« Мен ақ сұңқар құстың сойы едім ,
Шамырқансам тағы кетермін , » -деп басталатын өлең авторы :
( М. Өтемісұлы )
« Мен кескекті ердің сойымын ,
Кескілеспей басылман ! » -деген жолдар алынған Махамбеттің өлеңі:
(« Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны » )
« Хан баласы ақсүйек ,
Қыларың болса қылып қал .
Күндердің күні болғанда ,
Бас кесерін жасырман , » - деп басталатын Махамбеттің өлеңі арналған :
( Баймағанбетке )
Махамбеттің :
« Күндердің күні болғанда ,
Бас кесермін жасырман , » -деп айтқан адамы: ( Баймағанбет )
« Елдің бойы ен тоғай –
Ел қондырсам деп едім .
Жағалай жатқан сол елге ,
Мал қондырсам деп едім , »- деген жолдар алынған Махамбеттің өлеңі:
( « Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны » )
М. Өтемісұлының өлеңінен алынған үзіндіде асты сызылған сөз нені
атауы ?
Әскер жиып аттандық ,
Бекетай еді тұрағым .
Айқайлап жауға тигенде ,
« Ағатай , Беріш ! » ұраным ...( Соғыс болған жер )
М.Өтемісұлының жауынгер де абзал досы әрі көтеріліс басшысы : ( Исатай)
Махамбеттің « Исатай басшы , мен қосшы »- деп айтуының себебі :( Исатай бейнесін жоғары көтеру )
Астына мінген Ақтабан
Ақбөкендей ойлайды .
Қасында ерген көп әскер ,
Маңыраған қойған шулайды , - деген үзінді алынған Махамбеттің өлеңі :
( Соғыс )
М.Өтемісұлының « Ей , Махамбет , жолдасым » , « Мұнар күн » өлеңдері арналған : ( Исатайға )
« Әй , Махамбет , жолдасым » өлеңін шығарған :( Махамбет ; Исатайдың атынан шығарған )
« Ауыр әскер қол ертіп ,
Жас құсқа барып кіргенде ,
Арыстандай ақырған
Айбатыма шадамай ...» -деген үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынған ?
( « Әй ,Махамбет , жолдасым » )
Достарыңызбен бөлісу: |