68. Математикалық оқытудың негізгі дидактикалық принциптері
Математиканы оқыту процесін ұйымдастыруда оқушыларға білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттарына сай оқыту заңдарын пайдалану тәсілдерін сипаттайтын дидактикалық категорияларды - дидактикалық принциптерді басшылыққа алады. Дидактикалық принциптер оқу мен тәрбие жұмысын қалай құруды жүзеге асыруды және жетілдіруді қамтамасыз ететін нұсқауларды қамтиды. Педагогикада мынадай дидактикалық принциптер тағайындалған:
а) оқу мен тәрбиенің бірлігі;
ә) оқытудың ғымилығы;
б) сапалылық және белсенділік;
в) жүйелілік және бірізділік;
ғ) көрнекілік;
д) оқытудың коллективтілік сипаты жағдайларында оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру;
е) білімнің баяндылығы.
Бұл принциптер өзара тығыз байланысты. Әрбір принциптің математиканы оқыту процесінде қолданыс табатын маңызды қырларына тоқталайық.
1.Оқу мен тәрбиенің бірлігі принцип математиканы оқыту өз бетінше жеке — дара жүргізілмей, шәкірттерге жан-жақты тәрбие беру функцияларын қатар атқаруға міндетті.Бұл туралы жоғарыда математиканы оқытудың мақсаттарын баяндау кезінде толық айтылады.
2.Оқытудың ғылымилық принципі ең алдымен оқу программасында оқушыларда және мұғалімдерге арналған методикалық құралдарда жүзеге асырылатын бұл принциптің басты шарттары:
а) Білімнің мазмұны, ғылымның қазіргі деңгейге сай болуы;
б) Ғылыми танымның жалпы әдістері жайындағы оқушыларда дұрыс түсініктер қалыптастыру;
в) Таным процесінің маңызды заңдылықтарын оқушыларға көрсету болып табылады;
ұл шарттар өзара тығыз байланысты, әрқайсысының алдынғысы келесісінің қажетті шарты болып табылады.
Бірінші шарты мектеп математикасының мазмұнын анықтайтын материалдың математика ғылымының бүгінгі деңгейіне барынша сай болса, ұғымдардың анықталуы мен сөйлемдердің тұжырымдалуы олардың мазмұнын дәл толық және дұрыс ашып беретіндей болса, алдәлелдеу үрдісі баянды және жүйелі жүргізілсе сонда ғана ғылымилық принцип орындалады.
Екінші шарт бойынша оқытудың ғылымилық принципі ғылыми таным жөніндегі білім талап етіледі және оқып үйренетін құбылыстарды математикалық модельдерін жасауды міндеттейді.
Үшінші шарт математика сабақтарында абстракциялау, нақтылау, анализ, синтез, индукция және дедукция, аксиоматикалық әдіс және таным заңдарын жүзеге асыруды жүктейді. Бұл шартты жүзеге асыруға математика пәнінің мүмкіндігі мол.
Оқу мен тәрбиенің бірлігі принципі математиканы оқыту процесінде оқушылардың танымдық қызметін одан әрі дамытуға қолайлы жағдай туғызуды, оларды табиғат құбылыстарын диалектикалық материализм тұрғысында түсіндіруге және өздерін мораль талаптарына сай ұстай білуге үйретуді көздейді. Қысқаша айтқанда, математиканы оқыту оқушыларды тәрбиелеумен, олардың ақыл-ой қабілеттерін дамытумен тығыз байланысты болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |