1 Біріккен кәсіпорынның мәні


Аудиттеу кезінде тексерілетін ақпараттың көздері мен басшылыққа алынатын нормативтік актлер



бет6/6
Дата29.02.2016
өлшемі1.47 Mb.
#32880
1   2   3   4   5   6

Аудиттеу кезінде тексерілетін ақпараттың көздері мен басшылыққа алынатын нормативтік актлер

Біріккен кәсіпорынды аудиторлық тексеру, оның барысы тексеру кезінде жинақталған аудитолық дәлелдемелер ақпараттық көздер мен жұмысшы құжаттардан жинақталады. Мұндағы мәліметтер аудиторлық ұйымның сол кәсіпорынмен қызмет атқкруына септігін тигізеді. Тексеру кезінде жинақталған құжаттар, құжаттардың қөшірмесі, аудитордың жеке жазбалары, аудитордың жұмысшы құжаттарынан құралады. Аудитордың жұмысшы құжаттары аудиторлық тексеруді жоспарлау, тексерудің барысын бақылау, тексеру кезінде анықталған дәлелдемелерді талдап, жүйелеп аудиторлық пайымдар жасау және пікір қалыптастырып, аудиторлық қорытынды жасау, аудиторлық тексерудің сапасын кейінгі бақылау кезінде алғашқы аудиторлық нәтижелерімен танысу, білу, даулар кезінде аудит стандарттарының талаптарына сәйкес жүргізілетіндігін растау мақсатында қажет. Жұмысшы құжаттардың түрлері мен мазмұны, басқа да жағдайлары 230 “Құжаттама”-деп аталатын аудиттің халықаралық стандарттарында қарастырылған (1-слайд).

Әрбір елде аудиттің сол елдегі құқықтық негізі бар, олар әртүрлі болып келеді. Қазақстан Республикасында аудиторлық заңдылықтың негізінен құрайтын нормативтік актлер үш деңгейге бөлініп қарастырылған:

Бірінші деңгейге “Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы” заңы жатады. Ол 18.10.1993 жылы қабылданып, соңқы өзгертулер мен дүзетулер 11.06.2003 жылы енгізілді. Мұнда аудиттің негізгі принципі, түрі, аудиторлық қызметті атқару тәртібі, қағидалары, аудиторлық қызметті атқарушы мен аудиттелінуші кәсіпорын құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері анықталған.

Екінші деңгейге Қазақстан Республикасындағы аудиттің халықаралық стандарттары кіреді. 2000 жылы наурызда аудиторлар Палатасының Ⅴ Республикалық конференциясында Қазақстан Республикасындағы аудиттің халықаралық стандарттарға көшуі және оны ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешімі қабылданды. Қазіргі таңда аудиттің 46 халықаралық стандарттан тұрады.

Үшінші деңгейге тексеру нәтижесенде аудиторлық Ұйыммен дайындалған аудиторлық қызметтің Ұйым ішілік стандарттары кіреді. Мұндай стандарттардың болуы мен құрамы аудиторлық қызмет нарқын кеңейтеді (2-слайд).

Біріккен кәсіпорындарды аудиттеуде басшылыққа алынатын ақпараттар мен тексерілетін ақпараттың көздері әрбір жұмыс түрінде әртүрлі болып келетіндіктен, кәсіпорында негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, тауар-материалды жинақтарды және т.б. аудиттеу кезінде тиісінше әртүрлі ақпарат көздері басшылыққа алынады. Сондықтан әрбір жұмыс түрін жеке-жеке қарастырамыз.

Материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, тауар-материалдық жинақты, инвестицияларды, есеп айырысуларды, ақша қаражаттарын, меншікті капиталды, табыстарды, аудиттеу үшін қаржы есептемесінің көрсеткіштері мен ақпараттық көздері тексеріледі.

Материалдық емес активтерді аудиттеу кезінде қаржы есептемесінің бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығыстар туралы есептеме, ақша қозғалысы туралы есептеме және меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептеме көрсеткіштері тексеріледі. Соның ішінде бухгалтерлік баланстың 010-“Материалдық емес активтер (101-106)”, 011-“Гудвилл (105)”, 020-“Материалдық емес активтердің амортизациясы (111-116)”, 030-“Материалдық емес активтің баланстық құны (010-020)”, 031-“Гудвиллдің баланстық құны”, 150-“Жарғылық капитал (501-503)”, 160-“Төленбеген капитал (511)”, 190-“Қайта бағалау” жолдары болса, ал табыстар мен шығыстар туралы есептеменің 040-“Кезең шығыстары”, 041-“Сатудан түскен табыс”, 042-“Жалпы және әкімшілік шығыстар”, 060-“Негізгі емес қызметтен түскен табыс” жолдары тексеріледі. Ақша қозғалысы туралы есептеменің 041-“Материалдық емес активтерді сатудан түскен табыс”, 051-“Материалдық емес активтерді сатып алу” жолдары тексерілсе, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептеменің 2-“Шығарылған жарғылық капитал”, 3-“Төленбеген капитал”, 7-“Қосымша төленбеген капитал” графалары тексеріледі. Сонымен қатар материалдық емес активтерді аудиттеу кезінде материалдық емес активтерге байланысты алыс-беріс актлері, шотфактуралар, сату-сатып алу келісімшарты, атқарылған қызмет туралы акт, бағалау актісі, ішкі алыс-беріс актісі, сатылған материалдық емес активтерге шот-фактура мен алыс-беріс актлері, есептен шығару актлері, инвентарлық карточкалар мен тізімдер, амортизациялық шығындар есептеу ведомосы, №10 және №12 журнал-ордерлер мен т.б. алғашқы бухгалтерлік құжаттар мен бухгалтерлік есеп регистрлары қаралады.

Материалдық емес активті аудиттеу кезінде ең алдымен №28 “Материалдық емес активтерді есептеу”-деп аталатын Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарты (БЕҚС) және №38 “Материалдық емес активтер”-деп аталатын Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты (ҚЕХС) басшылыққа алады. Бұдан басқа азаматтық кодекс, салық кодексі, Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржы есептемесі туралы” заңы, сонымен қатар патент туралы, сауда белгілері туралы, авторлық және іргелес құқықтар туралы, лицензиялау туралы, жер кодексі, су кодексі, орман кодексі, табиғи байлықтарды пайдалану құқығы, селекциялық жетістіктері туралы Қазақстан Республикасының көптеген салалық заңдары жатады.

Негізгі құралдарды аудиттеу кезінде қаржы есептемесінің бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығыстар туралы есептеме, ақша қозғалысы туралы есептеме және меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептеме көрсеткіштері тексеріледі. Соның ішінде бухгалтерлік баланстың 040-“Негізгі құралдар”, 041-“Жер (121)”, 042-“Үйлер мен ғимараттар (122)”, 043-“Машиналар мен жабдықтар (123)”, 044-“Көлік құралдары (124)”, 045-“Өзге де негізгі құралдар (125)”, 046-“Аяқталмаған құрлыс (126)”, 050-“Негізгі құралдардың тозуы (131-134)”, 060-“Негізгі құралдардың қалдық құны (040-050), барлығы”, 061-“Жер”, 062-“Үйлер мен ғимараттар”, 063-“Машиналар мен жабдықтар”, 064-“Көлік құралдары”, 065-Өзге де негізгі құралдар”, 150-“Жарғылық капитал (501-503)”, 160-“Төленбеген капитал (511)”, 190-“Қайта бағалау сомасы, барлығы”, 191-“Негізгі құралдарды қайта бағалау” жолдары болса, ал табыстар мен шығыстар туралы есептеменің 020-“Сатылған дайын өнімнің (тауар, жұмыс, қызмет) өзіндік құны”, 040-“Кезең шығыстарының барлығы”, 041-“Сату бойынша шығыстар”, 042-“Жалпы және әкімшілік шығыстар”, 060-“Негізгі емес қызметтен табыс” жолдары тексеріледі. Ал ақша қозғалысы туралы есептеменің 042-“Негізгі құралдарды өткізу”, 050-“Негізгі құралдарды сатып алу” жолдары тексерілсе, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептеменің 2-“шығарылған жарғылық капитал”, 3-“Төлендеген капитал”, 7-“Қосымша төленбегн капитыл” графалары тексеріледі.

Негізгі құралдарды аудиттеу кезінде БЕҚС №6 “Негізгі құралдарды есептеу”, ҚЕХС №16 “Негізгі құралдар”, БЕҚС №17 Жалды есептеу”, ҚЕХС №17 “Жал”, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, салық кодексі, Қазақстан Республикасының жер кепілі туралы, жылжымалы мүлікке құқықты тіркеу туралы, жылжымалы мүлікті кепілге салуды тіркеу туралы салалық заңдылықтары, Қазақстан Республикасының Үкіметінің №1174, 1997 жылы 24.07 “Негізгі құралдарды қайта бағалау, индексация” туралы қаулысы қолданылады.

Тауар-материалды жинақты аудиттеу кезінде де қаржы есептемесінің бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығыстар туралы есептеме, ақша қозғалысы туралы есептеме көрсеткіштері тексеріледі. Соның ішінде бухгалтерлік баланстың 100-“Тауар-материалдық жинақ, барлығы”, 101-“материалдар (201-208”, 102-“Аяқталмаған құрылыс (211-213)”, 103-“Тауарлар (221-223)” жолдары болса, ал табыстар мен шығыстар туралы есептеменің 010-“Дайын өнімдерді (тауар, жұмыс, қызмет) өткізуден табыс”, 020-“Сатылған дайын өнімдердің (тауар, жұмыс, қызмет) өзіндік құны”жолдары, ал ақша қозғалысы туралы есептеменің 011-“Дайын өнімдерді (тауар, жұмыс, қызмет) өткізу” жолдары тексеріледі

Тауар-материалдық жинақты аудиторлы тексеру кезінде БЕҚС №7 “Тауар-материалдық жинақты есептеу”, ҚЕХС №2 “Жинақтар”, Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржы есептемесі туралы” заңы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, салық кодексі, шаруашылық жүргізуші субъектінің есептеу саясаты, ішкі нормативтік құжаттары, т.б. басшылыққа алынады.

Ұзақ мерзімді инвестицияны аудиттеу кезінде де қаржы есептемесінің бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығыстар туралы есептеме, ақша қозғалысы туралы есептеме және меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептеме көрсеткіштері тексеріледі. Соның ішінде бухгалтерлік баланстың 070-“Инвестиция, барлығы”, 071-“Еншілес серіктестіктердегі инвестиция (141)”, 072-“тәуелді серіктестіктегі инвестициялар (142)”, 073-“Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы инвестициялар (143)”, 074-“Басқадай инвестициялар”, 075-“Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясы (401-403)”, 192-“Инвестиция”, 300-“Еншілес серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың кредиторлық берешектері” жолдары, ал табыстар мен шығыстар туралы есептеменің 060-“Негізгі емес қызметтен түскен табыс” жолы тексеріледі. Ал ақша қозғалысы туралы есептеменің 014-“Дивидендтер”, 015-“Роялти”, 043-“Өзгелері”, 044-“Қаржы активтерін өткізу”, 053-“Өзге де ұзақ мерзімді активтерді сатып алу”, 054-“Қаржы активтерін сатып алу” жолдары, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептеменің инвестицияның есептен шығарылуы, шетелдегі бөлімшелерге салынатын инвестицияларды қайта бағалаудағы бағамдық айырмашылықтар графалары тексеріледі. Сонымен қатар құрылтай құжаттары, қатысушылардың, акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің көшірмелері, инвестициялау, сату-сатып алу, бірлескен қызмет атқару туралы келісімдер, шот-фактуралар, накладнойлар, алыс-беріс актілері, түгендеу актілері, төлем құжаттары, құнды қағаздар, оның сертификаттары, акционер реесторларынан көшірме, құнды қағаздарды тіркеу журналдарынан көшірме, бас кітаптардағы №12 журнал-ордерлері тексеріледі.

Ұзақ мерзімді қаржылық және нақты инвестицияларды аудиттеу кезінде БЕҚС №8 “Қаржылық инвестицияларды есептеу”, БЕҚС №10 “Байланысты тараптар туралы ақпараттар ашылып көрсетілімдері”, ҚЕХС №24 ““Байланысты тараптар туралы ақпараттар ашылып көрсетілімдері”, БЕҚС №13 “Біріккен қаржылық есептеме және еншілес кәсіпорындарға қаржы салымын есептеу”, БЕҚС №14 “Тәуелді ұйымдарға қаржы салымын есептеу”, БЕҚС №15 “Қаржы есептемесінде біріккен қызметке қатыстыру үлесін көрсету”, ҚЕХС №27 “Біріккен қаржылық есептеме”, ҚЕХС №28 “Ассоциациаланған компанияларға қаржы салымдарын есептеу”, ҚЕХС №31 “Біріккен қызметке үлес туралы қаржылық есептеме”, ҚЕХС №39 “Қаржылық инвестициялар туралы”, ҚЕХС №40 “Жылжымайтын мүлікті инвестициялау”, Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржы есептемесі туралы” заңы, есептеу”, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі тағы дабасқалары қолданылады.

Алажақ және бережақ қарыздарды аудиттеу кезінде бухгалтерлік баланстың 080-“Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, барлығы”, 081-“Алынуға тиісті шоттар (301, 303)”, 082-“Алынған вексельдер (302)”, 083-“Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешектері (321-323)”, 084-“Өзге де дебиторлық берешектер (332-334)”, 085-“Алдағы кезең шығыстары (341-343)”, 110-“Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер, барлығы”, 111-“Алынуға тиісті шоттар (301, 303)”, 112-“Алынған вексельдер (302)”, 113-“Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық берешектері (321-323)”, 114-“ Алдағы кезең шығыстары (341-343)”, 115-“Алынған аванстар (351-353)”, 116-“ Өзге де дебиторлық берешектер (331-334)”, 230-“Қарыздар, барлығы”, 231-“Банк қарыздары (601)”, 232-“Банктен тыс мекемелерден қарыз (602)”, 233-“Өзгелері (603)”, 260-“Қысқа мерзімді қарыздар мен овердрафт (601-603)”, 270-“Ұзақ мерзімді қарыздардың ағымдағы бөлігі (601-603)”, 280-“Қысқа мерзімді кредиторлық берешектер, барлығы”, 281-“Төленуге тиісті шоттар мен вексельдер (603, 671)”, 282-“Төленуге тиісті дивидендтер (621-623)”, 283-“ Алынған аванстар (661-663)”, 290-“ Бюджетпен есеп айырысу (631, 633-639)”, 300-“ Еншілес (тәуелді) серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың кредиторлық берешектері (641-643)”, 310-“Өзге де кредиттік берешектер және барлығын есептеу”, 311-“Міндеттемелердің шарттары мен кепілі (651, 652)”, 312-“Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу (681)”, 313-“Өзгелері (682-687)”, 314-“Алдағы кезең табыстары (611)”, жолдарындағы көрсеткіштердің көлемі тексерілуі керек.

Алажақ және бережақ қарыздарды аудиттеу кезінде БЕҚС №2 “Бухгалтерлік баланс және қаржы есептемесінің негізгі ашылып көрсетілімдері”, ҚЕХС №1 “Қаржы есептемесін”, Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржы есептемесі туралы” заңы, азаматтық кодекс, салық кодексі, кәсіпорынның есептеу саясаты сияқты нормативтік актілерін басшылыққа алады.

Ақша қаражаттарын аудиттеу кезінде қаржы есептемесінің ақша қозғалысы туралы есептемесі тексеріледі. Себебі мұнда ақша қаражатының қозғалысы толығымен тексеріледі және бухгалтерлік баланс. Бухгалтерлік баланстың 120-“Қысқа мерзімді қаржы инвестициясы (401-403)”, 130-“Ақша (411, 421-424, 431, 432, 441, 451, 452)” жолдары ғана тексеріледі. Ал тексерілетін алғашқы құжаттары кіріс касса ордерлері, шығыс касса ордерлері, төлем тапсырмалары, банктердің мемориалдық ордерлері, салық органдарының өкілеттері, банктің көшірмелері, касса кітабы, кассирдің есептемесі, касса ордерін тіркеу кітабы, банктермен жасалған есеп айырысу құжаттары, №1, №2 және №3 журнал-ордерлері, т.б. құжаттары болып табылады.

Ааудитор ақша қаражатын тексеру кезінде БЕҚС №4-“Ақша қозғалысы туралы есептеме”, ҚЕХС №7-“Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептеме”, БЕҚС №9-“Шетел валютасындағы операцияларды есептеу”, ҚЕХС №21-“Валюта бағамы өзгерісінің әсері” нормативтік актілерін басшылыққа алады. Бұнымен қоса Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржы есептемесі туралы” заңы, азаматтық кодекс, салық кодексі, кеден кодексі, Қазақстан Республикасының кейбір салалық, рамкасыз заңдары, “Валюталық реттеу туралы” заңы, “Төлемдер және ақша аудару туралы” заңы, “Банктер және банктік қызмет туралы” заңы, жекеленген мемлекеттік органдардың нормативтік актілері: 1) Ұлттық банктің “Екінші деңгейлі банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” нұсқаулары; 2) Қазақстан Республикасындағы “Валюталық операцияларды жүргізудің ережелерін біріктіру туралы” Ұлттық банктің қаулысы; 3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің “Бюджеттік ұйымдардағы кассалық операцияларды жүргізудің тәртібін беркіту туралы” бұйрығы; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметінің “Бақылау кассалық машиналарын қолданудың тәртібін беркіту туралы” қаулысы басшылыққа алынады.

Меншікті капиталды аудиттеу кезінде бухгалтерлік баланстың 150-“Жарғылық капитал (501-5003)”, 160-“Төленбеген капитал (511)”, 170-“Қайтарылып алынған капитал (521)”, 180-“Қосымша төленген капитал (531)”, 190-“Қайта бағалау (қосымша төленбеген капитал) сомасы”, 191-“Негізгі құралдар (541)”, 192-“Инвестиция (542)”, 193-“Өзге де активтер (543)”, 200-“Резервтік капитал (551, 552)”, 210-“Бөліебеген табыс (жабылмаған зиян) (561,562)”, 211-“Есептік жылдың (561)”жолдары және меншікті капиталдағы өзгерістер туралы өсөптеме толығымен тексеріледі. Ал тексерілетін алғашқы құжаттарына құрылтай келісімшарты, жарғы, филиал және бөлімше туралы ереже, қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы шешімі, акционерлер реестірінен көшірме, жарғылық капиталға төленетін жарналарды растайтын құжаттар (төлем тапсырмалары, касса ордерлері, бағалау және алыс-беріс актілері, т.б.), алдыңғы эмиссиялық орындардағы тұрақты есептемелері жатады.

Меншікті капиталды тексеру кезінде БЕҚС №4-“ ”, ҚЕХС №7-“ ”, БЕҚС №9-“ ”, ҚЕХС №21-“ ” нормативтік актілерін басшылыққа алады. Бұнымен қоса Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржы есептемесі туралы” заңы, азаматтық кодекс, салық кодексі, кеден кодексі, Қазақстан Республикасының кейбір салалық, рамкасыз заңдары, “Валюталық реттеу туралы” заңы, “Төлемдер және ақша аудару туралы” заңы, “Банктер және банктік қызмет туралы” заңы, жекеленген мемлекеттік органдардың нормативтік актілері: 1) Ұлттық банктің “Екінші деңгейлі банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” нұсқаулары; 2) Қазақстан Республикасындағы “Валюталық операцияларды жүргізудің ережелерін біріктіру туралы” Ұлттық банктің қаулысы; 3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің “Бюджеттік ұйымдардағы кассалық операцияларды жүргізудің тәртібін беркіту туралы” бұйрығы; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметінің “Бақылау кассалық машиналарын қолданудың тәртібін беркіту туралы” қаулысы басшылыққа алынады.

Табыстарды аудиттеу кезінде тексерілетін ақпарат көздеріне тек табыстар мен шығыстар туралы есептеме жатады. Тексеру барысында бұл есептеменің 010-“Дайын өнімдерді (тауар, жұмыс, қызмет) өткізуден табыс”, 030-“Жалпы табыс (010жлы – 020 жолы)”, 050-“Негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) (03 жолы – 040 жолы)”, 060-“Негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян)”, 070-“Салық салынуға дейінгі жай қызметтен түскен табыс (зиян) (050 жолы – 060 жолы)”, 090-“Салық салынудан кейінгі жай қызметтен түскен табыс (зиян) (070 жолы – 080”, 100-“Төтенше жағдайлардан болған табыс (зиян)” жолдары қадағаланады. Сонымен қатар шот-фактуралар, накладнойлар, тауар-көлік накладнойлары, жүк-кеден деклорациялары, алыс-беріс актілері, кассалық кіріс ордерлері, квитансиялар, касса кітабы, касса аппараттарының машинограммасы, тауарлық есептеме, касса ордерін, келісімдер туралы келісімшарттар, бас кітап, №11 және №12 журнал-ордерлер, аналитикалық есеп ведомостері, т.б. алғашқы құжаттар міндетті түрде тексеріледі.

Табыстарды аудиттеу кезінде аудитор БЕҚС №5 “Табыстар”, ҚЕХС №18 “Сатудан түскен түсім”, БЕҚС №3 “Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептеме”, ҚЕХС №8 “Кезең ішіндегі таза пайданы (зиянды) есептеу саясатындағы мәнді қателіктер мен өзгерістер”, салық кодексін, Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржы есептемесі туралы” заңы және кейбір салықтық заңдылықтар мен құжаттарды басшылыққа алады.


ҚОРЫТЫНДЫ

Республикамызда 01.01.2004 жылғы көрсеткіш бойынша 81 ел арқылы құрылған 1388 шетел және біріккен кәсіпорындар (01.01.2003 жылы - 995) болғанын көрсетіп кеткен болатынбыз. Олардың жарғылық қоры 57481,7 млн теңге болатын. Көпшілік кәсіпорындар Ресей – 237; Түркия – 228, Германия – 116, АҚШ – 115, Қытай – 79, Ұлыбритания – 53, Иран – 45, Оңтүстік Короея – 38, Швейцария – 35, Италия - 33 фирмаларымен құрылған. Ол резидент еместердің шетел және біріккен кәсіпорындарының жарғылық қорына салған салымдары 23061 млн теңгені құрады, ол бұл кәсіпорындардың жалпы жарғылық қорының 40,1% құралады.

Шетел және біріккен кәсіпорындағы жұмысшылардың саны 77,9 мың адамды (48,3 мың адам – біріккен және 29,6 мың адам – шетел кәсіпорындарында) құрады, ол 2002 жылмен салыстырғанда 40%-ке өсті. Еңбекақы шығыны 17597,8 млн теңгені көрсетеді, демек бұрынғыдан 3 есе жоғары.

Өнім өндірумен 226 кәсіпорын немесе жалпры алғанда 16,3% (2002 жылы – 186 кәсіпорын немесе 18,7%) құрады.

2003 жылы шетел және біріккен кәсіпорындар 165,7 млрд. теңгенің өнімдерін шығарып, қызмет көрсетті, ол өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе жоғары болып отыр. Осы кезеңдегі халық тұтынымындағы тауарларды өндіру 31,1 млрд. теңгені құрап отыр, ал бұл өткен жылдан 1,6 есе жоғары.

Жалпы қызмет атқарып отырған кәсіпорындардың ішінде 146 (10,5%) экспортқа тауарлар шығарады, 459 (33%) импорттық түсімдерді қабылдайды.

Шетел және біріккен кәсіпорындардың көлемі салыстырмалы түрде 1509,8 млн $ болды. Экспорттық тауарлық құрылымы шикі мұнайдан (63,2%), анрациттен (8,6%), алюминий оксидінен (8,9%) тұрады.

Импорт көлемі 1,8 есеге өсті, яғни 796,1 млн $ болды. Импорттық тауарлар құрылымын тамақ өнімдері, алкогольдік және алкогольдік емес ішімдіктер 118,0 млн $ (23,6% жалпы импорт көлемінен); транспорттық қондырғылар және олардың бөлшектері – 79,5 млн $ (10%), химия салалық өнімдері – 67,4 млн $ (8,5%(, қағаз және өзге де материалдар – 55,1 млн $ (6,9%) құрады.

Нақты өнімдер көлеміне жанар-жағармай, мұнай және сол сияқты басқа да өнімдер 39798,8 млн теңге (27,9%) құрады, азық-түлік тауарлары – 17725,8 млн теңге (12,4%), темекі өнімдері – 15137,1 млн теңге (10,6%) болды.

Көріп отырғанымыздай өнім өндіру саласындағы кәсіпорындар үлесі жоғары емес. өнімді сату-сатып алумен айналысатын кәсіпорындардың көбі шет елде орналасқан. Жергілікті кәсіпорындар экспортқа негізінен шикізатты шығарса, өз өндірісіндегі өнімдерін ішкі рынокқа шығарды. Кәсіпорындар негізінен халықтық тұтынымдағы тауарларды өткізу үшін ішкі рынокқа импортталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет