Мұқағали Мақатаев (1931-1976)
«Мұқағали Мақатаев- біздің заманымыздағы ғажайып ақындардың бірі»- (Ә.Тәжібаев)
«М.Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол- ең алдымен ақын.
Қазақ жырының құдіреті»- (Ф.Оңғарсынова)
«Мұқағали поэзиясы- ең құдіретті поэзия»- (Р.Сейсенбаев)
Туған жері: Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы.
Жинақтары: «Аппассионата», «Ильич» (1964), «Армысыңдар, достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?» (1968), «Мавр»
(1970), «Дариға жүрек» (1972), «Аққулар ұйықтағанда (19731), «Чили- шуағым менің» (1975), «Өмір дастан» (1976)
Поэмалары: «Ару ана», «Дала шақтан болашаққа», «Райымбек, Райымбек!», «Мұзбалақ», «Ақ қайың әні», «Аққулар
ұйықтағанда», «Моцарт. Жан азасы» т.б.
Прозалық шығармалары: «Құлпытас», «Әже», «Марусияның тауы», «Өзгермепті» әңгімелері, «Қос қарлығаш», «Жыл
құстары» повестері.
Аудармалары: У.Уитмен өлеңдері, «Шөл жапырақтары» деген атпен шығарды, Шекспирдің сонеттері, Данте «Құдіретті
комедия».
Драмасы: «Қош махаббат!», «Аманат» (1999) жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Мұқағали Мақатаевтың өмір сүрген жылдары: (1931- 1976 ж.ж.)
Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген ақын: (М.Мақатаев)
М.Мақатаевтың балалық шағы өткен кезең: (Ұлы Отан соғысы кезінде)
М.Мақатаевтың қызмет еткен қаласы: (Алматы қаласы)
М.Мақатаевтың ақындыққа азаматтық тұрғыдан сипаттама берген өлеңі: («Толғау»)
М.Мақатаевтың өлеңі: («Қара өлең»)
Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен.
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі- құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естімеген,»- деген үзінді алынған Мұқағалидың өлеңі: («Қара өлең»)
«Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын,»- деген үзінді авторы: (М.Мақатаев)
«Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
................ жауып өзіне қайтарамын,»- деген Мұқағали ақынның өлең жолдарындағы көп нүктенің орнына керекті, дұрыс сөз:
Достарыңызбен бөлісу: |