1 БӨлім. «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» ПӘНІ, оның мазмұНЫ


Дербес компьютерді офистік әрекеттерді автоматтандыру және электрондық құжат айналысын ұйымдастыруда қолдану



бет12/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.64 Mb.
#453858
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62
СОӨЖ 14

Дербес компьютерді офистік әрекеттерді автоматтандыру және электрондық құжат айналысын ұйымдастыруда қолдану. Құжат айналымын, яғни құжаттарды жинау, сақтау, тасымалдауды автоматтандыруды жүзеге асыратын өзара байланысты компьютерлік технологиялардың жиынын электронды офис деп атайды. Қолданбалы бағдарламалармен орындалатын қағазсыз іс жүргізу технологиялары келесі маңызды мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелер мен желілерге негізделген:

Осының нәтижесінде электрондық офис мекеме немесе кәсіпорын әрекетімен байланысты құжаттарды кешенді өңдеуді жүзеге асырады. Мұнда қолданылатын технологиялар мәліметтер қоры, ақпараттық қор, электронды кітапханаға сүйенеді. Электронды офис қызметіне мыналар енеді:

Электронды офис үшін кеңселік әрекеттермен байланысты көптеген мәселелерді шешетін кең көлемдегі бағдарламалық жабдықтар жасақталады және ұсынылады. Оларға мыналар жатады:

    • мәтіндік және графикалық редакторларды қолдану;

    • электрондық кестелермен жұмыс;

    • мәліметтер қорын басқару жүйесі мен ақпараттық сақтау қоймаларын пайдалану;

    • презентация дайындау бағдарламаларын қолдану.

Электронды офисте кәсіпорын немесе мекеменің құжаттарын басқару жүйесі маңызды роль атқарады. Ол заңды тұлға әрекетімен байланысты барлық ақпаратпен жұмысты қамтамасыз етеді. Құжаттарды басқару кәсіпорын желісі арқылы әлдеқайда тиімді жүзеге асады. Жүйенің ядросы серверде орналасқан ақпараттық қойма мен қолданбалы бағдарламалардың кешені болып табылады. Арнайы бағдарламалар ядро мен қолданушы арасында қолайлы интерфейсті қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет