1 БӨлім. «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» ПӘНІ, оның мазмұНЫ


Микропроцессордың физикалық және функциональдық құрылымы



бет20/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.64 Mb.
#453858
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62
СОӨЖ 14

Микропроцессордың физикалық және функциональдық құрылымы. Микропроцессордың физикалық құрылымы күрделі. Процессор ядросы негізгі басқару модульдері және орындаушы модульдерін – бүтінсанды мәліметтермен орындалатын операциялар блоктарын қамтиды. Локальді басқару схемаларына кіреді: жылжымалы нүкте блогы, тармақталуды болжайтын модуль, ішкі RISC микрокодында CISC нұсқауларды түрлендіру модулі, микропроцессорлық жады регистрлері, 1-деңгейдегі кэш-жады регистрлері (мәліметтер мен нұсқаулар үшін), шиналық интерфейс және т.б.

Pentium микропроцессоры құрамына келесі физикалық компоненттер кіреді:



  • Core — микропроцессор ядросы;

  • Execution Unit — орындаушы модуль;

  • Integer ALU — бүтін сандармен (тұрақты үтірмен) операциялар үшін АЛҚ;

  • Registers — регистрлер;

  • Floating Point Unit — жылжымалы үтірлі сандармен жұмыс істеу блоктары;

  • Primary Cache — бірінші деңгейдегі кэш, соның ішінде мәліметтер кэші (Data Cache) және командалар кэші (Code Cache);

  • Instruction Decode and Prefetch Unit және Branch Predictorнұсқауларды декодтау, оларды орындау, тармақталуды болжау блоктары;

  • Bus Interfaceинтерфейстік шиналар, соның ішінде 64-биттік (64-bit Bus) және 32-биттік (32-bit Bus) шиналар жәнежедел жадыға жүйелік шинаға шығу (То RAM).

Функциональдық тұрғыдан микропроцессорды 2 бөлікке бөлуге болады:

  • операциялық - басқару құрылғысы (БҚ), арифметикалық-логикалық құрылғы (АЛҚ) және микропроцессорлық жады (МПЖ) (адрессіз регистрлер) қамтиды;

  • интерфейстік - микропроцессорлардың адрестік регистрі, команда регистрлерінің блогы — машина жұмысының жақын аралықта орындалатын тактілері командаларының кодтарын сақтауға арналған жады регистрлері, шина мен порттарды басқару схемаларын қамтиды.

Микропроцессордың екі бөлігі параллель жұмыс жасайды, интерфейстік бөлігі операциялық бөлігін басып озады, сондықтан жадыдан алынған кезекті команданы таңдау (оны командалар регистрлерінің блогына жазу және алдын-ала талдау) операциялық бөлік алдыңғы команданы орындап жатқан кезде жүзеге асады. Қазіргі микропроцессорлардың интерфейстік бөлігінде бірнеше регистрлер тобы бар, олар түрлі дәрежеде жылдам жұмыс жасайды, ал ол конвейерлік режимде операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Микропроцессордың осылайша ұйымдастырылуы оның тиімді тезәрекеттілігін көтерді.

Басқару құрылғысы дербес компьютердің функциональдық тұрғыдан әлдеқайда күрделі құрылғысы болып табылады – машинаның барлық блоктарына кодтық нұсқаулар шиналар арқылы түсетін басқару сигналдарын өңдейді.

Басқару құрылғысының қысқаша функциональдық схемасы суретте көрсетілген.




Суретте көрсетілген:

  • командалар регистрі — команда коды сақталатын есте сақтау регистрі: орындалатын операция коды (ОПК) және операцияға қатысатын операндтар адрестері; командалар регистрі микропроцессордың интерфейстік бөлігінде, командалар регистрі блогында орналасқан;

  • операция дешифраторы — логикалық блок;

  • микропрограммалардың тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) өз ұяшықтарында басқару сигналдарын сақтайды, олар ДК блоктарында ақпаратты өңдеу операцияларының процедурасын орындау үшін қажет;

  • адрес қалыптастыру түйіні (микропроцессордың интерфейстік бөлігінде орналасады) — регистрлерден келіп түскен реквизиттер бойынша жады ұяшығының толық адресін есептейтін құрылғы;

  • мәліметтердің, адрестердің және нұсқаулардың кодтық шиналары — микропроцессордың ішкі интерфейстік шинасының бөлігі.

Жалпы жағдайда басқару құрылғылары келесі негізгі процедураларды орындау үшін басқару сигналдарын қалыптастырады:

  • программаның кезекті командасы сақталатын жедел жады ұяшығының адресін микропроцессор жадысының командасы адресінің санағышынан – регистрден таңдау,

  • жедел жады ұяшығынан кезекті команданы таңдау және оқылған команданы командалар регистріне қабылдау;

  • таңдалған командалардың белгілерін анықтайды;

  • машинаның барлық бөліктерінде берілген операцияның орындалу процедураларын анықтайтын басқару сигналдарының микропрограммаларын оқу және жіберу;

  • командалар регистрінен және микропроцессор жадысы регистрінен есептеуге қатысатын операндтар(сандар) адрестерінің жеке құраушыларын оқу және операндтардың толық адрестерін қалыптастыру;

  • операндтарды таңдау (қалыптасқан адресі бойынша) және осы операндтарды өңдеуде берілген операцияларды орындау;

  • жадыға операция нәтижелерін жазу;

  • программаның келесі командасының адресін қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет