Ақтамберді жырау Сарықлы (1675-1768)
1675-1768 жылдары өмір сүрген, әйгілі Бөгенбай батырға жыр арнаған жырау: (Ақтамберді жырау)
Ақтамберді жырау қай батырдың ерлігін жырға қосқан: (Бөгенбай)
Ақтамберді жырау қай соғыста өзінің ерлігімен, жалынды жырымен көзге түскен: (Ойраттармен соғыста)
«Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауының авторы: (Ақтамберді)
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз?! – деген жолдардың авторы: (Ақтамберді)
Ақтамбердінің «От басар орны отаудай» өлеңі: (Жылқы малының қадір-қасиеті туралы)
«Әділ туған жақсыға,
Екі даугер жүгінер.
Тізесін қисық бұрмаса,
Әділдігі білінер», - деген жолдар қай жыраудың шығармасынан алынған: (Ақтамберді)
«Жапанға біткен терекпін,
Еңсемнен жел соқса да теңселмен», - деп басталатын Ақтамберді жыраудың өлеңінде не туралы баяндайтын: (Батырлық қасиеттерін, қайсар мінезін)
«Балаларыма өсиет» өлеңінің авторы: (Ақтамберді жырау)
Ақтамберді жыраудың кейінгі ұрпақты бірлікке, татулыққа шақырған өлеңі: («Балаларыма өсиет»)
«Балаларыма өсиет:
Қылмаңыздар кепиет,
Бірлігіңнен айрылма,
Бірлікте бар қасиет», - деген толғаудың авторы: (Ақтамберді)
«Ел шетіне жау келсе,
Алдына, сірә, дау келсе.
Батырсынған жігіттің
Күшін сонда сынаса!» - деп, Ақтамберді жырау көтерген мәселе: (Ерлік, батырлық жайлы)
«Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап...» - деп жырлаған жырау: (Ақтамберді)
«Ел-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап...» - деген жолдар қай жыраудың өлеңінен алынған? (Ақтамберді)
«Ел-жұртты қорғалап,
Өлімге жүрміз бас байлап», - деп өз толғауларында ерлік, батырлықты жырлаған Ақтамберді жырау қай батырға жыр арнаған? (Бөгенбай батырға)
«Ағайын көп болса,
Ұлы шерік қолмен тең.
Білімді туған жақсылар
Аз да болса көппен тең», - деп Ақтамберді жырау қандай мәселені айтқан? (Елдік, бірлік)
Достарыңызбен бөлісу: |