1. Биотехнология ғылым және өндіріс саласы ретінде. Даму тарихы, биотехнология бағыттары. Биотехнология —



бет17/31
Дата07.05.2024
өлшемі2.31 Mb.
#500676
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Биотех читать

6. Физикалық араласу – фермент пен тұтынушы ұнтақтың араласуы. Əдіс сондай қарапайым, бірақ соншалықты сенімді емес. Фермент тұтынушыдан бөлініп қалуы жəне ерітіндіге ауысып кетуі ықтимал.

17. Иммобилизацияланган ферменттер" ұғымына анықтама беріңіз. Ферменттерді иммобилизациялау әдістерін атаныз және оларды сипаттаныз.


Иммобилизденген фермент дегеніміз-ерімейтінбиокатализаторлар, оларда ферменттер химиялық немесе физикалық (адсорбция күшімен) түрде қандайда бір тасмалдағышпен байланысқан, матрицаға немесе микрокапсулаға бекітілген. Ферментті тасмалдағыштар немесе матрицалар мүлдем ерімейтін, химиялық және биологиялықтұрақтылығы мен ерекшеленетін, механикалық беріктігі жоғары болуы тиіс. Иммобилизделген ферменттерді алу үшін полимерлі тасымалдағыш негізіндегі табиғи (целлюлоза және оныңтуындылары) және жасанды (полистирол, полиакриламид, полиамид) полимерлер кеңінен қолданылады.Тасымалдағыш ретінде сонымен қатар саңылауы бар шыныны, сазды, силикагельді, мата, қағаз және т.б. материалдарды қолданады.
Ферменттер иммобилизациясы өте қиын мақсатта және әрбір фермент үшін жеке–жеке есептелінеді. Ферменттерді иммобилизациялаудың химиялық және физикалық әдістері бар. Физикалық әдістер ақуыздардың әртүрлі беттерде адсорбцияланатын қабілетіне негізделген. Адсорбция әдісі өте қарапайым, бірақ оның кемшілігі болып, иммобилизделген ферменттердің оңай десорбциясына байланысты.
Фермент тасымалдағышпен өзара әрекетке түспейтін иммобилизациялық әдісі бар. Онда фермент гель торымен ұяшықтарына енгізілген
болуы мүмкін. Фермент иммобилизациясы үшін акриламид гелі кеңінен қолданылады.
Ферменттерді иммобилизациялаудың химиялық әдісі матрица мен ақуыз молекуласының арасында ковалентті байланыстың түзілуіне негізделген. Химиялық әдістің артықшылығы пролонгирлеуші әрекеті биокатализаторларды алуға мүмкіндік береді: фермент ұзақ уақыт бойы қолданылса да ерітіндіге өтпейді.
Фермент иммобилизациясымен қатар микроорганизмдердің бүтін жасушасы да иммобилизациялануы мүмкін. Бұл әдіс полимер кеңістігінің торына жасушаның механикалық негізделуіне негізделген, онда олар өзінің тіршілік етуіне және ферменттік активтілігін сақтайды. Иммобилизация кезінде тәртіп бойынша фермент активтілігі төмендейді. Иммобилизденген формада
фермент активтілігі бастапқы еритін ферменттің активтілігінің 10-90% құрайды.
Клеткалар мен ферменттердің иммобилизациясы үшін үшін қолданылатын таратушылар. Клеткалар мен ферменттердің иммобилизациясы үшін
мінсіз материалдарды қолдану, яғни олар мына қасиеттерге ие болу керек: ерімейтін болу керек, жоғары химиялық және биологиялық тұрақтылық; гидрофильділік; біршама енуі қасиеті; тез жұмыс істей алуы.  Табиғи жағдайға байланысты таратушылар органикалық және бейорганикалық болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет