1-бөлім. Жалпы ережелер



жүктеу 0.89 Mb.
бет1/5
Дата15.06.2016
өлшемі0.89 Mb.
  1   2   3   4   5




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2012 жылғы «9» қазандағы



№ 387-ө-м бұйрығымен бекітілген

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (26-шығарылым)




1-бөлім. Жалпы ережелер


  1. Осы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (26-шығарылым) «Анилиндеу-бояу өндірісі», «Полиграфиялық бояу өндірісі», «Лак-бояу өндірісі» бөлімдерінен тұрады.

  2. Осы бөлімдер еңбекті ұйымдастыруды, нормалауды және ынталандырудың жетілдірілуі ескеріліп қайта жасалды. Бөлімдерде жұмыстарды тарификациялауды жетілдіру жүзеге асырылды, еңбек мазмұнының өзгеруіне, өнім сапасына, жұмысшылардың біліктілігіне, біліміне, жалпы білім және кәсіптік дайындығына қойылатын талаптардың күшеюіне байланысты жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасы нақтыланды.

  3. Тарифтік-біліктілік сипаттамада жұмысшы кәсібінің осы разряды үшін үлгі болатын жұмыстар тізбесі беріледі. Бұл тізбеде жұмысшы істей алатын және істеуге тиіс барлық жұмыстар көрсетілмейді. Қажет болған жағдайда жұмыс беруші оларды орындау күрделілігі бойынша тиісті разрядтағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасындағы тізбеге сәйкес келетін ерекшелігін ескеріп, жұмыстардың қосымша тізбесін жасай алады.

  4. Бұл тарауға осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген.

  5. Тарифтік-біліктілік сипаттама алтыразрядтық тарифтік кестеге орай әзірленді.

  6. Тарифтік - біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

  7. Қолданудың ыңғайлылығы мақсатында БТБА (26-шығарылым) жұмысшылардың кәсіптерінен, разрядтарының диапазоны мен беттерінің нөмірлерінен тұратын осы БТБА-ға 1-қосымшаға сәйкес алфавиттік көрсеткішті көздейді.

  8. «Анилиндеу-бояу өндірісі», «Полиграфиялық бояу өндірісі», «Лак-бояу өндірісі» бөліміндерінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2010 жылғы редакциясында берілген.



2-бөлім. Анилиндеу-бояу өндірісі
1. Аммонолиз аппаратшысы
Параграф 1. Аммонолиз аппаратшысы, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

10 ати дейінгі қысым жағдайында аммонолиздеу технологиялық процессін жүргізу. Аммиак, нафтолят, күкірт көмір қышқылы немесе аммиак пен нитробензолмен немесе басқалармен қоспасының ерітіндісін дайындау. Аппаратты салуға дайындау: коммуникацияларын тексеру, тығын арматурасын, жабдықтың герметикалығы мен бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру. Салу үшін реагенттер санын кесте бойынша есептеу. Компоненттерді реакциялық аппаратқа салу. Реакциялық массаны араластыру, қыздыру немесе салқындату. Компоненттерді жұмыс нұсқаулығын қатаң сақтай отырып, мөлшерлеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижесі бойынша технологиялық процесс өлшемдерін (температураны, қысымды, концентрацияны) бақылау және реттеу. Дайын өнімнің сапасын бақылау. Реакциялық массаны аппараттан түсіру. Автоклавтарға, имидаторларға, өлшеуіштерге, ұстауыштарға, мөлшерлеуіштерге, тығын арматурасына, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету. Технологиялық режимнің белгіленген өлшемдері мен жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою. Бақылау және нұсқаулықта көзделген талдауларды орындау үшін сынама алу. Технологиялық журнал немесе операциялық парақ жүргізу. Жабдықтарды жөндеуге тапсыру және жөндеуден алу.

  1. Білуге тиіс:

аммонолиз өндірісінің технологиялық схемасы, аммонолиз технологиялық процессінің физикалық-химиялық негіздері, мәні мен өлшемдері, процессті реттеу ережесі, негізгі және қосалқы жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының, тығын арматурасының құрылысы мен жұмыс қағидаты, қызмет көрсетілетін учаскедегі коммуникациялар схемасы, жоғары қысыммен жұмыс істейтін аппараттарға қызмет көрсету ережесі, аммиак, аммоний тұздары, ангидрид, аммонолиз процессінің ароматикалық қатары мен басқа да реагенттерінің окси-, нитро-, сульфоқоспаларының физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері, дайын өнімді шығарудың тиімді тәсілі, бақылауға арналған сынамаларды іріктеу ережесі және талдау жүргізу әдістемесі, жалпы химия негіздері.

Параграф 2. Аммонолиз аппаратшысы, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

10-40 дейінгі қысым жағдайында аммонолиздеу технологиялық процессін жүргізу. Компоненттерді өлшеу және ерітінділерді немесе қоспаларды дайындау. Қуатты сілтімен сілтілендіру арқылы катализатор дайындау. Жұмыс нұсқаулығын қатаң сақтай отырып, катализаторды сығу. Жабдықтың, тығын арматурасы мен коммуникацияның герметикалығын тексеру. Технологиялық процесті бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижесі бойынша бақылау және реттеу. Реакциялық массаны сумен немесе ерітіндімен салқындату. Артық қысымды шығару. Технологиялық жабдыққа, тығын арматурасына, коммуникацияға, бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету. Технологиялық режимнің белгіленген өлшемдері мен жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою. Бақылау және нұсқаулықта көзделген талдауларды орындау үшін сынама алу. Технологиялық журнал немесе операциялық парақ жүргізу. Біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшының жұмысына басшылық жасау.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскедегі өндірістің технологиялық режимі, аммонолиз процессі, аммонолиз процессін реттеу ережесі, негізгі және қосалқы жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының, тығын арматурасының құрылысы мен пайдалану ережесі, қызмет көрсетілетін учаскедегі коммуникация схемасы, қолданылатын шикізаттың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері, шикізатты жұмсау нормасы, жоғары қысыммен жұмыс істейтін аппараттарға қызмет көрсету ережесі, бақылауға арналған сынамаларды іріктеу ережесі және талдау жүргізу әдістемесі, жалпы және аналитикалық химия негіздері.

Параграф 3. Аммонолиз аппаратшысы, 6-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

40 жоғары қысым жағдайында аммонолиздеу технологиялық процессін жүргізу. Салу үшін шикізат пен жартылай өнімдерді өлшеу. Шикізат пен жартылай өнімдерді салу және мөлшерлеу, концентрацияға, температура мен қысымға байланысты кестені сақтау. Бақылау жүйесінің, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының көмегімен технологиялық процесті бақылау және реттеу. Технологиялық режимнің белгіленген режимнен ауытқушылықтарын жою. Негізгі және қосалқы жабдықтың жұмысын бақылау, жабдықты алдын ала тексеру. Соңғы талдауларды жүргізу. Шикізатты, жартылай өнімдерді, есепке алу, жұмсау және дайын өнім өндіру. Өндірістік журналға, операциялық парақтарға жазу және бақылау нәтижелерін өңдеу. Қызмет көрсетілетін учаскедегі жұмысшылардың жұмысына басшылық жасау.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскедегі өндірістің технологиялық схемасы, қысыммен жұмыс істейтін негізгі және қосалқы жабдықтың құрылысы, жұмыс қағидаты, пайдалану ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарының, тығын арматурасының, автоматика құралдарының, арматураның, коммуникацияның схемасы, концентрацияға, температура мен қысымға байланысты кестені сақтауға қойылатын талаптар, технологиялық процесті реттеу ережесі, шикізат пен материалды жұмсаудың нормасы және дайын өнімнің тиімді шығуы, шикізат пен дайын өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары, қысыммен жұмыс істейтін жабдықты сынау, тоқтату және іске қосуға қызмет көрсетудің ережесі.

2. Ацильдеу аппаратшысы


Параграф 1. Ацильдеу аппаратшысы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен ацильдеу технологиялық процессін жүргізу. Шикізат пен ерітіндіні салуға дайындау. Компоненттерді реакциялық аппараттарға салу. Реакциялық массаны белгіленген температура бойынша бумен қыздыру. Компоненттерді технологиялық регламент бойынша мөлшерлеу. Технологиялық процесті бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижесі бойынша тығын арматурасымен бақылау. Сынамаларды талдау үшін іріктеу. Реакциялық массаны аппараттан түсіру. Жабдықты жөндеуге дайындау. Технологиялық журналға жазба түсіру. Жабдықты ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізу.

  1. Білуге тиіс:

ацильдеу технологиялық процессі, технологиялық процестің физикалық-химиялық негіздері, мәні мен өлшемдері, негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылысы, жұмыс қағидаты мен оларды пайдалану ережесі, қызмет көрсетілетін учаскедегі коммуникация және арматура схемасы, сынамаларды іріктеу және жабдықты жөндеуге дайындау ережесі.

Параграф 2. Ацильдеу аппаратшысы, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Анилид және бензофинон алу кезінде амминдер мен ароматикалық қосылыстарды ацильдеу технологиялық процессін жүргізу. салуға қажетті компоненттер санын кесте бойынша есептеу. Компоненттерді мөлшерлеу. Технологиялық процесті бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижесі бойынша бақылау және реттеу, технологиялық процестің белгіленген өлшемдерінен ауытқушылықтарды және жабдық пен коммуникация жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді анықтау және жою. Бақылау және технологиялық нұсқаулықта көзделген талдауларды жүргізу үшін сынамаларды іріктеу;

Технологиялық жабдықтарға:

ациляторға, формиляторға, барабан-кристаллизаторға, жылу алмастырғыштарға, өлшеуіштерге, вакуум ұстауыштарға, жинақтарға, тығын арматураға, коммуникацияларға, бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету. Технологиялық журналға жазба жазу. Шикізаттың жұмсалуын және дайын өнімнің шығуын есептеу. Жабдықты жөндеуге дайындау және жөндеуге қабылдау. Жабдықты ұсақ жөндеу жұмыстарын орындау.


  1. Білуге тиіс:

ацильдеу процессінің технологиялық схемасы, ацильдеу тәсілдері, ацильдеу технологиялық процессінің физикалық-химиялық негіздері, мәні мен өлшемдері, процесті реттеу ережесі, ацильдеуші және ацильденетін заттардың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, қызмет көрсетілетін учаскедегі коммуникация және арматура схемасы, сынақ жүргізу әдістемесі.

Параграф 3. Ацильдеу аппаратшысы, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Катализаторлар мен сульфаниламид болған жағдайда, амино- немесе окситоптардың қорғаныш реакцияларын жүргізе отырып, қысыммен және ароматикалық көмір қышқылдарының ангидридтермен немесе хлорангидридтермен өзара әрекеттесуімен кетон алу кезінде ацильдеу немесе формильдеу технологиялық процессін жүргізу, меркаптандарды және аса мұқияттылық пен процесті қатаң жүргізуді талап ететін басқа да органикалық заттарды аминдеу;

Салынатын компоненттердің санын кесте бойынша есептеу. Амин, спирт, сілті, қышқыл және басқа реагент ерітінділерінің қажетті концентрациясын дайындау. Коммуникацияның, тығын арматурасының, жұмысқа жарамдылығын, аппараттардың герметикалығы мен бақылау-өлшеу аспаптары жұмысының дұрыстығын тексеру. Технологиялық процесті бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижесі бойынша бақылау және реттеу. Өнімнің дайын екенін айқындау. Ациляторға, ұстауышқа, өлшеуішке, ерітіндіні жинағышқа, сорғыға, коммуникацияға, тығын арматурасы мен бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көсету. Белгіленген технологиялық режимнен ауытқушылықтарды және жабдық жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою. Дайын өнімді түсіру немесе басқа кезеңге жіберу. Шикізат пен дайын өнімнің санын есептеу. Технологиялық журналға немесе операциялық параққа жазба жазу. Жабдықты жөндеуге дайындау және жөндеуге қабылдау. өндірістегі жұмысшылардың жұмысын басқару.



  1. Білуге тиіс:

ацильдеу процессінің технологиялық схемасы, ацильдеу технологиялық процессінің физикалық-химиялық негіздері, мәні мен өлшемдері, процесті мөлшерлеу және реттеу ережесі, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, тығын арматурасының құрылысы және пайдалану ережесі, пайдалану қағидаты, қызмет көрсетілетін учаскедегі коммуникациялар схемасы, шикізат пен дайын өнімдердің мемлекеттік стандарттары.

3. Азобояғыштар өндірісінің аппаратшысы


Параграф 1. Азобояғыштар өндірісінің аппаратшысы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Бір бояғыштың екі қоспасына дейінгі азобояғыштар өндірісінің технологиялық процессін жүргізу және жекелеген стадияларын біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу. Шикізат дайындау. Шикізатты реакциялық аппаратқа құю. Көтергіштерге, чанға, жинақтарға, өлшеуіштерге, тасымалдауыштар мен басқа да технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету;

Қосымша жұмыстарды орындау: аппараттарды тазалау, механизмдерді майлау, нығыздауыш сүзгілерді дайындау және қызмет көрсету, рама, плита, жаймаларды ауыстыру, әр түрлі бояғыштарды сүзген кезде нығыздауыш сүзгілерді жуу, баста бояғыштарын бөшкеге түсіру, бөшкелерді өлшеу және оларды белгіленген орынға домалатын апару. Технологиялық процесті бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижесі бойынша бақылау және реттеу. Бақылау үшін сынамаларды іріктеу. Технологиялық журналға немесе операциялық параққа жазба жазу. Жабдықты жөндеуге дайындау және жабдықты ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізу.



  1. Білуге тиіс:

азобояғыштар өндірісінің технологиялық процессі, негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылысы және пайдалану ережесі, пайдалану қағидаты, қызмет көрсетілетін учаскедегі коммуникациялар схемасы, бояғыштардың басқа маркасын өндіруге көшу кезінде жабдықтарды дайындау ережесі, шикізат пен азобояғыштардың физикалық-химиялық қасиеттері, технологиялық процесті бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижесі бойынша бақылау және реттеу ережесі, сүзгі маталар, автокар және басқа да көлік механизмдерін пайдалану ережесі, сынамаларды іріктеу ережесі, жабдықтарды жөндеуге дайындау ережесі.

Параграф 2. Азобояғыштар өндірісінің аппаратшысы, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Азобояғыштар өндірісінде диазоттау және кейіннен аминотопты ароматикалық дизоқоспалармен біріктіру технологиялық процессін жүргізу. Ароматикалық аминдерді, тұздарды және басқа да компоненттерді реакциялық аппараттарға салу. Азобояғыштар өндірісінде технологиялық процесті бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижесі бойынша бақылау және реттеу. Белгіленген технологиялық режимнен ауытқушылықтарды және жабдық, коммуникация мен механизмдер жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою;

Өндіріс технологиясында: көзделген бейтараптандыру, салқындату, тұндыру, тұздау, процестерін жүргізу. Диазочанға, жинақтарға, өлшеуіштерге, ұстауыштарға, реакциялық аппараттарға, монтежге, көтергіштерге, элеваторларға, сорғыға, бақылау-өлшеу аспаптарына, тығын арматурасына және коммуникацияға қызмет көрсету. Бақылау және талдау жасау үшін сынама алу. Технологиялық журналға немесе операциялық параққа жазба жазу. Жабдықты жөндеуге дайындау және жөндеуден қабылдау. Жабдықты ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізу.



  1. Білуге тиіс:

азобояғыштар өндірісінің технологиясы, азобояғыштар өндірісінің технологиялық процессінің физикалық-химиялық негіздері, мәні мен өлшемдері, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, тығын арматурасының құрылысы және пайдалану ережесі, пайдалану қағидаты, қызмет көрсетілетін учаскедегі коммуникациялар схемасы, дизоқоспалардың, ароматикалық аминдердің, тұздардың, сілтілердің, қышқылдар мен басқа да компоненттер мен азобояғыштардың физикалық-химиялық қасиеттері, технологиялық жабдықты іске қосу және тоқтату ережесі, сынамаларды іріктеу ережесі және талдау жүргізу әдістемесі, жалпы химия негіздері.

Параграф 3. Азобояғыштар өндірісінің аппаратшысы, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Екі және одан көп қосылыстан тұратын дисазо-, трисазо- және полиазобояғыштар өндірісінің немесе кемінде үш әр түрлі азобояғыштарды бір уақытта алу кезінде технологиялық процессті жүргізу. Шикізат пен жартылай өнімнің қажетті мөлшерін кесте бойынша есептеу. Хромдау, ацильдеу және басқа да ілеспе кезеңдерді жүргізу;

Азобояғыштар өндірісі технологиялық процессін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижесі бойынша бақылау және реттеу. Азочанға, айырғышқа, ерітінділерге, басқа да реакциялық және қосымша аппараттарға, бақылау-өлшеу аспаптарына, тығын арматурасына және коммуникацияға қызмет көрсету;

Технологиялық журналға немесе операциялық параққа жазба жазу. Жабдықты жөндеуден қабылдау. Азобояғыштар өндірісіндегі жұмысшылардың жұмысын бақылау және үйлестіру.


  1. Білуге тиіс:

азобояғыштар өндірісінің технологиялық процессі, қызмет көрсетілетін учаскедегі коммуникациялар схемасы, қызмет көрсетілетін учаскедегі барлық азобояғыштар өндірісінің технологиялық процессінің өлшемдері, процесті қолмен немесе бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының көмегімен реттеу ережесі, технологиялық жабдықты іске қосу және тоқтату ережесі, негізгі және қосымша жабдықтардың құрылысы, шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттері, жабдықты жөндеуге дайындау және жөндеуден қабылдау ережесі, жалпы және аналитикалық химияның негіздері.

4. Үлбірге арналған бояу өндірісінің аппаратшысы


Параграф 1. Үлбірге арналған бояу өндірісінің аппаратшысы, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Нитроөнімдерді күкіртті сілтімен, мырышты ұнтақпен немесе шойын ұнтақпен қалпына келтіру арқылы үлбірге арналған бояу өндірісі технологиялық процессін жүргізу. Шикізат пен жартылай өнімді реакциялық аппаратқа құю. Күкіртті натрийді, тұзды қышқылды және басқа да компоненттерді дәлме-дәл мөлшерлеу. Араластыру кезінде қоспаны қыздыру;

Қосымша операцияларды орындау: тұздау немесе кристалдандыру, булау, сүзу. Қажет болған жағдайда күңгірттендіргішті тұзды бөлуге арналған қышқылмен өңдеу. Технологиялық процестің өлшемдерін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижесі бойынша реттеу. Белгіленген технологиялық режимнен ауытқушылықтарды және жабдық жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою. Реакциялық масса мен бояғыштарды қолмен, өзін ағызу арқылы, сорғының көмегімен, қысыңқы ауа немесе вакуумның көмегімен шығару. Реакторға, қалпына келтіргіштерге, бейтараптандырғыштарға, кристалдандырғышқа, булау аппараттарына, ерітінділерге, өлшеуіштерге, жинақтауыштарға, сорғыға, тығын арматурасына, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету. Бақылау үшін және нұсқаулықта көзделген талдауды жүргізу үшін сынама алу. Технологиялық журналға немесе операциялық параққа жазба жазу. Жабдықты жөндеуге дайындау және жөндеуден қабылдау. Жабдықты ұсақ жөндеу жұмыстарын орындау.



  1. Білуге тиіс:

үлбірге арналған бояу өндірісінің технологиясы, бояу өндірісінің қызмет көрсетілетін учаскесінің технологиялық схемасы, технологиялық процестің физикалық-химиялық негіздері, мәні мен өлшемдері, жабдықты іске қосу және тоқтату ережесі, компоненттерді мөлшерлеу және технологиялық режимді реттеу ережесі, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, тығын арматурасының құрылысы, үлбірге арналған бояу өндірісінде қолданылатын нитроөнімдердің, қалпына келтіргіштердің, қышқылдар, сілтілер, тұздардың және басқа да компоненттердің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері, бақылау үшін сынамаларды іріктеу ережесі, жалпы химия негіздері.

5. Фталоцианин бояулары өндірісінің аппаратшысы


Параграф 1. Фталоцианин бояулары өндірісінің аппаратшысы, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Фталоцианин бояуы өндірісінің технологиялық процессін жүргізу. Компоненттердің қажетті мөлшерін реакциялық аппараттарға салу. Реакциялық массаны белгіленген температура бойынша қыздыру. Технологиялық процестің өлшемдерін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижесі бойынша реттеу;

Белгіленген технологиялық режимнен ауытқушылықтарды және жабдық жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою. Реакциялық массаны салқындату. Фталоцианинді спиртпен немесе аммиактың су ерітіндісімен, күкірт немесе хлорлы сульфон қышқылымен, пиридинмен, хлорлы алюминиймен меркаптанмен немесе басқа да реагенттермен өңдеу. Бояғыштарды түсіру немесе басқа стадияларға өткізу. Реакторға, қалпына келтіргіштерге, бейтараптандырғыштарға, кристалдандырғышқа, булау аппараттарына, ерітінділерге, өлшеуіштерге, жинақтауыштарға, сорғыға, тығын арматурасына, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету. Бақылау үшін және нұсқаулықта көзделген талдауды жүргізу үшін сынама алу. Технологиялық журналға немесе операциялық параққа жазба жазу. Жабдықты жөндеуге дайындау және жөндеуден қабылдау. Жабдықты ұсақ жөндеу жұмыстарын орындау.



  1. Білуге тиіс:

фталоцианин бояуы өндірісінің технологиясы, қызмет көрсетілетін учаскеде фталоцианин бояуы өндірісі технологиялық процессінің физикалық-химиялық негіздері, мәні мен өлшемдері, жабдықты іске қосу және тоқтату ережесі, компоненттерді мөлшерлеу және технологиялық режимді реттеу ережесі, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, тығын арматурасының құрылысы, қызмет көрсетілетін учаскедегі бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты, шикізат пен дайын өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері, бақылау үшін сынамаларды іріктеу ережесі, талдау жүргізудің әдістемесі, жалпы химия негіздері.

Параграф 1. Фталоцианин бояулары өндірісінің аппаратшысы, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Екі және одан көп маркалы фталоцианин бояуы өндірісінің немесе конденсаттау, сублимация, бөлу, сұйық, паста тәрізді және құрғақ фталоцианин бояуларын алу кезінде 3 және одан да көп компоненттердің өзара әрекеттесуі кезінде сүзу және кептіру технологиялық процессін жүргізу. бастапқы өнім санын есептеу және оларды реакциялық аппараттарға салу;

Технологиялық режим өлшемдерін қатаң сақтау: температура қысым, концентрация. Экзотермиялық реакция дамыған жағдайда технологиялық процесті бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және лабораториялық талдау нәтижесі бойынша реттеу. Температураның өзгеруіне байланысты тізбекті емес жағдайда белгіленген технологиялық режимнен ауытқушылықтарды жою. Технологиялық жабдықтарға, тығын арматурасына, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету. Технологиялық журналға немесе операциялық параққа жазба жазу. Жабдықты жөндеуге дайындау және жөндеуден қабылдау. Жабдықты ұсақ жөндеу жұмыстарын орындау. Біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшыларды басқару.



  1. Білуге тиіс:

фталоцианин бояу алудың технологиялық процессі, фталоцианин бояуы өндірісінің технологиялық режимінің өлшемдері, компоненттерді өлшеу әдістемесі, экзотермиялық реакция және температураның тізбекті емес байланыстылығы жағдайында жағдайда компоненттерді мөлшерлеу және технологиялық процесті реттеу ережесі, шикізат, жартылай өнімдер мен катализаторлардың, металл мен олардың тұздары, қышқылы, сілтілері және дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттері, шикізат пен материалды жұмсау және дайын өнімді шығару нормалары, жабдықты іске қосу, пайдалану және тоқтату ережесі, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, тығын арматурасының құрылысы коммуникация схемасы, шикізат пен дайын өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары, жабдықтарды жөндеуден қабылдаудың ережесі.

6. Мырыш ұнтағы өндірісінің аппаратшысы


Параграф 1. Мырыш ұнтағы өндірісінің аппаратшысы, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Мырыш ұнтағын өндіру технологиялық процессін жүргізу. Мырыш металл құймасын ұсақтау, кептіру және отбақырға арту. Жанарғыны тұтату және ұсақталған мырышты қыздыруды регламентке сәйкес реттеу. Мырышты қыздырудың аяқталуын және мырыш ұнтағының алынғанын айқындау. Отбақырға, конвертерге, концентраторға, жанармайға, торға, тығын арматурасына, коммуникация мен бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету. Белгіленген технологиялық режимнен ауытқушылықтарды және жабдық жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою. Мырыш ұнтағын түсіру және себу. Отбақыр мен жанарғының қабырғасын күйеден тазалау. Бақылау және талдауды орындау үшін сынама алу. Технологиялық журналға немесе операциялық параққа жазба жазу. Жабдықты жөндеуге дайындау және жабдықты ұсақ жөндеу жұмыстарын орындау. Біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшыларды басқару.

  1. Білуге тиіс:

мырыш ұнтағы өндірісінің технологиялық схемасы, технологиялық режим өлшемдері, процесті реттеу ережесі, мырыштың, технологиялық жанармай мен қосымша материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері, мырышты ұнтақтау және себу ережесі, негізгі және қосалқы жабдықтардың, тығын арматурасының құрылысы мен жұмыс қағидаты және коммуникация схемасы, бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты, бақылау үшін сынамаларды іріктеу ережесі, талдау жүргізудің әдістемесі, жалпы химия негіздері.

7. Бояуларды араластырушы аппаратшы


Параграф 1. Бояуларды араластырушы аппаратшы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы. Бояудың біртекті формасын алу үшін, бетін белсенді ететін және текстильді-қосымша заттарды қоспай екі бір типті, алайда реңкі әр түрлі бояуларды немесе бояғыштардың қоспа маркасын араластыру технологиялық процессін жүргізу. Араластыру үшін бояу дайындау. Реңкі әр түрлі бояуларды немесе бояғыштардың қоспа маркасын араластыру үшін аппараттарға салу. Ерітіндіні мөлшерлеу. Бояулардың белгіленген өлшемдер бойынша араласу процессін бақылау және реттеу;

Технологиялық жабдықтарға, тығын арматурасына, коммуникация мен бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету. Бақылау үшін сынамаларды іріктеу. Талдау нәтижесі бойынша бояуларды типімен белгілеу. Бояуларды араластырғыш агрегаттардан барабанға, бөшкелерге, флягалар мен басқа да ыдыстарға түсіру. Агрегаттарды тазалау. Технологиялық журналға немесе операциялық параққа жазба жазу. Жабдықты жөндеуге дайындау.

  1. Білуге тиіс:

бояуларды араластыру процессінің физикалық-механикалық негіздері мен мәні, бояғыштар мен текстильді-қосымша заттарды жіктеу, қызмет көрсетілетін учаскелердің технологиялық схемасы, араластыру процессін жүргізу өлшемдері, бояғыштарды араластыру және компоненттерді мөлшерлеу процессін басқару ережесі, араластырғыш агрегаттар мен қосымша аппараттардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, арматураның құрылысы, жұмыс қағидаты, коммуникация схемасы, сынамаларды іріктеу ережесі, бояғыштардың типі мен қасиеттері, бояғыштар мен ерітінділердің техникалық шарттары.

Параграф 2. Бояуларды араластырушы аппаратшы, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Бояғыштардың біртекті формасын алу үшін немесе химиялық талшықтарға арналған бірнеше бояғыштардың қоспа маркасынан жасыл, қара, қоңыр және сұр түсті бояғыш алу үшін бірнеше бір типті, алайда түсі әр түрлі бояғыштарды араластыру технологиялық процессін жүргізу. Әр түрлі қоспаларды немесе текстильді-қосымша заттарды бояғышты типке орнатқан кезде мөлшерлеу. Бояғыштарды араластыру, белгіленген өлшемдерді, қоспаны араластыру уақытын, қоспаның концентрациясы мен біртектілігін сақтау технологиялық процессін бақылау және реттеу. Бояғыштарды талдау нәтижесі және сынама жағу арқылы үлгі етіп бекіту. Әр түрлі құрылымды араластырғыштарға, мөлшерлеуіштер мен бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету. Араластыру процессінің белгіленген технологиялық режимнен ауытқушылықтарды және жабдық пен коммуникация жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді анықтау және жою. Бақылау және талдауды орындау үшін сынама алу. Технологиялық журналға немесе операциялық параққа жазба жазу. Жабдықты жөндеуге дайындау және жөндеуден қабылдау, жабдықты ұсақ жөндеу жұмыстарын орындау. Біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшыларды басқару.

  1. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық схемасы, бояуларды араластыру процессінің мәні мен өлшемдері, бояғыштарды араластыру кезінде компоненттерді реттеу және мөлшерлеу ережесі, бояғыштар мен текстильді-қосымша заттардың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері, бояғыштарды үлгі етіп бекіту әдістемесі, негізгі және қосымша жабдықтардың, арматураның құрылысы, коммуникация схемасы, талдау жүргізу әдістемесі, шикізат пен дайын өнімнің техникалық шарттары, жалпы химия негіздері, бояғыштар мен текстильді-қосымша заттардың жіктемесі.

Параграф 3. Бояуларды араластырушы аппаратшы, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Жеке бояғыштардың 4 және одан да көп маркасын, күрделі бетін белсенді ететін және текстильді-қосымша заттарды пайдаланып, әр түрлі бояғыштарды араластыру технологиялық процессін жүргізу. Бояғыштарды автоматты режимде араластыру процессін басқару. Бетін белсенді ететін және текстильді-қосымша заттарды әдістеме бойынша артылуын есептеу. Бояғыштарды араластыру технологиялық процессін бақылау және реттеу: араластыру уақыты мен жылдамдығын, температурасы, концентрациясы, қоспаның біртектілігі. Әр түрлі тартушы, кептіруші және араластырушы гарнитураларға, ерітінділерге, мөлшерлеуіштер мен бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету. Технологиялық журналға немесе операциялық параққа жазба жазу. Жабдықты жөндеуге дайындау және жөндеуден қабылдау. Жабдықты ұсақ жөндеу жұмыстарын орындау. Біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшыларды басқару.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық схемасы, бояғыштарды араластыру технологиялық процессінің өлшемдері, бояғыштарды араластыру кезінде компоненттерді мөлшерлеу ережесі және процесті реттеу, негізгі және қосымша жабдықтардың, арматураның, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының құрылысы, коммуникация схемасы, бояғыштар мен текстильді-қосымша заттардың физикалық-химиялық қасиеттері, олардың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары, жабдықтарды жөндеуден қабылдау ережесі.

8. Фенилирлеу аппаратшысы


Параграф 1. Фенилирлеу аппаратшысы, 5-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Фенилирлеу технологиялық процессін жүргізу. Анилиннің немесе толуидиннің және жуатын судың реакциялық аппаратқа берілуі. Реакциялық аппаратқа пери-қышқылын, гамма-қышқылын, бор қышқылын, магнезитті, пурпуринді, сода және басқа да компоненттерді салу. Жабдықты герметикалау. Реакциялық массаны регламентте көзделген нормалар шегінде қыздыру және араластыру. Анилинді немесе толуидинді фенилдеу, толилдеу, айдау. Негізгі және қосымша жабдықтарға, коммуникациялар мен тығын арматураға, электр қыздырғыштар мен бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету;

Технологиялық процестің өлшемдерін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижесі бойынша бақылау және реттеу. Белгіленген технологиялық режим нормаларынан ауытқушылықтарды және жабдық жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою. Жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Бақылау және нұсқаулықта көзделген талдауды орындау үшін сынама алу. Реакциялық массаны түсіру. Технологиялық журналға немесе операциялық параққа жазба жазу. Жабдықты жөндеу жұмыстарын орындау. Жабдықты жөндеуге дайындау және жөндеуден қабылдау.



  1. Білуге тиіс:

фенилдеу стадиясы технологиялық схемасы, фенилдеу технологиялық процессінің физикалық-химиялық негіздері мен мәні, өлшемдері, технологиялық режим нормаларынан ауытқушылықтарды жоюдың ережесі мен әдістері, шикізаттың, жартылай өнімдер мен дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттері, технологиялық жабдықты іске қосу және тоқтату ережесі, негізгі және қосымша жабдықтардың, бақылау-өлшеу және электр қыздырғыштар аспаптарының, тығын арматурасының құрылысы мен пайдалану ережесі, қызмет көрсетілетін учаскедегі коммуникация схемасы, бақылау үшін сынама алу, талдау жүргізудің әдістемесі, жалпы химия негіздері.
  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет