1 бөлім. 1 тарау. Жалпы ережелер



бет1/2
Дата05.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#179000
  1   2
Арал ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау және иттер мен мысықтарды серуендету

ЕРЕЖЕСІ
1 бөлім.
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Арал ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау (бұдан әрі-Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес аудан тұрғындарын адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ бiрге тұруға қолайлы жағдай жасау мақсатында әзiрлендi.

2. Осы Ережеде төмендегi түсiнiктер қолданылды:

1) жануарлар - ауылшаруашылығы, үй, жабайы, жыртқыш және улы: сүтқоректiлер, құстар, бал аралар, балықтар, қосмекендiлер, жәндiктер  және тағы басқа да жануарлар әлемiнiң өкiлдерi;

2) ауыл шаруашылығы жануарлары - адамдар өсiретiн ауыл шаруашылығы жануарларының және құстардың ауыл шаруашылығы өнiмдерiне тiкелей қатысы бар барлық түрлерi (iрi қаралар, қойлар, ешкiлер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, бал аралар, мамық жүндi аңдар мен қояндар);

3) қараусыз жануарлар - меншiк иесi бар және оның иелiгiнен (қарауынан) уақытша босып кеткен, иесi болмаған немесе иесi белгiсiз жануарлар, сондай-ақ оның иесi меншiк құқығынан бас тартқан үй жануары;

4) ветеринариялық құжаттар – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат, жануарға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;

5) ветеринариялық іс-шаралар – жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бірдейлендіру рәсімін қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық- санитариялық рәсімдер кешені;

6) ветеринариялық паспорт - жануарларды және ветеринариялық іс-шараларды есепке алу мақсатында малдың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы, жургізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері мен сипаты көрсетілетін уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат;

7) ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелер - уәкілетті орган бекітетін, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;

8) ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешені арқылы тексеру;

9) жануар иесі – жеке меншігінде немесе басқа меншікте малдары бар жеке немесе заңды тұлға;

10) жануарларды ұстау – жануар иелерiнiң жануарлардың өмiрiн, оның жеке саулығын сақтау үшiн, ветеринарлық-санитарлық қолайлы жағдайларды ұстана отырып толыққанды тұқым алу, сондай-ақ адамдардың және жануарлар әлемiнiң қауiпсiздiгiн, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудегi iс әрекеттерi;

11) жануарлардан алынатын өнімдер – ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері және де бал арасы өнімдері;

12) жануарлардан алынатын шикізаттар – тері, жүн, қыл, қылшық, аң терісі, түбіт, мамық, қауырсын, эндокриндік без, ішек-қарыны, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ, жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсіпте пайдаланылатын жануарлардан алынатын басқа да өнімдер.

13) иттер мен мысықтарды серуендету - иесiнiң меншiгi болып табылатын  немесе басқа тұлғаның жалға алған жануарлардың  жайлардан тыс болуы, сондай-ақ иттер мен мысықтардың арнайы  бөлiнген аумақтарда болуы;

14) дегельминтизация - арнайы ветеринарлық препараттардың көмегiмен жануарларды гельминттерден тазалау, бөлiнетiн паразиттердi, олардың фрагменттерiн, жұмыртқаларын және балапан құртын мiндеттi түрде жоюды жүзеге асыру;

15) дезинфекция, дезинсекция және дератизация - жұқпалы және паразиттiк ауруларды қоздырғыштарды, тұрмыстық жәндiктердi және кемiргiштердi өндiрiстiк, тұрғын үй ғимараттарында, көлiкте, қоғамдық орындардың жайларында және аумақтарда жоюға арналған алдын алу шаралары;

16) жабайы жануарлар - құрылықтағы, судағы, атмосферадағы және топырақтағы табиғи еркiндiк жағдайында тiршiлiк ететiн сүтқоректiлер, құстар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекендiлер, балықтар, моллюскалар, жәндiктер және басқалар;

17) үй жануарлары - ауыл шаруашылық мақсаттағы жануарлардан басқа, адамның толық немесе жартылай ұстайтын тамақ өнiмдерi мен өнеркәсiп шикiзатын алу үшiн пайдаланбайтын зоологиялық түрлерi;

18) инсектицидтi препараттар - зиянды жәндiктермен күресудiң химиялық құралдары;

19) карантин - iндет ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында iндет ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринарлық - санитарлық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеудi немесе тыюды және мемлекеттiк ветеринарлық қадағалау бақылайтын жүктердiң орнын ауыстыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринарлық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шаралар жүйесiн көздейтiн құқықтық режим;

20) номiрлiк таңба - жануарлардың денесiне цифрлармен көрсетiлiп салынатын шартты белгi, ол жануарлардың есебiн жүргiзуге, бiр түрiн екiншi түрiнен ажыратуға, жануарлардың заңды немесе жеке тұлғаға тиiстiлiгiн анықтауға мүмкiндiк бередi;

21) қоғамдық орындар - адамдардың көп жиналатын немесе адамдардың жиналуы мүмкiн орындар, оның iшiнде көшелер, скверлер, саябақтар және азаматтардың демалатын өзге орындары, шомылатын жерлер, стадиондар, сауық шаралары жүргiзiлетiн орындар;

22) жыртқыш жануарлар - басқа жануарлармен қоректенетiн жануарлардың жалпы атауы;

23) ветеринария саласындағы өкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн, өз өкiлеттiгi шегiнде ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

3. Адамдардың және жануарлардың денсаулығына аса қауiп туғызатын жануарларды алу және жою Қазақстан Республикасының заңнамаларына  сәйкес жүргiзiледi. Иттер мен мысықтар оның иелерiнен егер де олар адамды қауып алған немесе тырнап алған жағдайда жануардан адамға жұғатын өте қауiптi, жұқпалы және вирусты ауруларды немесе қауiптi аурулардың барлығына зерттеу жүргiзу үшiн бақылауға алынады.

4. Осы Ереженiң талаптары меншiк түрiне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Арал ауданы аумағында орналасқан, жеке және басқадай меншiгiнде жануары бар жеке және заңды тұлғаларға, барлық жануар иелерiне таралады.
2 тарау. Жануарларды тіркеу тәртібі
5. Жануарларды тiркеу бірдейлендіру жолымен адам мен жануарларға ортақ өте қауiптi жұқпалы және паразиттiк аурулардың алдын алу, адамдарды жануардың қауып алуынан және санын реттеу мақсатында жүзеге асырылады.

6. Жануарларды тіркеу бірдейлендіру жолымен іске асырылады. Жануарларды бірдейлендіру қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

7. Ауыл шаруашылығы жануарларын белгілеу түріне байланысты мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

1) жапсырмалау (ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, шошқалар);

2) таңбалау (жылқы);

3) чиптау (электрондық бірдейлендіру түрі) (ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері).

8. Тіркелген малға ветеринариялық паспорт рәсімделіп, бірдейлендіру номері беріледі.

9. Жануарды тіркеу және қайта тіркеу кезінде мал иесі келесі құжаттарды тапсырады:

- иесінің жеке тұлғасын растайтын құжат;

- мекен-жайы, телефоны;

- жануар туралы мәлімет (тұқымы, жынысы, атауы, жасы, түсі, түрі, ерекше белгілері немесе малдың сипаты).

10. Жаңа әкелінген жануарга тіркеу жүргізіледі. Жануарды сату және (немесе) басқа қолға тапсыру ветеринариялық паспортты бірге берумен жүргізіледі.

11. Жануар мерт болғанда ветеринарлық төлқұжаты мен сырғасы (бирка) бұрын жануар тiркелген органға немесе мекемеге, ветеринариялық ұйымға қайтарылады.

12. Тіркеу органына есептен шығару немесе қайта тіркеу мақсатында шығып қалу туралы (сату, жоғалу, сою, өлу, басқа қолға тапсыру) хабар беріледі.

13. Жануарларды тiркеу және бiрдейлендiру шаралары малдың иесiнiң есебiнен жүргiзiледi.

14. Иттер мен мысықтарды тiркеу тәртiбi:

1) Барлық қызметтiк, күзет, аңшы және иесiнен ерекше жауапкершiлiктi талап ететiн иттер, тұрғындарға, кәсiпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге тиесiлi иттер тұқымына қарамастан, сондай-ақ мысықтар аудан бойынша жануарлардың сәйкестiгiнiң компьютерлiк мәлiметтер базасына енгiзу үшiн жануарларды тiркеу жөнiндегi мекемеде мiндеттi есепке алуға және тiркеуге жатады.

2) Барлық иттер мен мысықтар екi айдан бастап мiндеттi тiркеуге жатады.

3) Иттер мен мысықтарды тiркеу және қайта тiркеу кезiнде олардың иелерi  келесi мәлiметтердi тапсырады: иесiнiң жеке куәлiгi, мекен-жайы, байланыс телефоны, ит пен мысықтың тұқымы, жынысы, аты, туған жылы, түсi, ерекше белгiлерi немесе жануардың сипаттамасы.

15. Ауылшаруашылық, үй, жабайы, жыртқыш және улы жануарларды тiркеу тәртiбi:

Тұрғындарға, меншiк түрiне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан кәсiпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге тиесiлi барлық ауылшаруашылық, үй, жабайы, иесiнен ерекше жауапкершiлiктi талап ететiн жыртқыш және улы жануарлар аудан бойынша жануарлардың сәйкестiгiнiң компьютерлiк мәлiметтер базасына енгiзу үшiн жануарларды тiркеу жөнiндегi мекемеде мiндеттi есепке алуға және тiркеуге жатады. Жануарларды тiркеу кезiнде оның иесiне ветеринарлық төлқұжат және жануар иесiнiң есебiнен белгiленген үлгiдегi нөмiрi берiлген жетон (оның дайын болуына қарай) берiледi.

16. Қазақстан Республикасының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарларының барлығы бірдейлендіруге жатады. Ірі қара және ұсақ малдардың төлдерін, сондай-ақ боталарды туғаннан кейін 7 (жеті) күн өткен соң, бірақ туған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей бірдейлендіреді. Құлындарды 4 айлық жасында бірдейлендіреді. Торайларды бір айға толғанда бірдейлендіреді.


3 тарау. Жануарлардың иесінің құқтары мен мiндеттерi
17. Тіркелген жануарлар, иесінің меншігі болып табылады және кез-келген меншік ретінде заңмен қорғалады.

18. Иесінен жануарлар тек соттың шешімімен немесе Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнамасында қаралған жағдайларда ғана алынады.

19. Жануар иесiнiң құқықтары:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарларды сатып алуға және өз иелiгiнен айыруға (оның iшiнде сату, сыйлау, жалға беру, айырбастау және тағы басқа жолдармен);

2) жануарларды ұстау, көбейту туралы керектi ақпараттарды жануарлар иелерiнiң қоғамынан (клубтарынан), ветеринарлық ұйымдардан алуға;

3) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiбi мен жағдайына сәйкес адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауiп туғызатын жануарларды алып қою мен жою нәтижесiнде оған келтiрiлген зиянды өндiрiп алуға.

20. Жануар иесi міндеттері:

1) малдың бірдейлендіру нөмірі жоғалған жағдайда мал иесі жоғалған нөмірді қалпына келтіру үшін тиісті ветеринариялық ұйымға хабар береді;

2) жануарлардың ауруларын ескертудi қамтамасыз ететiн ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген ветеринарлық (ветеринарлық - санитарлық) ережелерiн сақтай отырып ветеринарлық (егу) және әкiмшiлiк шаруашылық iс шараларды жүргiзу;

3) ветеринариялық ұйым мамандарының арнайы талаптары бойынша қарауға, диагностикалық зерттеулерге, емдеу-алдын алу шараларын жүргізуге, егу, вакцинациялауға жағдай жасайды;

4) жануарларды емдеудi және аурулардың алдын алуды уақтылы жүргiзу. Үнемi, тоқсанына бiр реттен кем емес, иттер мен мысықтарды терi паразиттерi мен гельминттерден алдын алу үшiн емдеу шараларын жүргiзу. Аурудың барлық жағдайларда немесе жануардың ауруына күмән келтiрген жағдайда тез арада ветеринарлық дәрігерге хабарласу, тексеру нәтижесi бойынша мамандардың ұсынымын бұлжытпай орындау.

5) биологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып жануарларды дұрыс тiршiлiгi үшiн керектi мөлшерде азықпен және сумен қамтамасыз ету, оның ұйқыдағы, жүрiп-тұру кезiндегi, тәндiк белсендiлiгi, табиғи ортамен қарым-қатынасындағы мұқтажын қанағаттандыру, оларды қараусыз қалдырмау, жануарларға iзгiлiкпен қарау;

6) жануардың қоршаған ортаға қауiп туғызбайтын және мазаламайтын мiнез-құлығын қамтамасыз ету, жануарлардың адамдардың денсаулығына және мүлкiне, заңды тұлғалардың мүлкiне, басқа жануарларға қауiп туғызуын болдыртпау;

7) тұрғын жайларда шуды болдырмау жөнiнде шара қабылдау;

8) адамды қауып алған, оған жарақат келтiрген жағдайда:

зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету, клиникада қарау және талдау жасау үшiн емханаға жеткiзу. Жарақат келтiрген жануардың иесi зардап шеккен тұлғаға өзiнiң аты, жөнi мен мекен жайын хабарлауы тиiс;

барлық жағдайларда медициналық және ветеринарлық қызметтерге хабарлау. Жануардың құтыру ауруын жоққа шығару үшiн, оны өз иелігінде ветеринарлық мамандардың қадағалауына 10 күн бойы оқшаулап ветеринарлық бақылауда ұстау.

9) ит немесе мысық басқа жануарға ауыр жарақат салса, онда осы жануардың иесi қаза болған жануардың құнын өз еркiмен немесе сот тәртiбiмен өтеуi тиiс, немесе тараптың талабы бойынша сол тектес және сол жастағы жануар бередi.

10) сатып алған жануарлар, ауыл шаруашылығы жануарының сойылғаны, сондай-ақ сатылғаны туралы 2 аптаның iшiнде ветеринарлық органдарға хабарлау;

11) жануарлардың кенеттен өлгенi мен бiрнеше жануарлардың бiр уақытта ауырғаны немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткенi туралы ветеринарлық мамандарға хабарлау, ветеринарлық мамандар келгенше ауруға ұшыраған сезiктi жануарларды оқшаулап ұстауға шара қабылдау, және ауырып өлгендiгiне күдiктi жануардың өлiгiн сақтауға;

12) ветеринарлық мекемелердiң мамандарына олардың негiзделген талабы бойынша қарауға, диагностикалық зерттеуге және емдеу-алдын алу шаралары, егу мен вакцинация жүргiзу үшiн жануарларды кедергiсiз көрсету;

13) малдарды союды мал дәрігері қарағаннан кейін мал союға арналған арнайы аумақтарда жүргізеді;

14) сою алдында ветеринарлық тексеруден өтпеген және сойылғаннан кейiн оның сойылған етi ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өтпеген болса онда ауыл шаруашылығы жануарын союды жiбермеудi;

15) жануарларды серуендететiн орындарда олардың тезегiн жинап алу, көп қабатты үйлердегi дәлiздердiң аумақтарын, баспалдақтарын, лифттердi, балалар ойын алаңдарын, жаяу жүргiншiлер жүретiн орындарын қоса;

16) ветеринариялық мамандар қарағаннан кейін өлген үй жануарлырының мүрдесiн шығару, көму және жою үшiн иелерi арнайы автокөлiкпен иесiнiң есебiнен белгіленген орынға мал қорымдарына апарып көмуге тиiс. Өлексенi кез келген жерге тастай салуға немесе өз бетiмен көмуге болмайды.

17) жануар белгiсiз жағдайда өлген болса ветеринарлық мекемеге өлген себебiн анықтау үшiн хабарласу;

18) ветеринарлық мамандарға олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауларына көмек көрсету;

19) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормаларға сәйкес жануарларды ұстау, өсіру және қолдануды іске асырады;

20) жануарларды бағу үшін жинайтын орынға дейін апарып, алып келуді қамтамасыз етеді.
4 тарау. Қараусыз иттер мен мысықтардың санын реттеу және аулау
21. Иттер мен мысықтардың санын реттеу қараусыз қалған  жануарлардың санын азайту, адамның өмiрi мен денсаулығын қорғау, жануарлардың ауруын алдын алу мақсатында жүзеге асырылады.

22. Иттер мен мысықтардың санын реттеу азаматтардың денсаулығына, мүлкiне, заңды тұлғалардың мүлкiне, қоршаған ортаға, сондай-ақ сол жануарларға зиян келтiрмеудi болдырмау тәсiлiмен жүзеге асырылуы тиiс.

23. Қоғамдық орындарда иесiз жүрген иттер мен мысықтар (көшелерде, үй аулаларында, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда), кәсiпорындар мен мекемелерде иесi байлап кеткен жануарлардан басқасы, қараусыз деп есептеледi және қаңғыбас жануарларды ұстайтын мекеменiң аулауына жатады.

24. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулауды жергiлiктi атқарушы органмен шарт жасасқан, онда аулаудың тәртiбi мен жағдайы келiсiле отырып, мамандандырылған ұйым жүзеге асырады. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулайтын жұмыскерлердi техникалық жабдықтау аулауды жүзеге асыратын ұйымға жүктеледi.

25. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулаушылар мен  арнайы көлiк жүргiзушiсi жануарларды аулау және тасымалдау кезiнде iзгiлiктi сақтаулары тиiс.

26. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулау кезiнде мыналарға тиым салынады:

1) ауланған жануарларды өзiне алуға, оларды жеке адамдарға немесе ұйымдарға сатуға және беруге;

2) жануарларды пәтерден және жек үйлердiң аулаларынан тиiстi өкiлеттi органның тиiстi рұқсатынсыз және соттың шешiмiнсiз алып кетуге;

3) дүкендердiң, дәрiханалардың, коммуналдық қызмет көрсететiн кәсiпорындардың жерiнде байлаулы тұрған иттердi шешiп алып кетуге;

27. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулау кезiнде оларға жарақат салуға және мертiктiруге тиым салынады. Ит пен мысықтарды аулау үшiн тор, құрық, арқан және рұқсат берiлген басқа да құралдарды  пайдалануға болады.


5 тарау. Аудан бойынша жануарларды ұстау

Ережесiнiң орындалуын бақылау


28. Осы Ережелердi сақтауға өкiлеттi органдарға жәрдемдесу мақсатында Iшкi iстер органдары:

1) ауданда ауылшаруашылық жануарларын, иттер мен мысықтарды серуендету тәртiбi мен тасымалдау ережесiн сақтауларына бақылау жасайды;

2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ветеринарлық ұйымдарға, санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерге осы Ереженi азаматтардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың және мекемелердiң орындауына және оны бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуда қажеттi көмек көрсетедi;

3) кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң және азаматтардың ерекше жауапкершiлiктi талап ететiн иттердi әкелу, шығару, ұстау, иттердi өсiрудегi құқықтарын келiсу кезiнде қатысады;

4) өзiнiң өкiлеттiгi шегiнде азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шараларды қабылдайды;

5) осы Ереженi бұзушыларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартады.

29. Мемлекеттiк ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары:

1) Эпизоотикалық және эпидемиологиялық ауруларға қарсы шаралар жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды;

2) жануарларды елді мекенен тыс шығарғанда оларға ветеринарлық куәлiк бередi;

3) қараусыз жануарларды аулау жөнiндегi қызметтерге олардың жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетедi;

4) жануарлардың иелерiнiң ветеринарлық және санитарлық талаптарды орындауларына бақылауды жүзеге асырады;

5) осы Ереженi бұзушыларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартады;

6) ветеринарлық бағыттағы нысандар ретiнде кинологиялық қызметпен шұғылданатын қоғамдар мен клубтарға, сондай-ақ  иттер мен басқа жануарларды ұстайтын кәсiпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге ветеринарлық тiркеу куәлiктерiн бередi;

7) адамдар мен жануарларға ортақ ауруларды ескерту мақсатында тұрғындар арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi.


2 бөлім
6 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау
30. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Ереженiң талаптарын орындаған жағдайда мыналарға рұқсат берiледi:

1) Көппәтерлi тұрғын үйдегi бiр отбасы пәтерiнде бір иттi iрi және орта тұқымды, және екi мысықты үш айлық ұрпақтарын қоса ұстауға.

2) бiрнеше жанұялар тұратын тұрғын жайда (коммуналдық пәтер), тек өзiнiң жанұясы тұратын тұрғын жайында барлық пәтерде тұрушылардың жазбаша келiсiмi бойынша көршiлердiң дәрiгерлiк керi көрсеткiшi болмаса ит пен екi мысықты тек өзi тұратын тұрғын жайда ұстауға;

3) жеке тұрғын үйлерде, ғимараттарда және оған iргелес аумақта, осы аумақтардың иелерiнiң рұқсатымен ғана немесе басқа құқық иелерiнiң рұқсатымен екiден беске дейiн иттер мен мысықтарды ұстауға болады.

Күзетшi иттер жақсы қоршалған аумақтарда, қоршаулар жануардың адамдарға және басқа жануарларға шабуылдауын, өтiп бара жатқан адамдарды қауып алу мүмкiндiгiн, қоршаудан шығып кетуiн болдырмайтындай болуы керек. Аулада иттiң бар екенiн ескертетiн көлемi 20 Х 30 сантиметрлi тақтайшаға иттiң суретi салынып "Ит күзетедi!", "Охраняется собакой!" деген ескерту жазу жазылып кiретiн жерге iлiнуi керек.

4) егер жануарларды ұстау жағдайы зоогигиеналық және санитарлық гигиеналық нормаларға сәйкес келсе жеке тұрғын үйлерде екi иттен бес итке дейiн ұстауға болады.

5) кәсiпорындардың, ұжымдардың, мекемелердiң, азаматтардың коммерциялық емес бағбандық және саяжайлық бiрлестiктерiнде, демалыс базаларында иттердi байлаулы және арнаулы вольерлерде, адамдарды мазаламайтын, айналасындағыларға қауiп төндiрмейтiн  жағдайда, күзету мақсатында ұстауға;

6) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық өкiлеттi органдарының келiсiмi бойынша ветеринарлық-санитарлық  нормаларды сақтай отырып, көппәтерлi үйлерден, жеке тұрғын үйлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерiнен, қоғамдық тамақтану кәсiпорындарынан, жаппай демалу орындарынан кем дегенде 500 метр қашықтықта орналасқан қоршалған аумақта, аудан тұрғындарына қолайсыздық туғызбайтын жағдайда (шу, иiс), арнайы жабдықталған жабық жайларда жеке және заңды тұлғалар қандай да болмасын мысықтар мен иттер үшiн паналау баспаналары мен питомниктердi ұйымдастыруға;

7) балалар мен жасөспiрiмдер мекемелерiнiң "жанды бұрыштарында", "зоологиялық бұрыштарында", жазғы және қысқы демалу денсаулықты жақсарту санаториялық-курорттық мекемелерде (шипажайларда, демалыс үйлерiнде, пансионаттарда) тек санитарлық- эпидемиологиялық, ветеринарлық қызметтердiң рұқсатымен иттер мен мысықтарды ұстауға;

8) қонақ үйде иесiнiң итпен және мысықпен қоныстануы санитарлық-гигиеналық ережелердi сақтаған жағдайда қонақ үй әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен жүргiзiледi.

31. Мыналарға тиым салынады:

1) Тұрғын үй қоры пәтерлерiнде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлерi үшiн паналау баспанасы мен питомниктер ұйымдастыруға;

2) көпшiлiк пайдаланатын орындарда (асханаларда, дәлiздерде, баспалдақтарда, жертөледе, шатырларда, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосымша орынжайларда), үй жанындағы орындарда (жеке тұрғын үйлердiң жанындағы орындардан басқа), жатақхананың дәлiздерiнде иттер мен мысықтарды ұстауға;

3) көзi әлсiз көретiн адамдарды алып жүретiн иттерден басқа иттердi қоғамдық тамақтану кәсiпорындарында, азық-түлiк дүкендерiнiң сауда және өндiрiстiк залдарында, қызмет көрсету орындары мен мәдениет мекемелерiнде ұстауға;

4) тiркелмеген (есепке алынбаған) және егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;

5) адамның өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайларда өзiн-өзi қорғау әрекетiнен басқа, жалпы қабылданған парасаттылық пен адамгершiлiк қағидаларын бұзатын жануарларға қатысты (ұру, жарақат салу, өлтiру) күш қолдануға;

6) иттер мен мысықтарды оның терiсiн пайдалануға, етiн тұтынуға, өңдеу және сату үшiн оларды ұстауға немесе аулауға;

7) Аудан аумағында иттердi таластыру және басқада жануарларға қатысты қатыгез iс-шаралар ұйымдастыру мен өткiзуге, (жануарларға зақым келтiрмейтiн және күзетшi иттердi өсiру үшiн дұрыс тұқымдық сұрыптау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, арнайы ережелермен иттердiң жұмыс сапаларын тексерудi көздейтiн iс шаралардан басқа).

32. Азаматтарға, кәсiпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға тиесiлi иттер, екi айлығынан бастап, тектi тұқымына қарамастан өте қауiптi инфекциялық және инвазиялық ауруларға  қарсы мiндеттi түрде ветеринарлық алдын алу бойынша тексеруге жатады.

33. Мысықтар екi айлығынан бастап жануарлар мен адамдарға ортақ инфекциялық ауруларға, эпизоотиялық көрсеткiштер бойынша микроспорияға қарсы егу мен гельминтозия бойынша зерттеуге жатады.

34. Тек қана 16 жасқа толған тұлғалар ғана иттiң иесi бола алады.

35. Егер иттiң иесi заңды тұлға болып табылса, онда ол иттi ұстауға жауапты тұлғаны тағайындауы тиiс.


7 тарау. Иесiнен  ерекше жауапкершiлiктi талап ететiн иттердi ұстау
36. Адамдарға және басқа жануарларға аса қауiп төндiруге бейiм, тұқымды иттердi есепке алу мақсатында иесiнен ерекше жауапкершiлiктi талап ететiн иттердi ұстау iшкi iстер бөліміне есепке тұрғаннан кейiн рұқсат етiледi.

37. Иесiнiң ерекше жауапкершiлiгiн талап ететiн тұқымды иттердiң қатарына: американдық стаффордшир терьерi, стаффордширлiк бультерьерi, аргентиналық догы, питбультерьер, бультерьер, бульмастиф, бразилиялық филi, мастифтың барлық түрлерi (ағылшындық, испандық, пиринейлiк, тибеттiк), ортаазиялық және кавказ овчаркалары, қатты және жұмсақ жүндi фокстерьер, сондай-ақ олардың будандары жатады.

Иттiң тегiн айыру оның тұқым тегiнiң құжаттарымен анықталады, күмәндi жағдайларда осы саланы жақсы бiлетiн мамандардың көмегiмен анықталады.

38. Есепке алынбаған, иесiнен ерекше жауапкершiлiктi талап ететiн иттердi оның иелерi осы Ереже бұқаралық ақпараттық басылымдарда жарық көргеннен бастап 3 айдың iшiнде iшкi iстер бөліміне тiркеуден өткiзулерi тиiс.

39. Аудан аумағында иесiнен ерекше жауапкершiлiктi талап ететiн иттердi иеленуге, әкелуге, ұстауға және көбейтуге  iшкi iстер бөлімінің рұқсатынсыз тиым салынады.

40. Иесiнен ерекше жауапкершiлiктi талап ететiн иттердi ұстауды келiсу үшiн ықтимал жануар иегерi психоневрологиялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрмайтыны туралы анықтаманы ұсынуы қажет.

41. Дене күшi жағдайы бойынша маңындағылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете алмайтын және 16 жасқа толмаған тұлғаларға, иесiнен  ерекше жауапкершiлiктi талап ететiн иттi серуендетуге тыйым салынады.
8 тарау. Иттердi серуендету тәртiбi
42. Иттердi серуендетуге рұқсат берiледi:

1) жануардың нәжiсiн жинап алатын ыдысы болғанда, иттердiң тұмсығына тұмылдырық кигiзiлген (декоративтiк тұқымды иттерден басқалары) және қысқа бауда (1,5 метрге дейiн) осы Ереженiң 43 тармағында көрсетiлген орындардан басқа жерлерде айналасындағыларға кедергi келтiрмей және мазаламай, жануар иесiнiң жеке куәлiгi болған жағдайда;

2) қоршалған аулаларда, арнайы үйрететiн алаңдарда және осы мақсаттарға арналған еркiн серуендету орындарында иттi баусыз және тұмылдырықсыз серуендетуге.

43. Иттердi серуендетуге тиым салынады:

1) мiндеттi ветеринарлық алдын алу, тазалау шараларынан өткiзiлмесе;

2) осы мақсаттар үшiн рұқсат берiлген немесе арнайы бөлiнген орындардан басқа, тиым салу белгiлерi орнатылған, аулалардың балалр алаңқайында, шомылу орындарында, спорт алаңдарында, мектепке дейiнгi және оқу орындарының, емдеу мекемелерiнiң аумақтарында, саябақтарда және тұрғындардың жаппай демалатын орындарында;

3) адамдарды құтқару жөнiндегi жұмысты орындаушы, сондай-ақ қылмыспен күрес және қоғамдық тәртiптi күзетушi қызметтiк иттерден және жанары әлсiз адамдарды ертiп жүретiн иттерден басқасы, халық жиналатын орындарда және қоғамдық шараларды өткiзетiн орындарда;

4) мас күйiндегi адамдар мен 14 жасқа толмаған балаларға;

44. Торапты көшелердiң жанында және көшеден өтер кезде иттiң иесi (иттi серуендетушi адам) оны жол-көлiк оқиғасын  және иттiң жол үстiнде мерт болуын болдырмау үшiн қысқа бауда ұстауы тиiс.

45. Тұрғын үйлердiң жанында иттердi серуендетуге шығарғанда иттердiң иелерi түнгi сағат 23.00 -ден таңғы сағат 07.00-ге дейiн тыныштықты қамтамасыз етуi тиiс.

46. Тұмылдырығымен және қысқа баулы иттi шешiлiп кетуiн болдырмайтындай етiп байлап, оның иесi осы ғимараттың жайында болған уақытына, ғимараттың жанында қалдыруға болады, егер осы ретте басқа адамдарға, қоғамдық тәртiптiң бұзылуы мен қозғалысқа және иттiң өзiне қауiп туындамаған жағдайда. Осы ретте ит адамдардың өтуiне кедергi келтiрмеуi тиiс.

47. Ит қоғамдық орындарда тек қызметтiк тапсырмаларды орындау кезiнде ғана баусыз жүре алады.


9 тарау. Иттер мен мысықтарды қоғамдық көлiкте тасымалдау тәртiбi
48. Қоғамдық көлiкте иттер мен мысықтар келесi шарттарды орындағанда тасымалдауға рұқсат берiледi:

1) иттер қоғамдық көлiктердiң артқы алаңдарында, оның нәжiсiн жинап алатын ыдысы болса ғана, тұмылдырық кигiзiлген және қысқа бауда, жолаушылардың мазасын алмайтындай жағдайда тасымалданады;

2) декоративтi тұқымды иттер мен мысықтар арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерлерде), олардың нәжiстерiн жинап алатын ыдысы болса ғана тасымалданады.

49. Қоғамдық көлiкте тасымалдауға тиым салынады:

1) ауру итер мен мысықтарды;

2) нәжiс жинап алатын ыдысы болмаса, тұмылдырықсыз, қысқа бауы болмаса;

3) мас күйiндегi адамдар мен 14 жасқа толмаған балалардың иттердi;

4) декоративтi тұқымдас иттер мен мысықтарды  арнайы тордан тыс (тасымалдауға арналған контейнерлерде) нәжiс жинап алатын ыдысы болмаса.


10 тарау. Ауылшаруашылық және экзотикалық жануарларын,

құстар мен бал араларды ұстау


50. Кент және ауылдық округ әкімдері елді мекендерде жайылым аумағын белгілейді, ауыл шаруашылық жануарларын бағу жүмыстарын үйымдастырады, сонымен катар қараусыз жүрген ауыл шаруашылық жануарларының уақытша түратын жерін анықтайды.

51. Ауыл шаруашылығы жануарларын сату, әкелу, әкету ветеринария


саласындағы өкілетті орган беретін белгіленген үлгідегі ветеринарлық куәлік
рәсімделгеннен кейін ветеринарлық паспорт негізінде рұқсат етіледі.

52. Ауыл шаруашылығы жануарларын су, әуе, темір жол көліктерінде тасымалдау осы көліктерде тасымалдау Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

53. Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес анықталатын санитарлық аймақтың шекарасында ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, бал араларды ұстауға, көбейтуге, жаюға, айдауға тыйым салынады.

54. Ауыл шаруашылығы жануарларын, құстар мен бал араларды қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес тұрғын үйлерден, пәтерлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, бақтардан, хайуанаттар бағынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан, сауда, тамақ өнеркәсібі, жалпы дем алатын орындардан, балаларды сауықтыру орындарынан, демалыс үйлерінен, шипажайлардан, жасанды су қоймаларынан, артезиан құдықтарынан және өзен жағалауы мен оның сағасынан қашықтықта орналасқан арнаулы жабдықталған (жабық) орындарда ұстау керек.

55. Жеке тұрғын үй иелеріне оларда бір жанұя тұрған жағдайда, ветеринарлық-санитарлық ережелерінің талаптарын сақтаған жағдайда арнайы жабдықталған тұрақжайда ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарды ұстауға рұқсат етіледі.

56. Ауданның ауа кеңістігінен жабайы құстар ұшып өтетін мезгілдерде, жұқпалы ауыруларды таратушы болуы мүмкін ұшып өтетін құстармен қатынасты болдырмау мақсатында, суда жүзетін құстарды ашық су қоймалары мен тоғандарға жібермей, үй құстарының иелері барлық құстарды жабық орындарда ұстауы керек.

57. Экзотикалық жануарларды ұстау мен көбейту ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен жүзеге асырылады.

58. Жануарларды ұстайтын орынжайлар апта сайын механикалы түрде тазалануы және дезинфекциялануы тиіс: нәжістер,саңғырықтар, азықтарының қалдықтары және қоқыстар өз уақытында арнаулы белгіленген орындарға шығарылады.

59. Жылдың жылы мезгілдерінде (наурыздан қараша айына дейін) жәндіктерге, сондай-ақ кеміргіштерге (тышқандар, егеуқұйрықтар) қарсы күрес мақсатында жануарлар мен құстар тұратын орындарды ай сайын инсектицидтер мен дератизаторлық препараттарымен зарарсыздандыру керек.

60. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдағанда, жайғанда, серуендеткенде тұрғындардың қауіпсіздігіне жануар иелері жауап береді. Аудан көшелерінде, алаңдарында, гүлзарларында , басқа қоғамдық көпшілік пайдаланатын орындарында, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында (осы мақсатта шектеулі және арнаулы бөлінген телімдер) жануарларды жаюға рұқсат етілмейді.

61. Жабайы және үй жануарларын мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, оқушылар сарайында, және басқа ұйымдар мен мекемелердегі зоологиялық бұрыштарда ұстау ветеринария, санитарлық эпидемиологиялық қадағалау саласындағы өкілетті мемлекеттік органдардың келісімімен рұқсат етіледі.

62. Бал аралар ұстайтын жеке және заңды тұлғалар омарталары адамдарға қауіп төндірмейтін орындарға орналастыруы керек. Омартаны қауіпсіз орындарға орналастыру ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның келісімімен анықталады.

63. Омартаны есепке алу және емдеу - сауықтыру іс-шараларын жүзеге асыру үшін әрбір омартаға ветеринарлық төлқұжат беріледі. Төлқұжаттың түп нұсқасы мен берілу тәртібін ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган анықтайды.

64. Ветеринария саласында уәкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес арнайы ұстайтын орыны жоқ жағдайда, осы салада арнаулы білімі, осы жануарларды ұстауға машықтанбаған және тәжірибесі жоқ болса жабайы, жыртқыш және улы жануарларды ұстауға болмайды.

65. Ауданның тұрғын үй қорының пәтерлерінде ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарды (ірі қаралар, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, бал аралар, мамық жүнді аңдар) ұстауға болмайды.

66. Өзінің қосалқы шаруашылықтарында үй жануарларын күтіп ұстайтын аудан тұрғындары үй жануарларын ұстауды ветеринариялық – санитарлық бүкіл кешенді шараларын сақтап, тұрғындарды адам мен жануарға ортақ дерттерден сақтауды қамтамасыз етуі үшін төмендегі ветеринариялық нормативтер ұсынылады.




Жануар түрлері

Барлығы 1 басқа керекті тұрақ көлемі, кв.м

Ірі қара мал: сиыр

35,8

қашар

29,1

12-18 ай арасындағы

27,7

3-12 ай арасындағы

19

3 айлық арасындағы төлдер

7,6

Жылқы: бие

38,4

1 жастан жоғары

30,1

1 жасқа дейінгі төлдер

14,4

Қой: аналық қой

11,6

1 жастан жоғары жас қойлар

8,4

қозы

3,05

Ешкі: аналық ешкі

11,7

1 жастан жоғары

6,3

Шошқа: аналық

24,2

4 айлық жастан жоғары

9,8

2-4 ай арасындағы

7,5

0-2 айлық

1,9

Түйе

-

Тауық жұмыртқа, басар

1,7

Қаз аналық

2,8

Үйрек аналық

2,7

11 тарау. Жануарларды сату, сатып алу және тасымалдау


67. Ауданда жануарлар жеке және мемлекеттiк меншiк нысанында болуы мүмкiн.

68. Жануарларды белгiленбеген жерлерде, жануардың ветеринарлық анықтамасы мен құжаттарынсыз сатуға тиым салынады.

69. Жануарды сату және сатып алу, жануардың жасы 2,5 - 3 айға толған уақытынан, тиiстi ветеринарлық құжаттамасы болған кезде жүзеге асырылады, ал жануар 2,5 - 3 айға толмаған кезде сатылса  және ветеринарлық төлқұжаты болмаса, сатып алушыға күшiктiң, мысық пен басқа жануардың  енесiнiң  денсаулығының жағдайы жайында анықтама берiледi.

70. Қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында иттi сатып алу жағдайы бойынша, оның иесi иттiң аты, тұқымы, иесiнiң мекен жайы мен телефоны жазылған жетоны бар қарғы бау мен тұмылдырық болуын қамтамасыз етуi тиiс.

71. Арал ауданы аумағына шет мемлекеттерден жануарларды алып келу, алып кету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiптi сақтай отырып өкiлеттi мемлекеттiк органының рұқсаты болғанда жүзеге асырылады.

72. Аудан аумағынан тыс жерге жануарларды тасымалдау (орын ауыстыру) және алып келу ветеринария саласындағы мемлекеттiк органның берген арнаулы үлгiдегi ветеринарлық төлқұжаты мен жүргiзiлген вакцинациясы мен денсаулығы туралы белгiсi бар ветеринарлық куәлiгi болған жағдайда жүзеге асады.

73. Жануарларды әуе, темiржол және автомобиль көлiгiнде ауданнан тысқары жаққа тасымалдау осы көлiктердiң түрлерiнде жануарларды тасымалдау Ережелерi негiзiнде жүзеге асады.»
3 бөлім
12 тарау. Жануарлар иелерiнiң осы Ереженi сақтаудағы

жауапкершiлiгi


74. Жануарға қатыгез қараған, тiркелмеген (есепте тұрмаған) және егiлмеген иттер мен мысықтарды ұстаған, осы Ереженi сақтамаған жануарлардың иелерi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына  сәйкес жауапкершiлiкте болады.

75. Айыппұл салу немесе өзге шара қолдану кiнәлi адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгiленген тәртiпте шығынның орнын толтырудан босатпайды.

76. Жануарлардың азаматтардың денсаулығына және мүлiктерiне келтiрiлген зиян, заңнамада белгiленген тәртiпте жануарлар иелерiнiң есебiнен өндiрiледi.

77. Осы Ережені бұзған жағдайда жануарлар иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

78.  Осы Ережені бүзған кінәлі жеке және заңды түлғалар Кодексі 2001 жылғы 30 каңтардағы № 155-II (2010.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік кұқық бұзушылық туралы» Кодексінің 300, 310, 439, 473, 543, 559 баптарына, 1994 жылғы 27 желтоксандағы Қазакстан Республикасының Азаматтык Кодексінің 246 бабына және 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Қазакстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жауапқа тартылады.

79. Материалдық зиян келтірілген жағдайда, зардап шегуші оның өтеуі үшін сотқа шағымдануға құқылы.


13 тарау. Қорытынды ережелер
80. Тiркеуге жататын жабайы, жыртқыш, улы және экзотикалық жануарларды, иттер мен  мысықтарды оның иелерi, оларды осы Ереже бұқаралық ақпараттық басылымдарда жарық көргеннен бастап үш айдың iшiнде тiркеулерi тиiс.


ПРАВИЛА

содержания животных, выгула собак и кошек в населенных пунктах Аральского района


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет