1 БӨлім. «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» ПӘНІ, оның мазмұНЫ


Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері



бет57/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.64 Mb.
#453858
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
СОӨЖ 14

Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері. Компьютерлік вирустар «таза» компьютерге вирус жұққан йілгіш дискеттер арқылы таратылады. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады.

Айта кететін жайт, вирустардың кейбір түрлері компьютерге келісімен зиянды ісіне кірісіп кетеді, ал олардың кейбірі файлдар құрамына енсе де іске кіріспей, біраз уақыт тым-тырыс жасырынып жатады, бұл уақытты «инкубациялық мезгіл» деп атайды. Бұл мезгіл аралығында олар екпінді күйде файлдар арасына таратылып, зақым келтіруді белгілі бір уақыт мөлшері өткен соң немесе ол өзін-өзі белгіленген мөлшерде көбейтіп болған соң ғана бастайды.

Вирустардан сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:


  • информацияны қорғаудың жалпы шаралары- дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істемейтін программаларды қолданбауға және жұмыс істемейтін программаларды қолданбауға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуге тырысады;

  • Профилактикалық шараларды пайдалану, яғни вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру;

  • Вирустан сақтайтын арный программаларды пайдалану. Жалпы информация қорғау тәсілдері тек вирустан сақтануда ғана емес, басқа жағдайда да пайдалы болатынын есте сақтаған жөн. Ондай тәсілдің негізгі екі түрі белгілі.

    1. Информацияның көшірмесін алып отыру файлдарды және дискінің жүйелік мәліметтерін көшіріп сақтау.

    2. Керекті информацияңызды басқалардың жиі пайдалануына тосқауыл қою – ол информацияны рұқсатсыз көшіріп алуды, яғни программамен дұрыс жұмыс істемейтіндерден және қателігі бар программалардан қашық жүруді және мәліметтерді өзгертуді вирустар енгізуді болдырмауды қамтамасыз етеді.

Жалпы информацияны сақтаудың ортақ тәсілдерінің қажеттілігінен қарамастан, қазіргі кезде тіптен олардың өзі жеткіліксіз болып отыр. Вирустан сақтану үшін арнайы программалар қажет және оларды тұрақты түрде қолдана бастау керек. Мұндай программаларды бірнеше түрлерге бөлуге болады: детекторлар, докторлар, ревизорлар және вакциналар.

Вирустардың әсерін жоятын антивирустық программаларды үш негізгі топқа бөлуге болады:



  • Файл мәліметтерін бақылауға арналған, олардың қосындыларын есте сақтауға негізделген программалар;

  • Программаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды анықтайтын резиденттік программалар;

  • Вирустар жұқтырылғаннан кейін олардың бар екенін анықтайтын программалар.

Файлдардағы мәліметтердің белгілі бір сипаттамаларын есте сақтайтын антивирустық программалардың негізгі жұмыс-сол файлдардың жаңа сипаттамаларын бұрын белгіленіп, жазылып қойылған мәндермен салыстырады. Егер файл ішіне вирус енсе, онда олар бір-біріне сай келмейді де, программа ол туралы экранға ескертпе хабар шығарады. Осы тәсілмен бұрын белгісіз жаңадан шыққан мұқият сақтау қажет. Ал кейде сол сипаттамалардың өзгеруі вирустың әсекрінен емес, тексергеннен кейін өзіңіздің өзгертуіңізден де болуы ықтимал.

Оның үстіне, сіз тексеру сипаттамаларын жазу кезінде компьютерде вирус жоқ екеніне сенімді күйде болуыңыз қажет, әйтпесе бұл тәсіл дұрыс нәтиже бере алмайды.

Сондай-ақ, бұл программалардың тағы бір кемшілігіне, тексеруге көп уақыттың кетуі мен бақылау сипаттамаларының файл көлемін шектен тыс үлкейтететін жатқызуға болады. Оған қоса, ол мәліметтерді көшіру немесе аттарын өзгерту қажет болса, тағы да сипаттамаларын өзгертіп жазу керектігі түсінікті шығар.

Детектор-программалар немесе «фагтар» вирус жұққан программалар мен дискілерді «вирус» әсерін алып тастау, яғни «жұлып алу» арқылы емдеп-оларды бастапқы қалпына келтіреді.

Ревизор-программалар да алдымен программалар мен дискінің жүйелікаймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кеінгісінен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу программа иесіне хабарлайды.

Доктор-ревизорлар –доктор –программа мен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді, анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде «ембеп» бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.

Сүзгі программалар – компьютердің оперативтік жадында тұрақты орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.

Вакцина-программалар (немесе иммунизаторлар) компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус «жұққан» сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.

Вирустардың жаңа түрлері күнбе-күн пайда болып жатыр, сондықтан антивирустық программалардың да тексеру-емдеу қабілеттері жоғары соңғы шыққандарын қолданған дұрыс.



Компьютерге вирус жұқтыру мүмкіндігін азайтатын және жұққан жағдайда оның зиянкесті әрекеттерін барынша азайтатын шараларды қарастырып, оларды бірнеше топқа жіктейік:

  1. Ақпаратты әркімнің жиі пайдалануын шектеу және оның көшірмесін сақтау;

  2. Сырттан келген мәліметтерді мұқият тексеруден өткізу.

  3. Вирустан «емдеу аспаптарын» жие жаңарту;

  4. Белгілі бір уақыт сайын компьютерді вирусқа тексеріп отыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет