1 Біріккен кәсіпорынның мәні


III. ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ АУДИТІ



бет5/6
Дата29.02.2016
өлшемі1.47 Mb.
#32880
1   2   3   4   5   6
III. ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ АУДИТІ

    1. Аудиторлық тексеру және салықтық есептеу кезіндегі ерекшелігі


Аудиторлық тексеру кезіндегі ерекшелігі

Материалдық емес активтер ұзақ мерзімді активтерге жататындықтан олар біріккен кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қолданатын еңбек құралдары, өндіріс құралы болып табылады. Активтерді жасауға, құруға кеткен шығындарды есептеуге болатын активтер, сатуға келмейтін активтер материалдық емес активтерге жатпайды. Материалдық емес активті есепке алуда біріккен кәсіпорын есепке алынғалы отырған материалдық емес активтердің болашақта белгілі бір табыс келтіретіне, дәлдігі мен нақтылығына, пайдалану мерзімінің делдігі мен нақтылығына сенімділігі жоғары болуы керек. Материалдық емес активтердің басқа активтерден ерекшелігі есепке алынып, баланста тұруының негізділігі, есепке алу кезіндегі бағалау және оның әрі қарайғы қозғалысын дұрыс есептеу, амортизациялық шығындарды дұрыс есептеу және салық салуға әсері немесе салық есептеуге әсеріне байланысты болып келеді.



Маетриалдық емес активтерді салқтық есептеу негізінен салықтың үш түріне байланысты: корпоративтік табыс салығы, мүлік салығы, қосылған құн салығы. Бұдан басқа алымдардың кейбір түрлеріне де байланыстылары бар. Мысалы: лицензиялық алым, потенттік алым, заңды тұлғаларды тіркеу алымы. Мүлік салығы дұрыс есептелінуі үшін салық салынатын база, яғни тұрақты активтердің орташа жылдық құнының дұрыс анықталынуы және оның нақтылығы маңызды. Сатып алынған материалдық емес активтер және сатылған материалдық емес активтерінің құнының құрамындағы ққс дұрыс бөлектеніп есептелінуі керек. Кокорпоративтік табыс салығына байланысты салықтық есептеу ерекшелігі амортизация шығындарын , сонымен бірге қаржылық нәтижені және салық салынатын табысты есептеуге тікелей байланысты. Сонымен бірге материалдық емес активтердің қозғалысы құндық баланста дұрыс есептелінуі керек. Қазіргі қолданыстағы салық кодексінің нормаларына сәйкес:

  1. алғашы іске қосылған материалдық емес активтер бойынша амортизация нормасын екі еселеп падалануға болады;

  2. Материалдық емес активтер түгел есептен шығарылған жағдайда құндық баланстың қалдығы түгелімен шегерілімге жіберіледі;

  3. Көлемі 100 айлық есептік көрсеткіштен кем құндық баланстың қалдығы түгелімен шегерілімге жіберіледі;

  4. Егер есептен шығарылған (сатылған,т.б.) материалдық емес активтердың құны жыл басындағы құндық баланстың құнынан артық болса, артығы жиынтық жылдық табысты қосып салық салынады.

Негізгі құралдарды аудиттеу кезінде оның пайдалану мерзімі, өндірісте, қызмет ету орындарында жылжитын және жылжымайтын еңбек құралы ретінде алатын орны, оның тозуы қарастырылады. Негізгі құралдардың ішінде жер, өнім беретін мал, музейлік құндылықтар, архитектура және өнер ескерткіштері, аяқталмаған құрылыс және басқа да түрлері амортизациялануға жатпайды. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдарға жер, ғимараттар, машина және қондырғылар, көлік және бөгде негізгі құралдары жатса, ал салықтық есепте негізінен салалық пайдалану сипатына қарай топтарға және кіші топтарға бөлініп жіктеледі. Амортизация шығындары бухгалтерлік есепте амортизация нормасы бойынша бес түрлі әдіспен есептелінсе, салықтық есепте салықтық кодексте беркітілген шектік амортизация нормасының көлемінде және басқа салықтық кодекс нормаларына сәйкес тек қана шегерілмелі қалдық құн әдісімен есептеледі. Ал негізгі құралдардың жөндеу шығындары бухгалтерлік және салықтық есепте әртүрлі есептелінеді. Сондықтан негізгі құралдарды аудиттеу кезінде есептеуге тиісті ерекшеліктер мыналарға байланысты:

  1. бухгалтерлік есептегі ерекшелігі мүліктің негізгі құрал ретінде есепке алудың негізі мен нақтылығына;

  2. негізгі құралдардың қозғалысының дұрыс құжатталынуын және есептелінуіне;

  3. Негізгі құралдардың сақталуына;

  4. Негізгі құралдардың амортизация шығындарының және жөндеу шығындарының бухгалтерлік есепте дұрыс есептелінуіне;

  5. Негізгі құралдарды жою, есептен шығару нәтижесін дұрыс есептеуге;

  6. Салық салуға;

  7. Негізгіқұралдардың тиімді пайдаланылуына.

Негізгі құралдарды салықтық есептеудің ерекшелігі негізінен корпоративтік табыс салығына, ҚҚС-на, мүлік салығына, жер және көлік салығына байланысты. Ол ерекшеліктер негізгі құралдардың амортизациялық шығындарын, жөндеу шығындарын, құндық баланс қалдығын, есепке алынған ққс, негізгі құралдардың орташа жылдық қалдық құнын анықтауға, жер учаскісі мен көлік құралдарының салық салуға байланысты кейбір сипаттарын бөлектеп есептепуге байланысты.

Тауар-материалды жинақтың тұрақты активтерде емес, пайдалану сәтінде өз құнын сатылған өнім, жұмыс, қызметтің құнына тікелей бірден ауыстырады. Сондықтан ТМЖ-ты сандық және құндық есебін жүргізу, сақталынуын қамтамасыз ету. Сақталу жағдайы сапалық және басқа да қасиеті, жинақтарының көлемі бухгалтерлік есепте және біріккен кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуда үлкен мәні бар. Себебі олардан кәсіпорынның шығарған өнімінің және қызметінің көлемі, сатудан түскен табыстың көлемі, өнім мен қызметтің бәсекелестік қызметі тікелей байланысты. Сонымен бірге ТМЖ-тың көлемі ақылға сыйымды, оптималды көлемі қаржы жағдайына, ақша қаражатының айналымына тиімді пайдалануына тікелей әсер етеді.

ТМЖ-пен өндірісте пайдаланатын шығындар сатып алу циклынан өтеді. Сатып алу циклі бұл кәсіпорының қызметін іске асыруға, өндіріске қажетті тауарларды, материалдарды, шикізаттарды, қызмет түрлерін нарық кеңестігінде іздеп, тауып, сатып алуға келісім жасалған уақыттан бастап ол жиынтықты сатып алу, жеткізу, сақтау және өндірісте пайдалануға дейінгі аралықты қамтитын кезең, процесс болып табылады. Сатып алу кезеңі немесе циклы белгілі бір мөлшерде сатып алу, дайындау шығындарын қажет етеді. Бұл шығындар тауар, материал, қызмет түрлерінің сатып алу құнымен қосылып ТМЖ-ның нақты өзіндік құнын қалыптастырыды. ТМЖ-ты тасымалдау, дайындау шығынларына, сондай-ақ импортталатын ТМЖ-қа кеден шығындары жабдықтаушы, жеткізуші делдалдық ұйымдарға төнетін мүдде, сыйақы, тасымал, тиеу, түсіру саудалық қосымшалар мен шегерімдер және басқада шығындар жатады.

ТМЖ-ты сандық, құндық есептеу оны бағалау әдісін таңдау біріккен кәсіпорынның есептеу саясатында белгіленеді, анықталады және есептік кезеңнің ішінде оны өзгертуге болмайды. Материалдық жинақты дұрыс бағалау, бағалау әдісін пайдалану, өндірістік тасымал дайындау шығындары сатылатын өнім, тауар, жұмыс, қызметтің өзіндік құны арқылы салық салынатын табыстың көлеміне және бюджетке төленуге тиісті корпоративтік табыс салығының көлеміне тікелей әсер етеді. Сондықтан ол шығындар ТМЖ-ты бағалау, бағалау әдістерін пайдалану, салық органдары тарапынан қатаң бақыланады, тексеріледі.

Аудиторлық тексеру кезінде ескеруге тиісті ТМЖ-қа байланысты ерекшеліктердің бірі бұл – ТМЖ-тың жыл аяғындағы қалдықтың міндетті түрде түгенделуге тиістілігі болып табылады. Бұл ТМЖ қалдығының сақталынғандығын есепте дәл көрсетілген, яғни жетіспеушіліік және басқа да есептегі қателіктер мен ауытқулардың келесі есептілік мерзімге ауытқып, әсер етпеуі қамтамасыз ету үшін іске асырылады. Аудиторлық тексеру кезінде ескерілетін ТМЖ-ты есептеудегі ерекшеліктер негізінен мыналарға байланысты:


  1. ТМЖ түрінің көптігі мен әртүрлілігі. Осыған байланысты сандық, құндық есеп жүргізу, синтетикалық, аналитикалық есептеу, ТМЖ-ты бағалау әдістерінің әртүрлілігіне;

  2. ТМЖ-тың сақталуының, түгенделуінің ТМЖ-қа материалды жауапты адамның жауапкершілігінің маңыздылығында;

  3. ТМЖ-тың оптималды көлемінің оны үнемі ұқыпты, тиімді пайдалануының қажеттілігінде, маңыздылығында, көлемінің оптималды болуында;

  4. ТМЖ-ты есептеу, пайдалану, бағалаудың салық салу мәселелерімен тығыз байланысында.

ТМЖ-ты салықтық есептуедің ерекшелігі негізінен корпоративтір табыс салығына, ҚҚС, акциз салығына, экспортқа шығатын шикі мұнай мен газға ренталық салығына байланысты. Оның ішінде салықтық есепте ТМЖ-тың шығын болған көлемін анықтау қажет. Әдеттегі әдіспен емес, арнайы әдіспен, формулалармен анықталады. ТМЖ-тың шығындалуын, сатылуын есептеуде пайдаланылатын бағалау әдістері өзгерген жағдайда корпоративтік табыс салығына байланысты қосымша салықтық міндеттемелер пайда болады.

Инвестиция - кәсіпорынның негізгі кпиталына және айналым капиталын толықтыруға өндірістік және өндірістік емес салада табыс табу мақсатында қаржы, құнды қағаздарды, салымдарды, әртүрлі негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді салу болып табылады. Ұзақ мерзімді инвестиция ұзақ мерзімде тұрақты табыс табу үшін инвестицмяланған және инвестицияланушы біріккен кәсіпорынның ұзақ мерзімде бақылауға, басқаруға алу үшін қолданады. Ондай жағдайда акция пакеті ірі көлемде болуы керек. Ал нақты немесе тікелей инвестиция инвестициялық табыс табу үшін еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорынға, бірлескен қызметке қаржы салу болып табылады. Сондықтан ұзақ мерзімді инвестицияларды аудиттеу кезінде инвестицияланатын біріккен кәсіпорынның негізгі капиталын дамыту үшін салынған салымдарының ерекшелігі қарастырылады.

Ұзақмерзімді инвестицияны салықтық есептеудің айрықша ерекшелері жоқ, себебі инвестициялар салық салудан босатылған. Ал инвестициядан түскен табыстар табыстың басқа түрлерімен бірдей салық салынуға жатады. Сондықтан инвестиция салымынан түскен табысты дұрыс анықтау, есепте дұрыс көрсетілуі мұқият тексерілуі керек.

Кез-келген біріккен кәсіпорын өз қызметін іске асырудың барысында әртүрлі талаптар мен оның ішінде жеткізушілермен, мердігерлермен, сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен жұмыс жасайтын қызметкерлермен, лауазымды адамдармен, құрылтайшы немесе қатысушылармен, бюджетпен, банкпен, инвесторлармен және басқа да субъектілермен есеп айырысу қарым қатынасына түседі. Біріккен кәсіпорындар есеп айырысу операциясын қолма-қол ақша төлеу, вексельдер мен өзара тауар қызмет алмасу жолдарымен де іске асыруы мүмкін. Есеп айырысудағы ақша қаражаттары да біріккен кәсіпорынның, бірақ қарызға алынған (алажақ, бережақ) ақша қаражаты болып табылады. Сондықтан да кез-келген алажақ немесе бережақ қарыздардың қашан ад себебі долады. Жоғарыда аталған есеп айырысуға қатысушылардың және есеп айырысудың формаларының әртүрлілігі аудиторлық тексеру кезінде ескеріліп, есеп айырысудағы қателіктер мен кемшіліктердің де әртүрлі болуы мүмкін екендігі қатерге алынуы керек.

Алажақ және бережақ қарыздарды мейлінше азайтып немесе төлеудің мерзімінде іске асыруын қамтамасыз ету біріккен кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарта түсуге тікелей немесе керісінше әсер етеді. Төлемнің мерзімінде іске асырылуы, қарыздың көбеюі, қаржы жағдайының мейлінше қиындап, ал нәтижесінде дәрменсіз болуына да әкеліп соқтыруы мүмкін. Аудиторлық тексеру кезінде қателіктер мен кемшіліктерді дүзетумен қатар келісімшарт және есеп айырысу тәртібін жақсарту жөнінде де ұсыныстар беруі мүмкін. Есеп айырысуды аудиттеу де аудиторлық тексерудегі жауапты участоктардың бірі.

Алажақ қарыздарды салықтық есептеудің ерекшеліктері негізінен іссапар және өкімдік шығындарды, қүмәнді қарыздарды болашақ кезеңнің шығындарын есепке алуға тиісті ҚҚС есептеуге байланысты. Бережақ қарыздарды салықтық есептеудің ерекшеліктері негізінен күмәнді міндеттерді болашақ кезеңнің табыстарын алған несиелер мен қарыздар үшін төленген пайыздық сыйақыларды салықтар мен төлемдер бойынша бюджет алдындағы қарыздарды есептеуге байланысты.

Ақша қаражаты қашан да кейбір кемшіліктерге, жетпестік, жоғалу, ұрлану, жасыру, заңсыз есептен шығару қателіктеріне байланысты біріккен кәсіпорынның бос ақша қаражатының жоқ болуы да немесе көп бос ақшаның болуы да кездеседі. Ақша қаражатын аудиттеудің ерекшелігі осы қателіктерді анықтап, ақша қозғалысы туралы есептемеде ақшаның келу, түсу, жұмсалуы көрсетіледі және де аудитордан жоғары біліктілік қабілетін, жауапкершілік қабілетін талап етеді.

Бухгалтерлік есепте меншікті капиталдың әрбір элементі бөлек синтетикалық шоттарда есептеледі. Ондағы өзгерістер, қозғалыстар тиісті заңсыздықтар және нормативтік актлермен реттеледі, шектеледі, аудиторлық тексеру кезінде олардың мұқият сақталынуы тексерілуі керек.

Меншікті капитал оның жеке элементтеріне жарғылық капиталға салынатын жарналарға ешқашанда салық салынбайды, сондықтан да меншікті капиталда салықтық есептің ерекшелігі болмайды.

Табыстың толық есепке алынуы бухгалтерлік және салықтық есепте толық көрініс табуын қамтамасыз ету болып табылады. Табыс ішкі бақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оның толық есепке алынуы сату шығындарын азайтып, сатудан түскен табысты көбейту алдын ала жасақталған, сату-сатып алу келісімшартының сауатты дұрыс жасалуына да байланысты. Сонымен қатар тауар алмастыру бартерлік операцияларды бухгалтерлік және салықтық есепте дұрыс көрсету. Қорыта айтқанда табыстарды аудиттеу – бұл жалпы аудиторлық тексерудің нәтижесін анықтайтын жауапты участок, ол аудитордан жоғары біліктілікті, тәжірибені талап етеді.

Табыстарды салықтық есептеудің ерекшелігі салық кодексінің нормаларына сәйкес жалпы жиынтық табысты дұрыс есептеуге байланысты болып келеді. Бухгалтерлік есепте есепке алынатын табыстардың бәрі бірдей салықтық есепте жылдық жиынтық табысқа енбейді, ал керісінше салықтық есепте жылдық жыйынтық табысқа бухгалтерлік есепте көрініс таппайтын кейбір табыс түрлері де қосылады.


    1. Аудиттің міндеті, тексеру әдістері мен талдауда аудит үшін маңызды нәрселер

Қандайда болмасын біріккен кәсіпорынды аудиттеудің міндеті мен тексеру процедуралары, әдістері қолданылады. Біріккен кәсіпорынды аудиттеудің негізгізгі міндеті өзінің тұжырымы мен пікірін қалыптастыруы үшін, аудиторлық делелдемелер мен қаржы есептемесінің әрбір беркітілімен растау немесе жоққа шығару болып табылады. Ал аудиторлық процедуралар жекеленген аудиторлық дәлелдемелер жинақтаудың әдістерінен, тәсілдерінен, жолдарынан құралады. Аудитте тексеру әдістері қаржылық бақылаудың барлық түріне бірдей пайдаланылмайды, сондықтан өзіне ғана тән тексеру әдістері болады. Тәжірибеде тексеру әдістері әдетте таза, жеке-жеке емес, бірнеше әдіс қатар бірігіп пайдаланылады. Аудиторлық тексеруде жұмыс түрлері әртүрлі болып келеді. Сондықтан аудиттің міндеті мен тексеру әдістері шама шарқынша әртүрлі болып келеді.

Материалдық емес активті аудиттеудің міндеті – қаржы есептемесінің материалдық емес активтегі және олардың тозу құнына байланысты көрсеткіштердің шынайылығын, нақтылығын және негізділігін тексеру болып табылады және оның міндетіне байланысты: 1)есепке алу, бағалау, пайдалану мерзімін анықтау сияқты шынайылық заңдылығын, негізділігін тексеру; 2)материалдық емес активтерді және оның қозғалысын құжаттау және бухгалтерлік, салықтық есептің дұрыстылығын тексеру; 3)қаржы есептемесі көрсеткіштерінің бухгалтерлік есеп регистрлерінің мәліметтеріне сәйкестілігін тексеру бағыттыры бар. Материалдық емес активтерді аудиторлық тексеру кезінде әртүрлі тексеру әдістері қолданылады. Оларға:


  1. Материалдық емес активтердің есепке алынуының заңдылықтарына құқықтық баға беру және экономикалық негізділігін тексеру;

  2. Құжат бойынша тексеру;

  3. Нақтылығын тексеру.

Аудиторлық тексеру кезінде аудит үшін материалдық емес активтердің пайдалану тиімділігін, сондай-ақ қажетсіз басы артық, моральдық жағынан ескірген материалдық емес активтердің барлығын анықтап, талдау жасау өте маңызде.

Негізгі құралдардың экономикалық тиімділігін, пайдаланылуын талдауда оларды сақтау мен пайдаланудың жайы, негізгі құралдардың құрамы, оны оңтайландыру немесе жарамсыз, қажетсіз болса артық негізгі құралдарды азайтып, ретке келтіру. Негізгі құралдарды оңтайландыру оларды тиімді пайдаланумен қатар салық салуға әсер етеді. Оңтайландыру кезінде негізгі құралдардың өнімділігі, қуат сыйымдылығы, қалдықсыз қызмет етуі, тағы сол сияқты өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің сапасына тікелей әсер ететін сипаттары да ескерілуі керек.

Негізгі құралдардың міндеті – қаржы есептемесінің негізгі құралдар, оның тозу, құны, жөндеу шығындары жөніндегі көрсеткіштерінің толықтығы мен шынайылығын, негізгі құралдарды бухгалтерлік және салықтық есептеудің жайын тексеру және негізгі құралдың пайдалану тиімділігін талдау. Негізгі құралдардың ерекшелігіне , оларды аудиттеудің міндетіне сәйкес аудиторлық тексерудің негізгі бағыттары мынадай:


  1. Мүліктің негізгі құрал ретінде есепке алынуының негізділігін, дұрыстығын тексеру;

  2. Бухгалтерлік және салықтық есепте негізгі құралдардың қозғалысын, жойылуын, жойылу нәтижелерін есептеудің дұрыстығын және құжаттардың дұрыстығын тексеру;

  3. Амортизация шығындарын және жөндеу шығындарының бухгалтерлік және салықтық есепте дұрыс есептелінуін, оның салық салуға әсерін тексеру;

  4. Қаржы есептемесі көрсеткіштерінің бухгалтерлік есеп регисторларының мәліметіне сәйкестігін тексеру;

  5. Негізгі құралдардың сақталуын тексеру және тиімді пайдаланылуын тексеру.

Басқа активтер сияқты негізгі құралдарды да аудиторлық тексеру әдістері бар:

  1. Заңдылық нормаларының сақталуына құқықтық баға беру;

  2. Біріккен кәсіпорынның ішкі бақылау және бухгалтерлік есептеу жүйесін бағалау;

  3. Негізгі құралдардың қозғалысының құжатталынуын жаппай немесе іріктеп құжат бойынша тексеру;

  4. Нақтылығын тексеру.

Негізгі құралдардың экономикалық тиімділігін, пайдаланылуын талдауда оларды сақтау мен пайдаланудың жайы, негізгі құралдардың құрамы, оны оңтайландыру немесе жарамсыз, қажетсіз болса артық негізгі құралдарды азайтып, ретке келтіру. Негізгі құралдарды оңтайландыру оларды тиімді пайдаланумен қатар салық салуға әсер етеді. Оңтайландыру кезінде негізгі құралдардың өнімділігі, қуат сыйымдылығы, қалдықсыз қызмет етуі, тағы сол сияқты өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің сапасына тікелей әсер ететін сипаттары да ескерілуі керек.

Тауар-материалдық жинақты аудиторық тексерудің міндеті – қаржы есептемесінің ТМҚ-ға қатысты көрсеткіштерінің дұрыстығы мен шынайылығын тексеру, ТМЖ-ты ішкі бақылау және бухгалтерлік есептеу жүйелерін бағалау, сондай-ақ шикізат, ТМЖ-тың пайдаланылуының тиімділігін талдау. Осыған байланысты ТМЖ-ты аудиторлық тексерудің бағыттары: қозғалысын есептеудің, құжаттаудың және оны бағалаудың дұрыстығын тексеру; ішкі бақылау жүйесін зеріттеу; тиімділігін, сақталынған қалдықтарының нақтылығын, жинақ көлемінің оптималдығын сақтандыру, пайдалану жағдайын тексеру. Сол сияқты тауар-материалдық жинақты тексерудің ішкі бақылау және бухгалтерлік есеп жүйесін бағалау, жаппай немесе іріктеп, құжат бойынша тексеру, нақтылығын тексеру, мамандармен, материалды-жауапты адамдармен әңгімелесу, сөйлесу, оның түсіндірмесін алу әдістері, қажет болған жағдайда басқа да тексеру әдістері қолданылады.

ТМЖ-ты талдау кезінде аудитор үшін оларды пайдаланудың тиімділігін, өзіндік құндылығын, оның ауыспалы қалдықтарының оңтайлылығын қойма шаруашылығымен қамтамасыз етілуін, тасымал схемаларын талдап, оларға әсер ететін факторларды анықтау маңызды болып табылады.

Ұзақ мерзімді қаржылық және нақты инвестицияларды аудиттеудің міндеті – қаржы есептемесінің ұзақ мерзімді нақты және қаржылық инвестициялар бойынша көрсеткіштердің толықтығы мен шынайылығын тексеру, оның бағалану әдістері мен есепте көрсетілуін зеріттеу, инвестициялық тиімділігін талдау. Аудиттің міндетіне сәйкес тексерудің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:



  1. Біріккен кәсіпорынның инвестиция нәтижесінде сатып алынған активтеріне меншік құқығын және инвестициялық шығындарды растауды тексеру;

  2. Инвестициялау нәтижесінде алынған активтердің бағалануын, оның дұрыс құжатталынуын және есепте көрсетілуін тексеру;

  3. Ұзақ мерзімді және қаржылық инвестициялардың тиімділігін зеріттеу және талдау.

Ұзақ мерзімді инвестицияларды аудиторлық тексеруде алдымен қолданылатын әдістерге ұзақ мерзімді қаржылық және нақты инвестициялардың заңдылығын, экономикалық негізділігін және оларға мемлекеттік құқын анықтайтын, құжаттарды экономикалық және құқықтық баға беру әдістерімен тексеру болып табылады. Сонымен қатар қажет болған жағдайда инвестиция салымдарына, оған сатып алынған активтерге түгендеу жүргізілуі мүмкін. Түгендеу кезінде қаржылық инвестицияға алынған құнды қағаздар саналып, барлығы анықталып, сақталынуы тексеріледі. Ал ұзақ мерзімді нақты инвестициялар инвестицияланған субьектіден салынған инвестициялардың үлесі құны туралы жазбаша растау хатын алу жолымен тексерілуі керек.

Инвестицияның тиімділігін талдауда инвестиция салымының қайтарылуын талдау, инвестицияланған капиталдаң өсімін және инвестициядан тапқан табыс пен басқа да пайдалар, ұтыстар маңызды болып табылады.

Есеп айырысу немесе дебиторлық және кредиторлық қарыздарды аудиттеудің міндеті – қаржы есептемесінің алажақ және дережақ қарыздар мен міндеттемелерге байланысты көрсеткіштерінің толықтығы мен шынайылығын есепке алу операцияларын ішкі бақылау және бухгалтерлік есептеу жүйесін тексеру, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайын зеріттеп, талдау. Осымен байланысты аудиттің бағыттыры мыналар болып табылады:


  1. Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың аналитикалық есебінің жайын, оның синтетикалық есепке сәйкестігін, бухгалтерлік баланста есепте тұрған қарыздардың көлемінің шынайылығы мен негізділігін тексеру;

  2. Алажақ қарыздардың өндіріп алуға, ал бережақ қарыздардың төленуінің нақтылығын күмәнді қарыздар мен күмәнді міндеттемелердің есептен шығарылуының, бухгалтерлік және салықтық есепте дұрыс көрсетілуін тексеру;

  3. Алажақ және бережақ қарыздарды кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайын зеріттеу және талдау.

Қарыздарды тексерудің тәжірибеде жиі құжаттың жарамдылығын, формальды, арифметиаклық тексеру тәсілдері, бухгалтерлік баланста есепте тұрған алажақ және бережақ қарыздардың заңдылығы мен негізділігіне құқықтық баға беру, растау, талдау, ішкі бақылау және бухгалтерлік есептеу жүйесін бағалау әдістері қолданылады.

Алажақ және бережақ қарыздарды талдаудың негізгі мақсаты оның кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайына әсерін, сондай-ақ болашақта тоқыраусыз, крезиссіз қызмет етуіне айналым қаражатының айналымдылығын анықтау болып табылады.

Ақша қаражатын аудиттеудің міндеті – қаржы есептемесінің ақша қаражатына байланысты көрсеткіштердің толықтығы мен шынайылығын, сондай-ақ ақша қаражатының жұмсалу заңдылығы мен тиімділігін тексеру. Осыған байланысты аудиторлық тексерудің ақша қаражатын түгендеу, ақша қаражатының жұмсалымының заңдылығын тексеру және жұмсалудың, пайдаланудың тиімділігін тексеру бағыттары бар. Ақша қаражатын тексеру кезінде де тексерудің түрлі әдістері қолданылады, олар: нақтылығын тексеру, қозғалысын және оның құжатталынуын жаппай құжат бойынша тексеру, кассалық, банктік және валюталық операциялардың ақша қаражаты жұмысының заңдылықтарына құқықтық баға беру, ақша тасқынының бағытын, ақша қаражатының тиімділігін талдау немесе ақша қаражатының айналымдылығын талдау әдістері.

Ақша қаражаттарын тексеру кезінде аудит үшін кассадағы ақша қаражатының сақталу жағдайына, қозғалысының заңдылығына, алғашқы құжаттардың дұрыс нормативтік талаптарға сәйкестігін тексеру маңызды болып табылады. Банктік шоттардағы ақша қаражатының банктердегі шоттардағы құжаттардың көшірмесінің және соған сәкесті басқа да алғашқы құжаттардың сәйкестілігін, шоттардың ашылу, жүргізілу, жабылу тәртібінің сақталынуын тексеру өте маңызды болып келеді. Ал шетел валютасындағы ақша қаражаттарының бағамдық айырмасын көшірменің тиісті растаушы құжаттарға сәйкестігін, толықтығын, дұрыс жүргізілуін анықтау маңызды болып табылады.

Меншікті капиталды аудиттеудің міндеті – қаржы есептемесінің меншікті капиталға байланысты толықтығы мен шынайылығын тексеру, капиталдың құралу, төлену, өзгеру заңдылығына құқықтық баға беру. Меншікті капиталды аудиторлық тексерудің мынадай, яғни кәсіпорынның құрылу, қайта құрылу, мемлекеттік тіркелу, қызмет ету заңдылығын тексеру, құқықтық баға беру; жарғылық капиталдың құрылуы, төленуі, меншікті капиталдағы өзгерістердің бухгалтерлік есепте көрініс табуының заңдылығын тексеру; кәсіпорын жарғысының мазмұнына ондағы нормалардың қолданыстағы заңдылық актлеріне сәйкестігіне құқықтық экспертиза жасау бағыттары бар. Меншікті капиталды аудиторлық тексеру кезінде негізгі және жалғыз-ақ тексеру әдісі пайдаланылады. Ол – құжат бойынша тексеріп, құқықтық экспертиза жасау.

Меншікті капиталды талдауда меншікті капиталдың, оның ішінде жарғылық капиталдың сақталуына, өсуіне, құрамына, яғни оның құрамдас элементтерінің үлес салмақтарына, таза активтер көлемінің меншікті капиталға заңдылық актілерде белгіленген жарғылық капиталдың ең төменгі көлеміне сәйкесіне баса назар аударылады.

Табыстарды аудиттеудің міндеті – қаржы есептемесінің көрсеткіштерінң шынайылығы мен толықтығын, ішкі бақылау және бухгалтерлік есеп жүйесін тексеру, сондай-ақ табыстардың құралуын талдау және олардың құрамын оңтайландыру жөнінде ұсыныстар беру. Табыстарды аудиторлық тексерудің мынадай, яғни табыстарды толық кіріске алуды қамтамасыз ететін ішкі бақылау және бухгалтерлік есептеу жүйесін зеріттеу; шот-фактурада, т.б. табыстарды есептеу жөніндегі алғашқы құжаттардың дұрыс жасақталынуы мен мерзімінде есепке алынуын, табыстарды аналитикалық және синтетикалық есептеудің дұрыстығын және олардың сәйкестігін тексеру; табыстардың құрылымы мен динамикасын талдау және оларды оңтайландыру жөнінде ұсыныс дайындау бағыттыры бар. Табыстарды аудиторлық тексеру кезінде көбіне-көп құжат бойынша тексеру, құқықтық баға беру және ішкі бақылау мен бухгалтерлік есептеу жүйесін бағалау әдістері қолданылады.

Табыстарды талдау кезінде аудитор үшін табыстың салықтық кезең ішіндегі тұрақтылығын қамтамасыз ету, салықтың өсу тұрақтылығын қамтамасыз ету, салық салынбайтын немесе жеңілдіктер көзделген табыстың түрін көбейту маңызды болып табылады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет