1 БӨлім. Глоссарий автотрофный



бет3/5
Дата21.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#152723
1   2   3   4   5

Тітіркенгіштік. Әрбір организм қаншама қарапайым немесе күрделі болса да, олар өзін қоршаған сыртқы ор-тамен тығыз байланыста болып, ортаның өзгерістеріне қарай тиісті әрекет жасап отырады. Организмнің сырткы ортаның өзгеруіне қарай әрекет жасауының бір керіні-сі — тітіркенгіштік. Тітіркенгіштікті тудыратын фактор-лар тітіркендіргіштер деп аталады. Оларға әр түрлі хи-миялық, сәулелік, электр кұбылыстар және басқа түрлі энергиялар жатады. Тітіркенгіштіктің көрінісі әр түрлі. Олар организмнің күрылысына және әсер етудің сипаты-на тәуелді Жануарлар организмі неғұрлым жоғарьі сатыда бо-лып, нерв жүйесінің күрылысы жоғары жетілген болса, онда олардың сыртқы ортаның әсеріне беретін жауабы да соғұрлым күрделене түсетінін жүргізілген көптеген зерттеулер көрсетті.

Өсімдіктер мен қарапайым және жоғарғы сатыдағы жануарлардын, кейбір клеткаларыньщ тітіркендіргішке қарай керісінше қозғалыс жасау арқылы беретін жауап реакциясы: жануарларда таксис, өсімдіктерде тропизм Деп аталынады. Қозғалыстың тітіркендіргішке кері бо-луына байланысты таксис оң және теріс болуы мүмкін. Тітіркендіргіштер түрінің көп болуына байланысты так-систерде әр түрлі болады. Химиялық заттардың әсеріне организмнің жауап беруі хемотаксис сәуле әсеріне — гелиотаксис, электр тогі әсеріне — гальванотаксис, қат-ты заттардың әсеріне — тигмотаксис және сұйық заттың әсеріне — реотаксис қозғалыс реакциялары жиі кездесіп отырады.



Тигмотаксис—механикалық тітіркендірулер кезінде байқалады. Реакцияньщ күштілігі тітіркендіргіштің кү-шіне тәуелді. Амебаның денесіне, мысалы, инемен қатты әсер етсек, псевдоподиясын жиырып, қозғалмай қалады. Күшті механикалық тітіркендіргішпен үзақ әсер етсек, амеба қарама-қарсы жағына ауысады. Ал, әлсіз тітіркен-діргіштің әсерінен амеба тітіркендіргішке қарай қозға-лады. Мүндай реакция инфузорияларда да байқалады. Аталық жыныс клеткасының аналық клеткаға қарсы қозғалуы оң тигмотаксиске жатады. Тигмотаксиске басқа да мысалдар келтіруге болады.

Реотаксис — механикалық әсерге организм жауабы-нын. екінші түрі. Ол клетканың сүйық заттың ағысына қарсы, қысымы басым жағына қозғалуы. Реотаксис қа-рапайым организмдерде байқалады. Оң реотаксис ата-лық жыныс клеткаларында болады. Сүт қоректілерде аталық жыныс клеткалары жатынға ағатын шырыштың ағысына қарсы жүмыртқа жолымен жоғары өрлеп қозға-лады. Таксистіқ жоғарыда баяндалған түрлері организм-нің тіршілік әрекетінде олардың маңызды роль атқара-тындығын көрсетеді.

Жылылық тітіркендіргіш — клетканың тіршілік әрекетін езгертіп отырады. Температураның жоғарылауы клетканың тіршілік әрекеттерін күшейтеді, төмендеуі, ке-рісінше, тежейді. Бірақ температураның көтерілуі белгілі шекке дейін ғана қолайлы, бүдан соң ол керісіниіс көрсетеді. Клетканың тіршілігіне колайлы температура оптймальды температура деп аталынады. |

Жылы қанды жануарларда температураның 45 градусқа дейін көтерілуі белокты үйытып, клетканы бірнеші минутта өлтіреді. Бірақ, кейбір жағдайда клетка едәуіі жоғары температураға бейімделе алады. Мысалы, кейбі| микробтардың споралары 100 градус жылылықта, тіт одан жоғары температурада бірнеше сағат бойы тіршілі; ете алады. Клетка төмен температураға да бейімделгііі келеді. Бақаның аталык жыныс клеткалары нольден тө менгі температурада көп уақытка дейін тірі қалады. Мал дың аталық жыныс клеткаларынын да төменгі темпера тураға шыдамды келетініне байланысты оны үзақ сақ-тауға және алыс жерге тасуға болады. Глицеринмеч тоназытылған қанның қызыл түйіршіктері тіршілік қа-і сиетін көпке дейін жоймайды. Дегенмен, клетканың тір-5 шілік етуі үшін температураның ауытқуы сәл ғана болуы керек.

Химиялық тітіркендіргіштер. Ортаның жағдайын өзгерту арқылы клеткаға тікелей әсер етеді. Қлетканы коршаған сұйыққа кандайма болмасын бір затты қоссақ, ол сүйықтықтың физикалық (осмос қысымын, меншікті салмағы т. б.) қасиетін өзгертеді. Химиялық тітіркендіргіштер белгілі бір концентрацияда клетканың тіршілік әрекетін күшейтеді. Мысалға жүмыртқа клеткасының үрыктанбай көбеюін (партеногенез) алуға болады. Кейбір түздардың, май кышқылдарының және көптеген басқа!

заттардьщ белгілі концентрациясымен әсер ету арқылы партеногенез жасауға болады. Ал осы заттардың басқа мелшердегі концентрациясы жұмыртқаны дамытудың, орнына, оның тіршілігін жояды. Сонымен химиялық тітіркендіргіштер клетканың тіршілік әрекетін күшейтумен қатар оны бәсеңдетеді де. КейбІр химиялық заттардың болмашы концентрациясының өзі клетканың құрылысын өзгертіп, тіршілік әрекетін мықтап бүзады. Олар улы заттар тобына жатады. Мысал ретінде хлороформ, эфир, морфий т. б. заттарды айтуға болады. Егер амеба немесе инфузория бар суға эфир қоссақ, олар қозғалысын тоқтатады. Наркозды заттарға нерв клеткасы өте сезімтал келеді. Олардың әсерінен нерв клеткасының тіршілік әрекетінің тежелетіндігі аян болып отыр.



Осмос қысымы. Бүл —клетканың күйіие күшті әсер ететін жәйттін бірі. Протоплазманын ерітіндісінен қысы-мы күшті (гипертониялық) ерітінділерде клетка суынан айрылып, бүрісіп қалады. Ал, керісінше жағдайда (ги-потониялык ерітіндіде) клетка суды өзіне тартып, ісіне-ді Омыртқалы жануарлар қанының қызыл түйіршіктері осмос кысымына өте сезімтал келеді. Олар гипертония-лық ерітіндіде бүрісіп, тұт жемісіне үқсайды.

Сәулелі энергия — протоплазманы тітіркендіргіш. Бүған мысал ретінде жасыл өсімдіктердің күн сәулесінің әсерімен ауадан көмір кышқыл газын кабылдайтьш асси-миляция құбылысын алуға болады. Қүн сәулесінің әсері-не, әсіресе, карапайым организмдер сезімтал келеді. Кей-бір амсбалар қарацғыда қозғалып, кездейсоқ жарықта токтап қалады.

Рентген сәулесі — оның клеткаға әсер етуі мөлшері-не байланысты. Аз мөлшері клетканың әрекетіне зиян гигізбейді. Мөлшері көп болса ядроның түрін өзгертіп, клетканың белінуін бүзады, тіршілігіне қауіп төндіреді. Рентген сәулесіне жыныс клеткалары өте сезімтал келе-ді. Жыныс бездері тканьдеріне зиянсыз мөлшерінің өзі де жүмыртқа клеткасы мен аталық жыныс клеткаларын өлтіреді.

Қатерлі ісікті рентген сәулесімен емдеу оның талға-малық әсер ету қасиетіне негізделген. Рентген сәулесінің белгілі мелиіері қатерлі ісіктің клеткаларын бүзып, жай гканьдерге зиянын тигізбейді. Радий сәулесін пайдалану да осыған үқсас.

Ультра күлгін сәуле протоплазманың коллоидты жү-йесіне күшті әсер етеді. Бүл күбылысты терінің үстіңгі қабаттары клеткаларынан көруге болады

Бақылау сұрақтар:


  1. Микротүтікшілер. Кірпікшелер. Талшықтар. Базальды денешік.

  2. Клетка орталығының қызметі, құрылысы. Центриольдер, ультрастурктуралық құрылысы, репликациясы.


Ұсынылған әдебиеттер:

  1. М. Нұрышев. Клетка: құрылысы мен қызметі. Алматы, «Ғылым», 2001.

  2. Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.

  3. З.Қ. Тоқаев. Гистология, эмбриология және цитология практикумы. Семей, 2001.

  4. О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.

  5. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.

№ 11-12 Дәрістер. Клетканың тұрақсыз қосылыстары.

Дәрістің мақсаты: Клетканың тұрақсыз қосылыстарына жалпы түсінік беру.

Негізгі сұрақтар:



  1. Клетканың тұрақсыз қосылыстары.

  2. Клетканың тұрақсыз қосылыстарының классификациясы.

КЛЕТКАНЫҢ ТҮРАҚСЫЗ ҚОСЫНДЫЛАРЫ

Клетканың тіршілік әрекеті үздіксіз жүретін зат ал-масу процесімен сипатталады. Осыған байланысты клет-када әр түрлі ыдырау өнімдері жиналып және жойылып. кетіп отырады. Сондықтан клетканың протоплазмасында органоидтардан басқа тұрақсыз қосындылар да болады. Тұрақсыз қосындылар протоплазманың жетілмеген белі-гі. Сондыктан клетка белінгенде жойылып, жаңа түзілген клеткада жиналып отырады. Түрақсыз заттар — шырын, түйіршіктер, секреттер, экскреттер, пигменттер.

Трофикалық қосындылар — белокты, майлы және уг-леводты болуы мүмкін. Жүмыртқа клеткаларында таяқ-ша, яғни түйрішік тәрізді белокты қосындылар кеп бола-ды. Олар үрықтың дамуы үшін қажетті материал. § Майлы қосындылар кейбір клеткаларда аз мелшерде болса да кездеседі. Бұл түзілістер энергиялық қор есе-бінде жұмсалады.

Май көп мелшерде болса, ядроны шетке ығыстырып, үлкен шырын қүрайды. Қейбір клеткалар май жинауға арналмаған болса да оны жинауға бейім келеді. Ондай клеткалар дәнекер және ретикулярлы тканьдерде кезде-сіп, майлы клетка деп аталады. Протоплазмада майдың жиналуы клетканы өлтірмейді. Оны пайдаланған соң клетка бүрынғы қалпына келеді.



Углеводты қосындылар — жануарлар клеткасында гликоген түрінде болады. Боялған клеткаларда келемі әр түрлі тығыз кесек туйіршіктер, кейде ұсақ түйіршіктер түрінде көрінеді. Мал азық жегеннен кейін бауыр клет-каларындағы гликогенді оңай байқауға болады. Ет тал-шықтарында гликоген көп кездеседі. Еттегі гликогеннің мөлшері азыққа, жүмысқа байланысты өзгеріп отырады. Нерв клеткаларында гликоген глюкоза түрінде тікелей пайдаланылады

Экскреттер — тіршілік процесінде роль аткармайтын, опганизмнен зиянды зат есебінде шыгарылуға тиісті зат Лмяс"процесіндеғі продукты. Сскреттер - безді клетка-п?п әрекетініи продүктысы, организм үшін кажстті. Олар кіеткада жиналып, кеіііннен тыска шығарылып отырады. Клеткалық продуктылардын бүл категориясына фер-менттерді де жатқызчта болады.

Пигментгі қосындылар - олар клеткаға түс оереді. ПигменттердіЦ көптеген түрі бар. Қара меланин деп ата-латын пигменттің маңызы зор. Ол адам мен жануарлар-дың терісіне коңыр түс беріп түрады. Бояулы зат гем мен кан белогы — глобиннің қосындысы — гемоглобин деп аталады. Гемоглобин қүрамында темір болуына байла-нысты оттегімен оңай және түрақсыз косылыс түзш, ор-ганизмде оттегін тасушы ролін атқарады.

Сөйтіп, бұл косылыстар протоплазмадағы түрақсыз түзілістер болғағіымен клетканың тіршілік әрекеті үшін қажет.


Бақылау сұрақтар:

  1. Клетканың тұрақсыз қосылыстары.

  2. Клетканың тұрақсыз қосылыстарының классификациясы.

  3. Углеводты қосындылар.

  4. Қоректік, секреттік және экскреттік қосындылар.

  5. Пигменттік қосындылар.

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. М. Нұрышев. Клетка: құрылысы мен қызметі. Алматы, «Ғылым», 2001.

  2. Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.

  3. З.Қ. Тоқаев. Гистология, эмбриология және цитология практикумы. Семей, 2001.

  4. О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.

  5. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.

13-15 Дәрістер. Ядро.



Дәрістің мақсаты: Ядроға жалпы түсінік беру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Клетканың тіршілігінедгі ядроның маңызы, гендік информация. Ядроның пішіні, көлемі, клеткадағы саны және орналасуы.

  2. Ядроның химиялық құрамы. Ядро қабықшасы. Құрылысы. Ядро шырыны (кариоплазма) құрылысы, қызметі.

  3. Хромосомалар.

  4. Ядрошық.

  5. Клеткалық цикл.

  6. Клетканың бөлінуі. Митоз, амитоз, мейоз.


Мөлшері және формасы. Ядро клетканың қүрамында болады, Ядро көк жасыл балдырдан_ басқа, өсімдіктер мен жануарлар клёткалары"нда""кез"дёсёді. Ядро прото-плазмасыз тіршілік ете алмайды. Көбінесе клеткада бір ядро, кейбір жағдайда екі немесе одан кеп ядро (бауыр, бүйрек клеткаларында) боЛады. Клеткаңың көбінде ядро орталыққа орналасады. Бірақ кейбір клеткаларда ол шетке қарай ығысзды.

Ядроның пішіні клетканың_пішініңе сәйкес келеді. Ол көбінесе жүмыртқа, таяқша тәрізді_және _бөлшекті ядролар жануарлар клеткаларында кездеседі. Мысалы, дөңгелек, жұмыртқа және сандықша тәрізді клеткалардың ядросы да осы тектес ал ұршық тәрізді клеткалардың ядросы созылыңқы келеді.

Кейбір клеткаларда ортада жатқан ядроны клетка орталығы қысып„_ бүршақ тәрізді турге айналдырады. Ядроның түрі механикалық себептерге байланысты да өзгеруі мүмкін. Мысалы қанцағы қозғалмалы ақ түйіршіктердің ядросы деңгелек немесе жұмыртқа тәрізді болып отырады.

Омыртқалы жануарлар қанындағы ақ түйіршіктер ядролары бөлшекті болып келеді, өйткені олар протоплазмада еркін орналасып, механикалық кысымға ұшырамайды. Ядроның мөлшері иротоплазманьщ көлеміне белгілі бір қатынаста болады.



Құрылысы және физикалық-химиялық қасиеті. Ядро— қабықтан, тордан және шырыннан кұралады. Қабық яд-роны протоплазмадан бөЛіп тұрады. Кейбір клеткаларда қабық айқын керінеді.

Ядро торы — боялатын зат хроматин және боялмайтын зат ахроматиннен тұрады. Ахроматин ядро торының негізін түзеді, ал хроматин тордың ұшында түйіршікті, кесекті, әр түрлі мөлшерлі болып орналасады. Олар жақ-сы боялады. Хроматинді бояу үшін жануарлар денесінен алынатын кармин, өсімдіктерден алынатын гемотоксилин бояулары пайдаланылады. Хроматин кеп болса — жақсы, аз болса — нашар боялады.

Әрбір ядроның ' дөңгелек денешіктері (ядрышкосы) бар- Ядродағы бұл денешіктердің жалпы саны біреу-екеу, ал кейбір клеткаларда одан көп. Мысалы, сүйекті балықтардың уылдырығында сары уыз түзілетін кезінде денешіктердің саны онға жетеді. Боялған клеткада хро-матин аз болса, денешіктёрді айқын көруге болады

Денешіктердің құрамында протоплазмада кез-десетін рибонуклеин қыш-шылы бар. Денешіктердің клеткадағы маңызы жөніндегі мәселе көпке дейін түсініксіз және даулы болып келді.

Клетка бөлінгенде денешіктің жойылып кетуі кейіннен кеп мөлшерде пайда болуы және белок-ты заттарды синтездеуі оның клетка тіршілігінде үлкен роль атқаратынды-ғын дәлелдейді. Рибонуклеин қышқылының болуына байланысты денешіктер белокты зат алмасуға да қатысуы мүмкін.



Ядро шырыны - деп ядроның торындағы негізгі сұйгі массаны айтады. Ол белокты заттан тұрады және бояамайды. Бөлінбейтін клетканың ядросы протоплазмадан белок болғандыктан онымен араласпайды. Өйткені, ядроны күратын мицелла протоплазманың шетіне тығыз орнатасып жогаргы кабатты түзеді. Сондықтан оның ара-ласпауы үстіңгі кабаттын өзгеріп тұратын қасиетше бай-ланысты. Осы үстіңгі қабатты тірі клеткаларда бүзу оңай. Мысалы, инемси шаиышсак ол кабат ыдырайды. Бірак мұндай осалдығына карамастан тығыздалған мицелла қабатында кабыктың барлық касиеті бар. Ол бояулар-ды өткізбейді. Бояулар ядроға мицелла қабатының тү-тастыгы жойылғанда ғана енеді.

Химиялық анализ жасап ядроның кұрылысын зертте-гснде, оның негізгі бөлігі қышқылдық қасист көрсетеііш-күрделі белок қосылыстарынан тұратындығы анықталды. Бұл белоктардың аты—нуклеотидтер. Қышқылдық құра-мында фосфоры бар нуклеин қышқылының әсерінен пай-да болады. Белокты зат нуклеопротеидтер ыдырағанда нуклеин қышқылынан босап шығады. Белоктар мен нук-леин қышқылы мелшерінің арақатысы түрақсыз және ол ортаның жағдайына тәуелді болатындықтан оңай өзгеріп отырады.

Нуклеин қышқылдары күрделі қосылысты болып, клетканьщ ядродан баска бөлігінің де құрамына кіреді. Осы кезде бұл қышқылдың екі түрі белгілі, бірі — ядро-да, екіншісі — протоплазмада кездеседі. Біріншісі, дезок-сирибонуклеинді яғни тимонуклеинді, екіншісі, рибонуклеинді қышқылдар деп аталынады. Олар әр түрлі боялады.
Клетканың тіршілік әрексттерінде ядроның атқаратын маңызын көрсететін көптеген фактілер келтіруге болады. Оларға клетканың тіршілігінде ядро мен протоплазманың өзара әрекеті арқылы жүзеге асатын клетка-лық зат алмасу, бөліну, өсу және клетканың кайтадан қалпына келу процестері мысал бола алатындығы анықталып отыр.

КЛЕТКАЛАРДЫҢ ҚӨБЕЮІ

Тірі организмге тән негізгі қасиеттердің бірі - көбею. Осы қасиеті арқасында өлгсн клетканың орнына бөліну арқылы көбею, толық зерттелген. Клетканың клеткасыз тірі зат түзілуі және көбею жолдары әлі де болса зерттеуді талап етеді. Бұл процестты клетканың бөлінуі кезінде ядрода болатын күрделі езгерістер арқылы анықталады. Клетка көбінесе екіге бөліну аркылы көбейеді. Ал қарапаиым организмдерде клетканың көпке бөлінуі - шизогония кездеседі. Қөп клеткалы жануарлар клеткасы негізінен. Оның біріншісі, күрделі бөліну — митоз, екіншісі, яки анайы бөліну — амитоз. Күрделі бөліну кезінде ядролық зат тең бөлінеді. Өйткені бөліну кезінде ядрода жіп тәрізді кұрылыстар — хромосомдар пайда болады және олар клетканыц екі шетіне оряаласады. Соидықтан бұл түтас; процесті кариокинез (кагіоп — ядро, кіпезіз — өзгеруі, қозғалыс) деп атайды. Қлетка бөлінуінің алғашқы кёзін-де ядрода хроматин жіпшелері пайда болатындықтан күрделі бөлінуді митоз (гпйоз) деп те атайды.



Анайы бөліну немесе амитоз. Қлетканың осылай бөлінуі кезінде ядрода хромосомдар пайда болмайды, ядро екіге бөлінгеннен кейін клетканың өзі де екіге бөлінеді. Митоз немесе кариокинез кезінде ядродағы өзгерістер сияқты протоплазмада да жүйелі өзгерістер болады. Бө-лінетін клетка терт сатыдан өтеді. Олар ядро мен протоплазмадағы езгерістерге қарай профаза, метофаза,' анафаза және телофаза деп аталады.

Профаза. Бүл сатыдағы өзгерістер ядроның ісінуінен басталады. Ядрода хроматин саны көбейеді. Оның жеке кесек түйірлері ирелеңдеген жіңішке жіп тәрізді болып орналасады. Жіптер шумақ тәрізді болып, күрделі өрнек (8-сурет) түзеді. Хроматин жіпшелері біртіндеп жуандап, кысқарып бір-бірінен алшақ орналасады. Бұл бөлінудің бірінші кезеңі.

Профазаның соңынан олар анық байқалатын жеке түзілістер қүрап, хромосом деп аталынады (сһгота — бояу, зота—дене). Ядро қабығы ойылып, хромосомдар протоплазманың ішіне енеді. Профазаның езі екі кезең-нен өтеді. Бірінші кезеңде хроматин жіпшелері жіңішке және бір-бірімен күшті шырмалған күйде болады.

Екінші кезеңде хроматин жіпшелері жуандайды және қыскарады, шумақ босаңсиды.

Хроматин жіпшелерінің езгеруімен қатар ядрышко азайып, профазаның соңында мулде жойылады.

Бүл кезде клетка орталығы да бірсыпыра езгерістер-ге үшырайды. Клетка орталығының қатысуымен бөліну үршығы қалыптасады. Хроматиннің ұршық тәрізді түрін ахроматин өрнегі деп атайды.



8-сурет.— Пияз түбірінің шеткі ұшынан түсіріп алынған клет-каның кариокинезді көбеюінің көрінісі.

/ _ клетканың бөлінер кезеңі аралығындагы ядросы. 2—? профаза; 4—

метофазаға ауысар кезі; 5 — 6—метофаза; 7-- аиафазаға ауысар кезі;

8 9^ анафаза; 10—11 — телофаза; 12 - - тұзілген клеткалар.

Профазаның бастапқы кезеңінен-ақ центриолилер клетканың полюстарына тарай бастайды. Кейбір жағдайда центродесмоза күшті таралып, ісініп, үршық тәрізді турге айналады. Цетриолилердің айналасына тарайтын сәулелер уршықтың үстіне орналасады. Басқа жағдай-ларда үршық центродесмозаның өзгеруіне байланыссыз түзіледі. Өйткені, ол ядро қабығы жойылғаннан кейін протоплазма ядро шырынымен араласып, желімдесуінің нәтижесінде түзіліп, ядроныц орнында пайда болады. Бүл жағдайда центролилер айналасындағы сәуле өте жақсы дамиды. Бүл сәуле ахроматиннің түзілуінен бұ-рын пайда болып, оның үршық тәрізді түрін белгілейді. Сонымен бірінші жағдайда ахроматин ядро қабығының еруінен бурын, ал екінші жағдайда — сонан кейін пайда болады.

Қлетка орталығы жоқ жоғарғы сатыдағы өсімдіктер-дің ядро полюстерінде тығыздалған протоплазмадан тү-зілетін" қақпақшалар пайда болады. Ядро қабығынын сруі, ахроматин үршығының түзілуімен митоздың бірін-ші кезеңі профаза аяқталады да бөлінудің екінші кезеңі іле-шала басталады.

Метофаза. Метофаза сатысында хромосомдар клетка орталығына ауысады, үршықтың орталығына орналасып экваториальды пластинка түзеді. Ұзын хромосомдардың

баркөбі доға тәрізді иіледі. Иілген жерінен үршыкка бекіпіп, иіндері клетка шетіне қарап жатады. Клетканың бір по-люсінен карағанда хромосомдардың осылай орналасуы-на байланысты олардың жүлдыз тәрізді өрпек тузетіні байқалады. Бүл кезеңді аналық жұлдыз сатысы деп атайды. Метофазада хромосомдар тігінен жарылып, екі-ғе бөлінеді.



Анафаза. Осы сатыда бүған дейін бөлінген хромосом-дар клетканың қарама-қарсы полюстарына қарай тарты-лады. Олардыц ажырасуы лілгеи немссе үршыққа бекін-ген орталықта немеее бір шеткс ыгысыикы болуы мүмкіи әрі экваториальды пластинканы екігс тен бөліп түрады.

Телофаза — бөлінудің соңғы сатысы. Бұл сатыда хро-мосомдар полюскс жетіп, хроматин жіпшелерінің ауысуы кайтадағі басталады. Хромосомдар үзарып, жіңішкеріп, тағы шумақ өрнек түзеді. Шумақ алғашкыда босац бо-лады да, ксйіннен тығыздалады. Хроматии ядроның ты-ныштық күйіне тән кесек және түйіршікті .түрге ыдырай-ды. Ахроматин өрнегі жойылып, ядроньщ қабығы жаңа-дан тузіліп, ядрышколар пайда болады. Аналық клетка екі жас клеткаға бөлінсді. Әр клетка бөліну процесіне қа-тысқан центриолнлердіц мөлшеріндей клетка орталығы-на ие болады.

Түзілген клеткаларға хондриосом және ішкі торлы ап-парат те-ң бөлінеді. Егер торлы аппарат күрделі болса, ол бөлінер алдында бөлшектсніп, кейіннен түзілгсн клетка-ларда қайтадан қалпына келеді.

Жоғарыда айтылып өткендсй, күрделі бөліну кезінде протоплазмада бірсыпыра өзгерістер пайда болады. Клет-каның тармақтары жойылып, дөңгелектеніп, қүрылысы қарапайымдалады. Бөлінетін клетканың зат алмасуы баяулайды. Мысалы, профаза кезінде қосындылар және фибрильдер жойылады.

Клетканың белінуі негізінде протоплазманың бір физикалық күйден екінші физнкалық куйге ауысу қабілсті жатады. Протоплазма екі коллоидты фаза. Үстіңгі қаба-ты гель, ішкі кабаты золь күйінде болады. Бөліну кезінде үстіңгі қабаты, әсіресе, клетканыц ортасы күшті тығыз-далады. Тығыздалу нәтижесіндс бслдеме сақина түзіліп, ол плазманың ішкі сүііығына қысым жасайды. Плазма-ның ішкі сұйығы полюстергс ауысып, шсткі сүйықпеи араласып, оны сұйылта түседі. Осыған байланысты про-топлазманың серпімділігі төмендсп, сакинаның кысымыкушейе түседі. Сакина жымкырылып, ақыр со-нында клетканы екіге бөледі.

Шеткі протоплазма-ның желімденуі клетканың дөңгелектену кезеңі-нен басталады. Анафаза-да, әсіресе, телофазада клетка мықты созылып, үзарады. Клетканың орта-сында паііда болган желі клетканы екіге бөледі.

Бүл кезең өсіыдік 'және жануар клеткаларыпда ұқсас өтеді. Кейбір жаг-дайда кездесетін сәл ай-ырмашылықтар клетка-ның жеке белімдеріне ғана әсер етіп, бөлінудің жалпы тәртібін бүзбайды.

Амитоз— анайы бөлінуде — хромосом және ахроматин__ұршықтары түзілмейді. Ядроның ортасында тартылу пайда болып, ол барған саиын тереңдеп ядроның бөледі, Мүнда ешқандай морфологиялық өзгеріс байкалмайды. Кейбір жағдайларда ядронын, амитоздьіқ _бөлінуі протоплазма бөлінбей де болады. Мұндай кездерде екі ядролы, ал қайталап белінсе, көп ядролы клеткалар пайда болады.

Амитоздың биологиялык, маңызы жөніндегі мәселе көпке дейін даулы болып келді. Митозды беліну ашыл-ғаннан кейін амнтозды жоқка шығарды. Бірақ күрделі белінумен қатар анайы бөліну де кең таралған. Кейбір тканьдердің дамуы кезінде (сіңір, шеміршек, ет, т. б.) және клеткалардың регенерациялық процестерінде амитоз өте жиі кездеседі.

Клетканың беліну процесінің өсуде, жбриогенсзде (үрықтық даму), регенерацняда, жыныс клеткалары тү-зілудс және т. б. жағдайларда ерекшс маңызы бар.



Сурет. Алты аналық адам ұрығының хорион клеткаларының кариокинезді көбеюі:

1-2-3- профаза; 4-5- метафаза; 6-7- анафаза; 8- телофаза; 9-түзілген клеткалар.

Бақылау сұрақтар:


  1. Клетканың тіршілігінедгі ядроның маңызы, гендік информация. Ядроның пішіні, көлемі, клеткадағы саны және орналасуы.

  2. Ядроның химиялық құрамы. Ядро қабықшасы. Құрылысы. Ядро шырыны (кариоплазма) құрылысы, қызметі.

  3. Хромосомалар.

  4. Ядрошық.

  5. Клеткалық цикл.

  6. Клетканың бөлінуі. Митоз, амитоз, мейоз.

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. М. Нұрышев. Клетка: құрылысы мен қызметі. Алматы, «Ғылым», 2001.

  2. Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.

  3. З.Қ. Тоқаев. Гистология, эмбриология және цитология практикумы. Семей, 2001.

  4. О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.

  5. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет