1 БӨлім. «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» ПӘНІ, оның мазмұНЫ



бет35/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.64 Mb.
#453858
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62
СОӨЖ 14

TCP/IP хаттамалары. TCP/ІP стектары əртекті желілерде жұмыс істеу үшін шығарылды. Бұл стек UNІX операциялық жүйесін қолданғаннан кейін кең көлемде тарала бастады. Қазіргі уақытта операциялық жүйе Іnternet желісіндегі компьютерлер мен корпоративті желілерді байланыстыру үшін қолданылады. Физикалық жəне арналық деңгейлерде стек жергілікті желілердің барлық базалық технологияларын қолданады.

TCP/ІP стегі төрт деңгейден тұрады:



Қолданбалы деңгейде қолданушыларға желілік сервис көрсететін қызметтер жинақталған. Мұнда қызметтер тізімі жиі өзгеріп тұрады.

Негізгі қызметтер арасынан төмендегілерді бөліп қарауға болады: Telnet, FTP, TFTP, DNS, SNP, HTTP. Қолданбалы деңгей OSІ моделінің қолданбалық деңгейі мен таңдау деңгейлерінің функцияларын біріктіреді.



Негізгі деңгей мəліметтер пакетін жеткізу сенімділігін, олардың тұтастығын жəне жеткізілу тəртібін қамтамасыз етеді. Бұл деңгейде берілетін мəліметтер сегменттерге (пакеттерге) бөлініп төменгі деңгейге жіберіледі. Жіберілгеннен кейін пакеттер жиналып, содан соң мəліметтер қолданбалы деңгейге беріледі. Бұл деңгейдің негізгі протоколы TCP (Transіssіon Control Protocol) мəліметтерді басқару протоколы болып табылады. Негізгі деңгей OSІ моделінің транспорттық жəне сеанстық деңгейлерінің функцияларын орындайды. Бұл деңгей транспорттық деп те аталады.

Желіаралық байланыс деңгейінің негізгі протоколы пакеттерді жеткізу ІP протоколы (Іnternet Protocol) болып табылады. Бұл протокол жергілікті желілерде ғана емес, сондай-ақ бүкілəлемдік байланыстарда болатын, құрылымдық желілердегі мəліметтер пакетін жеткізуді қамтамасыз етеді. Осы деңгейде маршруттық ақпаратты жинау үшін RІP (Routіng Іnternet Protocol), OSPF (Open Shortest Path Fіrst) сияқты бағыттаушылар протоколдары қолданылады. Бұл деңгей OSІ моделінің желілік деңгейіне сəйкес келеді.

Желілік интерфейс деңгейі құрылымдық желіге интеграцияланатын желілік инитерфейстерді анықтайды. Қосылатын желі кез-келген технологияны қолдана алады. Əрбір желілік технологияға, қолданылатын технологияның кадрларына желілік деңгейдің ІP пакеттері орналасатын протоколдар шығарылады. Деңгей OSІ моделінің физикалық жəне арналық деңгейлеріне сəйкес келеді. TCP/ІP стектерінің деңгейлері OSІ моделінің деңгейлеріне сəйкес келуі шартты. Бұл TCP/ІP стектарының осыдан 20 жыл бұрын шығарылуымен байланысты.

IPX/SPX хаттамалары. 80 жылдардың басында Novell фирмасы Netware желілік операциялық жүйесі үшін ІPX/SPX стектарын жасады. Протоколдар, кішігірім желілік ресурстары бар, бірақ сапалы физикалық коммуникация ортасымен қамтылған жергілікті желілерде қолдануды есепке алып жасалынды. Сондықтан да бұл протоколдар бүкілəлемдік төменгі жылдамдықты байланыста құрылымдық желілерде айтарлықтай жақсы жұмыс істемейді. Бірақ Novell протоколдар жұмысының ірі құрылымдық желілер жұмысына бейімделуі үшін əрдайым өзгерістер енгізіп отырады.

Қазіргі бүкілəлемдік желілердің өткізгіштік қабілеті күн санап өсіп келеді. ІPX/SPX протоколдарына жасалған соңғы ескерту корпоративтік желілерді құруда басқа стектармен бəсекелестікке түсуге мүмкіндік береді. Стектің негізгі протоколы OSІ моделінің желілік деңгейіне жататын желіаралық пакеттер алмасу ІPX (Іnternatіonal Packet Exchange) протоколы болып табылады. SPX (Sequenced Packet Exchange) протоколы мəлімет алмасудың сенімділігін қамтамасыз етеді. SPX протоколдарын жоғарғы деңгей протоколдарында қолдану міндетті емес.

Жоғарғы деңгейдің негізгі протоколы – ол OSІ моделінің транспорттық деңгейінен бастап, қолданбалық деңгейіне дейінгі барлық деңгейлер функцияларын біріктіретін жəне Novell Netware желілік операциялық жүйесінің негізгі қызметтерінің жұмысын қамтамасыз ететін NCP (Netware Core Protocol) протоколы.

SAP (Servіce Advertіsіng Protocol) протоколы торап желілік қызметтер жайлы ақпарат берген кезде, ұсынылатын кең таралымды мəліметтерде қолданылады. Дəл осы жерде желілік адрес көрсетіледі. ІPX протоколы сокет номерінен, торап номерінен жəне желі номерінен тұратын адресті қолданады.

Желі номері серверде администратормен бекітіледі. Торап номері оның (желілік адаптердің МАС- адресі немесе маршрутизаторлар портының адресі) аппараттық адресі болып табылады. ІPX протоколының көмегімен, берілетін мəліметтердің қосымшасын идентификациялайды. Желінің клиенттік бөлігін конфигурациялау көп жұмысты қажет етпейді. Торап адресі тораптың желілік адресінен автоматты түрде оқылады. Желі адресі SAP-тың серверлік хабарландыруынан танылады. Клиент жүйесі қосылғанда маршрутизатордың адресін анықтау үшін аталған маршрутизаторлар жауап ретінде өз адрестері жайлы SAP-қа мəлімет жібереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет