан және қарапайым, сондай-ақ шаң жинағыш (сүзгіштің үстіңгі бетінде шаңды көп мөлшерде ұстап қалады). Ал, кемшілігіне келсек, тиімділігі біркелкі емес және бұл сүзгіштермен жұмыс істеу сенімсіз және тұрақсыз болып табылады.
Жұмыс істеуге сенімді, жақсы сүзгіштер жогары тиімді, механикалық, мықты материалдардан дайындалады. Оның пішіні мен көлемі дайындалған материалдың сипатына байланысты болады. Сүзгіш материалдар
Жұмыстың мақсатына байланысты қазіргі кезде сүзгіш материалдың көптеген жаңа түрлері қолданылады.
Ауа тазартқыш сүзгілердің құрылысы
Ауаны алдын ала тазалау сүзгіші. Бұл сүзгіш ауа үрлейтін құбырдың немесе компрессордың алдындагы сіңіргіш линияға орнатылады. Инерциялық тұндыру тәсілімен 1,5-3,0 м/с сүзу жылдамдықта көлемі 5мкм -ден үлкен ауа бөліктері тазартылады.
Нәзік тазарту сүзгіші (басты). Басты сүзгіш компрессор немесе ауа үрлегіш құбырдан алдын ала тазарту сүзгісінен өткеннен кейінгі жүйеге түскен -ауаның негізгі ластанған массасын ұстап қалуға арналған.
80-ші жылдарға дейін Отандық өндірістерде технологиялық ауаны залалсыздандыру үшін көбінесе тереңнен сүзгіштер қолданылып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет