1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар


Төлегеннің әкесі Базарбай



Pdf көрінісі
бет39/242
Дата06.12.2022
өлшемі1.81 Mb.
#466588
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   242
Көк кітап.Гүлнұр

Төлегеннің әкесі Базарбай, сүйген жары Қыз Жібек, туған інісі – Сансызбай, ақын досы – Шеге. Сырлыбай – 
хан, Жібектің әкесіҚаршыға – оның ақылшысы, уәзірі, Бекежан – ғашық батыр. Хорен – қалмақ ханы. 
Жыр негізінде Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» пьесасын (музыкалық драма) жазды. 
Таным дерек. 
Бекежан Айбекұлы (1667-1730)- батыр. «Қыз Жібек» жырындағы Бекежанның прототипі Сұрмерген садақшы. 
«қылыштың перісі» атанған. Ел арасында оның ерлігін баяндайтын көптеген жырлар сақталған. Алғашқы әйелі – башқұрт 
мырзасы Құрамыстың қызы Салиха. Одан туған Қайрақ, Байрақ, Тайлақ деген үш ұлы- батырлар. Тайлақ Аңырақай 
шайқасында Кіші жүз жасағын бастаса, Қайрақ, Байрақ мыңбасы болған. Бекежан батырдың дүниеден озуы жайлы екі түрлі 
дерек бар: бірінде 45 жасында соғысты алған жарақаттан қайтыс болды десе, екіншісінде түркімендермен болған соғыста 
мерт болды делінеді. Қабірі – Батыс Қазақстан олбысы, Сырым ауданы, Шідерті өзені бойындағы Тайлақ қорымында. 
(«Қазақстан» ұлт-қ энци. 2-том,254-бет.) 
Қазақтың көшпелі өмірі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, киім киісі, жүріс-тұрысы, қыздардың әсем сұлулығы суреттелген 
жыр.
Әмеңгерлік салт кездесетін жырды табыңыз: («Қыз Жібек» жыры) 
Төлегенді Сырлыбай ханның еліне ертіп апарған адам: (Қаршыға) 
«Қыз Жібек» жырындағы Қаршыға: (Сырлыбай ханның ақылшысы) 
«Қыз Жібек» жырынында жағымды, ақылды, ақындық қасиеттерімен көрінетін кейіпкерлер: (Қаршыға, Шеге) 
«Қыз Жібек» жырындағы Сырлыбай ханның ақылшысы, уәзірі әрі от ауызды, орақ тілді шешен ақын: (Қаршыға
Төлегенді Ақ Жайықтың сұлуларына ынтық еткен адам: (Саудагер шал) 
Төлеген бейнесіне сай тіркес: («Падишадан кем емес») 
«Қыз Жібек» жырында: 
«Мен бір сұлу табайын, 
Патшалардың жалғызы. 


Аты- Жібек сұрасаң, 
Кереметін көр,»- деп айтқан: (Қаршыға) 
Жібекті жолықтыру үшін Төлегенмен Сырлыбай еліне жол тартқан кейіпкер: (Шеге) 
Төлеген Ақ Жайыққа қанша жорға алып кеткенін белгілеңіз. (Жиырма бес мың) 
«Қыз Жібек» жырында Төлеген Жібекті тапқанша қанша көшке жолықты: (11) 
«Қыз Жібектің ақтығы, 
Наурыздың ақша қарындай»: деген үзінді («Қыз Жібек» жырынан
Ләйлі-Мәжнүн болмаса, 
Өзгеден артық келбеті...
... тің дидары – 
Қоғалы көлдің құрағы,- деген жыр жолдарындағы кімнің сипаты: Бекежан)'>(Жібектің
«Қыз Жібек» жырындағы жастардың арман-тілегіне қарсы топ: (Базаралы тобы) 
«Қыз Жібек» жырында ғашықтарға қастандық етуші: (Бекежан) 
«Өзім батыр болған соң, кімді аяйын...»-деп Жібекке шімірікпей жауап берген: (Бекежан) 
«Аспандап ұшқан алты қаз
Сіздер тірі, мен өлі,»-деп өлім алдында алты қазбен қоштасатын лиро-эплстық жыр кейіпкері: (Төлеген) 
«Ай мүйізді қошқардың 
Бөрі тартар қоңынан,»-деген «Қыз Жібек» жырынан алынған жолдардағы көркемдегіш құрал: (Астарлау) 
«Төлеген сынды ағаның жұмақтан жазсын тұрағын,»- деген жоқтау сөз айтқан: (Шеге) 
Төлегеннің қазасынан кейін Сансызбайға ағалық қамқорлық көрсететін: (Шеге) 
Төлеген өлімінен кейін Жағалбайлы еліне Жібек кімдермен бірге жол тартқан: (Сансызбай, Шеге) 
Төлегеннің қазасынан кейін Жібек әмеңгерлік салты бойынша кімнің жары аталған: (Сансызбайдың) 
Сансызбайды жұбататын, Жібек пен Сансызбайды елге әкелетін, Төлегеннің ата-анасын қуантып, Жібекті Сансызбайға 
қосатын кісі: (Шеге ақын) 
Сырлыбай еліне келіп, Жібекті қалыңдық ретінде беруін талап ететін қалмақ батыры: (Хорен) 
Қыз Жібек ебін тауып алып кеткен қалмақ батыры Хореннің тұлпары қалай аталады: (Сандалкөк) 
«Қыз Жібектің ақтығы, 
Наурыздың ақша қарындай. 
Ақ бетінің қызылы, 
Ақ тауықтың қанындай.» -деген суреттеудегі көркемдегіш құрал: (Теңеу) 
Ғ.Мүсірепов пьесасы: («Қыз Жібек» ж.) 
Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібегі»: (Музыкалық дарама) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   242




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет