1-бөлім. Жалпы ережелер



бет3/16
Дата25.02.2016
өлшемі1.16 Mb.
#21752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16



  1. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі тораптарды, аспаптар мен бұйымдарды электрлік және механикалық жаттықтыру және сынау. Стенділерді белгіленген режимге келтіру. Белгіленген уақыт ішінде жаттықтыру. Жаттықтыру кезінде құжаттамасын жасай отырып, электр өлшемдерін бақылау.

  1. Білуге тиіс:

электротехника және радиотехника туралы жалпы мәліметтер, жаттықтыру стенділерінің құрылысы мен электр қоректендіру схемасы, тораптар мен аспаптарды, реттеуші бақылау-өлшеу аппаратурасын сынау әдіс-тәсілдері, жаттықтыру стенділеріндегі ақаулықтарды анықтау және жою.

Оқ-дәрілер мен зарядтарды тексеріп-қабылдаушы


27. Оқ-дәрілер мен зарядтарды тексеріп-қабылдаушы, 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

сауыттың барлық түрлерінен оқ-дәріні толықтай алуды тексеру. Оқ-дәріні салмағы бойынша бақылау, картуздан немесе жөнелту қаптарынан оқтың түсірілуін, оқтың гильзада реттелуін, трассердің оралуының дұрыстығын, оқ-дәрінің таңбалануын, оқ-дәрінің сауытқа салынуын және бекітілуін, тігілген картуздардың сапасын бақылау. Жарғыштар мен түтіктердің сапасын сырттай тексеру арқылы, тұтандырғыштың, от сөндіргіштің және флегматизатордың гильзаға дұрыс салынуы арқылы бақылау. Атқыш қарудың оғының дұрыс сұрыпталғанын, зымыран камерасындағы оқ-дәрінің герметикалық сапасын бақылау. Көздеу штифтілерін тексеру. Тұрақтандырғыштың сапасын саңылаумен және мыссыздандырғыштың салмағын бақылау.

  1. Білуге тиіс:

оқ-дәрілер мен зарядтарды тексеріп-қабылдаудың техникалық шарттары, оқ-дәріні және гильзаны пайдаланудың ережесі, калибрі мен әрекеті бойынша снарядтар мен минаны жіктеу, оқ-дәріні калибрлеуге, снарядтар мен минадағы салмағы туралы белгілерге, снарядтың реттелуіне, гильзаның жарақтандырылуына, картуз жасауға, тұтандырғыш, от сөндіргіш және флегматизатор орнатуға, орама жасауға, зымыран камерасындағы оқ-дәрі зарядын реметизациялауға, снарядтарды құрастыруға, мыссыздандырғыштарды жасауға қойылатын талаптар, ақаулықтардың түрлері және оларды түзету тәсілдері, атудың жекелеген әскери элементтерінің құрылысы, қолданылатын бақылау-өлшеу құралдары мен жалпы және арнайы мақсаттағы айлабұйымдар, техникалық таразының құрылысы және оны пайдалану ережесі.

  1. Жұмыс үлгілері:

      1. жаңа, жаңартылған, атылған гильзалар-жай-күйін соңғы тексеру және қабылдау;

      2. гильзадағы зарядтар-герметикалығын тексеру;

      3. ату құралының оқтары - герметизациялануы мен оралуын бақылау және қабылдау;

      4. снарядтар мен гильзалардың көзінің бұрандасы-бұранда калибрлермен бақылау;

      5. орамалар – бақылау және жасау;

      6. снарядтар мен миналар – бақылау және қабылдау;

      7. снарядтар мен миналар - салмақ белгілері мен партиялары бойынша сұрыпталуын бақылау.

28. Оқ-дәрілер мен зарядтарды тексеріп-қабылдаушы, 3-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

сауыттан оқ-дәрі мен жарылғыш заттардың толық алынуын тексеру. Зарядты жеке гильзалық оқталу және шегінусіз жүйе атысына дұрыс құрастырылуын тексеру. Заряд салмағын, тұтану құралының терең орнатылуын, оқ-дәріні тазалау және бояу сапасын, оқ-дәріні себу дұрыстығын, қосымша бумалардың бекітілуін, оқ-дәрі мен детонатордың жарамдылығын, толтырылған металл сауыттың герметикалығын бақылау. Құрастырылған зарядты және раективті снарядқа тұтандырғыштарды қабылдау. Пиропатрон, трассер және контактілі бітеуіштердің электр тізбегін бақылау. Жөнделген снарядтарды, реактивті снарядтардың зымыран және бас бөліктерін қабылдау. Снарядтар мен миналардың түтікке және жарғышқа арналған көздерін бақылау. Снарядтың сапасы мен жарылғыш затпен дұрыс жарақтандырылуын тексеру. Снаряд корпусы металлының қаттылығын, жарықшақтарының жоқ екенін магниттеу және дефектоскопия әдісімен бақылау. Оқтың ұзындығы мен диаметрін бақылау. Қыздыру көпірінің жұмысқа жарамдылығын және тұтандырғыштың бекітілуін тексеру, пек құюды және практикалық снарядтарда инертті заттың орнатылу тереңдігін, практикалық зарядтың түтін элементімен жарақтандырылуын тексеру. Дайын түтін элементтері мен жөнделген флегматизаторларды, снарядтың гильзамен дұрыс біріктірілуін бақылау. Гильзаны бақылау-өлшеу аспаптарымен және айлабұйымдарымен (камерамен) соңғы тексеру. Гильзаны пассивтендіру және фосфаттауды бақылау. Құрастырылған немесе жөнделген оқ-дәрілер туралы мәліметті цех журналына енгізу және формуляр жасау. Ақаулықтар мен дайын өнімді есепке алу.

  1. Білуге тиіс:

жарылғыш заттармен жұмыс жүргізу ережесі, оқ-дәріні зарядқа өлшеп салуға, атыстарды жинауға, тұтандырғыш құралдарына, флегматизаторлар мен гильзаларға пассивтендіру және фосфаттау кезінде, практикалық снарядтардың түтін элементтерімен жарақтандыруға, оқ-дәрі жасауға, оқ-дәріні бояуға, снаряд жасауға, снаряд пен гильзаны біріктіруге, гильзаны каморамен тексеруге қойылатын талаптар, реактивті оқ-дәрімен жұмыс істеу және тығынның герметикалығын сынау ережесі, қару-жарақты жөндеудің техникалық шарттары және цех журналы мен оқ-дәрінің формулярларын толтыру және жүргізу ережесі, атыстарды құрастыруға қойылатын техникалық шарттар, оқ-дәріні қабылдаудың шекті шектеулері, снарядтар мен миналардың камораларын лактауға арналған лактар мен басқа да қабаттардың шектері, гильзаларды жаңарту кезінде қолданылатын қышқылдар мен сілтілердің қасиеттері.

  1. Жұмыс үлгілері:

      1. блок - жапсырудың дұрыстығы мен сапасын тексеру;

      2. жарғыштар мен түтіктер-түзеткіштің, қалпағы мен чегінің дұрыс орнатылуын тексеру;

      3. гильза-дулецтің тегіс кесілуін және фланецтің дұрыстығын тексеру;

      4. картуз, тұтандырғыштар - салмағы мен тігілуін тексеру;

      5. түтінді және түтінсіз оқ-дәрі - тазалығын тексеру;

      6. снарядтар - жарылғыш затқа арналған камераның диаметральдық өлшемі мен тереңдігін тексеру, бөлік камерасын сырттай тексере отырып тексеру;

      7. снарядтар - түтін элементінің орналасу тереңдігін бақылау және күл мен түтін дәрінің жарамдылығын сырттай бақылау арқылы тексеру.

29. Оқ-дәрілер мен зарядтарды тексеріп-қабылдаушы, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

оқ-дәріні жарақтандырылған күйге келтірудің дұрыстығын тексеру. Снарядтар мен минадағы жарылғыш заттардың бойы мен тротил майының ағуын, сондай-ақ жарылғыш заттары бұрғыланған немесе қырналған оқ-дәрілерді бақылау. Гильзадағы атыстар мен зарядтарды тексеру каморасымен немесе бақылау түтігімен тексеру. Қозғау құрылғысы мен қақпағының камерасының бұралуын бақылау. Қару-жарақты және қозғау құрылғысы мен бас бөлігін құрастыруды бақылау. Бас бөлігінің электр тізбегінің кедергісін тексеру. Осы торапты герметикалау үшін герметикалау құрамын жасау сапасын тексеру. Атыстың толық құрастырылуын бақылау. Бұйымдардың жинақталуының дұрыстығын тексеру және техникалық нарядты снарядтар мен гильзаның белгісімен, паспортымен және формулярымен салыстырып тексеру. Оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды тығынды таңбалай отырып, оның белгілерімен салыстырып тексеру. Сақтау процессінде оқ-дәріні бақылау. Жөндеуден кейін оқ-дәріні қабылдау.

  1. Білуге тиіс:

оқ-дәріні жарақтандырылған күйге келтіру жөніндегі ереже, жарылғыш затты бас тілігі мен ашу зарядының бетіне дейін орнатудың шекті өлшемі, атыстарды құрастырудың техникалық процессі, бақылау-өлшеу құралдары мен айлабұйымдарын баптаудың тәртібі, снаряд, мина, капсюль тығындары, гильзалар мен жарылғыштар корпусы металлының ақаулығының түрлері, тұтану құралының құрылысы, жарылғыш затты снарядта бұрғылау ережесі, қырнау үшін саңылау мен шектеулердің көлемі, жарылғыш заттың ақаулықтарының түрлері және оларды жою тәсілдері, қабылданған бұйымдарға құжаттаманы және оқ-дәрілерге сызбаны ресімдеу тәртібі.

30. Оқ-дәрілер мен зарядтарды тексеріп-қабылдаушы, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

зымыранды толық құрастыру мен монтаждауды бақылау және қабылдау. Сынақ оқ-дәрілері мен зымыранды толық жарақтандырылған күйге келтіруді бақылау. Сынақ оқ-дәрілерінің жасалуын және сынақ жеке атыстар мен қауіптілігі жоғары атыстардың толық құрастырылуын бақылау. Тұтандырғыштарды бақылау, зымыранның бас бөлігін бүруді және стендіде сынауға, зымыранның электр тізбегін монтаждауға және зымыранға жанармай құюға арналған қозғалтқыштарды құрастыруды бақылау.

  1. Білуге тиіс:

зымыранды қабылдауға қойылатын техникалық шарттар, оларды қабылдау ережесі, атыстар мен зымырандарды құрастыруға арналған сызбалар, зымырандар мен қозғалтқыштардың құрылысы, зымыранның электр схемасы, бұйымдар мен оқ-дәрінің сыртқы түрі бойынша ақауларының түрлері, зымырандағы тұтандырғыштарды құрастыру және монтаждау тәртібі, пирошырақтарды сызбасы бойынша жарақтандыру, сынақ жеке атыстар мен қауіптілігі жоғары атыстарды құрастыру тәртібі, зымыран мен қозғалтқыштың бас бөліктерін құрастыру тәртібі, зымыранның электр схемаларын құрастыру және монтаждалуын түпкілікті бақылау.

Қару-жарақты қабылдап-бақылаушы


31. Қару-жарақты қабылдап-бақылаушы, 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

қару-жарақтың қарапайым бөлшектерін, тораптары мен агрегаттарын бақылау-өлшеу құралдарын, аспаптар мен айлабұйымдарды, шаблондар мен сызғыштарды, штангенциркульдер, штангенрейсмустар, индикаторлар, щуптар, кронциркульдер, қалыптағыштар, кондукторларды пайдалана отырып, механикалық, слесарлық және гальваникалық өңдеуді құрастыру операцияларынан кейін сызбалар мен техникалық шарттар бойынша бақылау және қабылдау. Құрастыруға түсетін бөлшектер мен материалдардың сапасы мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау. Тораптар мен құрылымдарды орнына орнатқаннан кейін тексеру. Қабылданған өнімге құжат ресімдеу.

  1. Білуге тиіс:

қару-жарақтың қарапайым бөлшектері мен тораптарының құрылысы, мақсаты мен өзара әрекеттесуі, механикалық, слесарлық және гальваникалық өңдеу және құрастыру операцияларынан кейін бөлшектер мен бұйымдарды қабылдаудың техникалық шарттары, механикалық өңдеудің негізгі түрлері мен құрастыруға түсетін бөлшектерге қойылатын шекті өлшемдер, бақылау-өлшеу құралдары мен айлабұйымдарының құрылысы, мақсаты мен пайдалану ережесі, шектеулер мен қондыру туралы негізгі мәліметтер, квалитеттер (дәлдік сыныптары) және сәйкессіздік өлшемдері (өңдеу дәлдігінің сыныптары), тотыққа қарсы қабаттың түрлері.

  1. Жұмыс үлгілері:

      1. қару-жарақ - консервация мен орауды бақылау және қабылдау;

      2. қару-жарақ бөлшектері-гальваникалық қаптау және жылтыратудан кейін бақылау және қабылдау;

      3. карабин, мылтық-үймені ату арқылы қабылдау, дәлдік және механизмдердің өзара әрекеттестігі;

      4. патрон лентасы және олардың қорабы, пистолет пен автоматтың магазині - бақылау;

      5. қол зеңбіректердің сошкасы, мылтық пен карабиннің пышағы-бақылау.

32. Қару-жарақты қабылдап-бақылаушы, 3-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

қару-жарақтың бөлшектері мен механизмдерін механикалық және слесарлық өңдеуден кейін, сызбалар мен техникалық шарттарға сәйкес құрастыру операцияларынан кейін күрделігі орташа бөлшектерді бақылау және қабылдау. Құрастыру кондукторлары мен әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып, негізгі тораптар, агрегаттар мен механизмдерге, плиталарға, призмалар мен үшбұрыштарға, струбциндер мен домкраттарға түпкілікті сынақ жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана отырып, стенділердегі жекелеген агрегаттар мен механизмдерді тексеру және сынау. Ақаулықтарды түрлері бойынша жіктеу, олардың пайда болу себептерін анықтау және оны жою шараларын қабылдау. Қабылданған және ақаулы деп танылған өнімге құжаттама ресімдеу.

  1. Білуге тиіс:

күрделігі орташа бөлшектерді, тораптар мен механизмдерді механикалық және слесарлық өңдеуден кейін және құрастыру операцияларынан кейін бақылау, сынау және қабылдаудың техникалық шарттары, тегіс бетті оптикалық аспаптармен, лекаламен, микроскоппен және индикаторлармен тексеру әдістері, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты және пайдалану ережесі, құрастырмалы кондукторлардың, аспаптар мен сынақ аппаратуралары мен стенділерінің құрылысы, құрастыруға түсетін материалдар мен жартылай фабрикаттар, квалитеттер (дәлдік сыныптары) және сәйкессіздік өлшемдері (өңдеу дәлдігінің сыныптары), тотыққа қарсы қабаттың түрлері.

  1. Жұмыс үлгілері:

      1. 8T131, 8T133, 8T134, 8T139, 8Т148, 8Г27, 8M41, ТРМБ-60 типті агрегаттар мен ЗИП машиналары - бақылау және қабылдау;

      2. оқпан қорабы мен мылтықтың сұқпасы - бақылау, қабылдау;

      3. 85-мм зенит зеңбіректің шанағы – қайта бекіткеннен кейін бақылау;

      4. 37-мм АЗП пышақ қосқышының механизмдері-құрастырылуын бақылау;

5) бұру механизмдері - бақылау және қабылдау;

6) 82- және 120-мм минометтері – құрастырылуын бақылау;

7) МК-4 шолу аспабы - бақылау және қабылдау;

8) ППУ-8Т және ОП2-50 типті көздеу - бақылау және қабылдау;

9) ДТ және ДТП пулеметі - бақылау, қабылдау;

10) Пулемет станоктар - құрастырылуын бақылау;

11) СРГС-100, СРГС-12, СРГС-20, ЗИП типті агрегаттарының шлангылары, электроқуат жабдықтары - бақылау және қабылдау;

12) Зеңбіректің қалқандары - жөндеуден кейін қабылдау.

33. Қару-жарақты қабылдап бақылаушы 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

артиллериялық қару-жарақ пен зымыран құрылғыларының тораптарын, механизмдері мен жекелеген бөлшектерін механикалық және слесарлық өңдеуден кейін,әр түрлі бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын пайдаланып жасалу мен құрастырылудың дәлдігін тексере отырып түпкілікті құрастырудан кейін күрделі бөлшектерді бақылау және қабылдау. Қару-жарақ пен аспаптарды жөндеу және құрастыру технологиялық процессінің сақталуын бақылау. Сақтау қоймаларындағы қару-жарақ пен аспаптардың техникалық жай-күйін бақылау. Қабылданған өнім бойынша есеп пен есептілік жүргізу.

  1. Білуге тиіс:

бөлшектерді механикалық өңдеу түрлері, күрделі бөлшектерді қабылдаудың, қару-жарақтың күрделі тораптары мен механизмдерін құрастыру және сынаудың техникалық шарттары, бөлшектерді қабылдау кезінде қажетті координаттық нүктелерді есептеу ережесі, қару-жарақты жөндеу мен құрастыру технологиялық процессі, құрастыру ақаулықтары, сәйкессіздік шектеулері жүйесі (өңдеу тазалығының жіктемесі).

  1. Жұмыс үлгілері:

      1. мылтық, карабин, автоматтар мен пистолеттер-атыстан кейін калибрмен бөлшектей және тексере отырып қабылдау;

      2. қарудың сұқпасы - қабылдау;

      3. 8T311, 8Г17, 8Г114 типті бұйымдар - бақылау және қабылдау;

      4. көздеу механизмдері, көтеру механизмдері – сынау және қабылдау;

      5. ТНП және ТПК шолу аспаптары - бақылау және қабылдау;

      6. көздеу айлабұйымдары - бақылау және қабылдау;

      7. ПС-10 телескопиялық көздеуі - бақылау және қабылдау;

      8. СГ, СГМ, ДШК және КПВТ пулеметтер-құрастыруды бақылау, сынай отырып қабылдау;

      9. барлық калибрлі қару-жарақ оқпандары, барлық жүйенің қару-жарақтарының оқпандары мен ысырма қораптары - бақылау, қабылдау.

34. Қару-жарақты қабылдап бақылаушы, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

аса күрделі және негізгі бөлшектерді, бұйымдарды механикалық және слесарлық өңдеуден кейін, сондай-ақ түпкілікті құрастырудан кейін жалпы тораптарды, механизмдер мен агрегаттарды және қару-жарақ бұйымдарын техникалық шарттарды көзделген барлық талаптарды орындай отырып, арнайы және әмбебап бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдалана отырып, бақылау және қабылдау. Құрастырылған қару-жарақтың техникалық сипаттамаларының төлқұжаттық деректерге сәйкестігін арнайы стенділерде тексеру. Аса қуатты артиллериялық қару-жарақтардың сынақ атыстарына даярлығын бақылау және қабылдау. Сынақ жүргізуге және өнімді қабылдауға құжаттарды ресімдеу.

  1. Білуге тиіс:

аса күрделі және негізгі бөлшектерді, бұйымдарды механикалық және слесарлық өңдеуден кейін, сондай-ақ түпкілікті құрастырудан кейін жалпы тораптарды, механизмдер мен агрегаттарды және қабылдаудың техникалық шарттары, күрделі бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын баптау және реттеу ережесі, қабылданатын тораптар, механизмдер мен қару-жарақ бұйымдарын сынау тәсілдері мен тәртібі, формулярлар мен төлқұжаттарды толтыру тәртібі.

  1. Жұмыс үлгілері:

      1. барлық калибрлі артжүйелер-машинада монтаждауды бақылау және цапфада теңгерімдеу;

      2. артжүйелер – стендіде және машинада жасанды шегінуін бақылау, құрастырылған күйінде бақылау;

      3. барлық базалардың қашықтықты өлшеуіштері-құрастырылуын бақылау және қабылдау;

      4. 2П16, 2П26, 8У23, 8У218, 8Г113, 8H113, 8H213, 8Г315А типті бұйымдар-бақылау және қабылдау;

      5. үлкен бұрышты және ұзын фокусты коллиматорлар-бақылау және қабылдау;

      6. қашықтықтан бақылау перископтары-бақылау және қабылдау;

      7. оптикалық көздеу аспаптары-түзетуді бақылау;

      8. ПУАЗО аспабы - бақылау және қабылдау;

      9. СТ-10 және ТШ типті телескопиялық аспаптар-бақылау және қабылдау;

      10. барлық шифрлі теодолиттер-бақылау және қабылдау.

35. Қару-жарақты қабылдап бақылаушы, 6-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

техникалық шарттарда көзделген барлық сынақтарды орындай отырып түпкілікті құрастырғаннан кейін және автоматты, тұрақтандырылған зымыран-артиллериялық қару-жарақ және жалпы қару-жарақтың аса күрделі және негізгі тораптарын, механизмдерін, агрегаттары мен аспаптарын бақылау және қабылдау. Оптикалық-механикалық, пневматикалық, гидравликалық және электронды жүйелерді пайдалана отырып жұмыс істейтін күрделі, аса күрделі және негізгі бақылау-өлшеу аспаптары мен аппаратураның бапталуын тексеру. Бақылау және сынау кезінде анықталған ақаулықтарды зерттеуге және оларды жою шараларын әзірлеуге қатысу. Қабылданған өнімге паспорт пен формуляр жасау, қабылдау актілерін және сынақ хаттамасын ресімдеу.

  1. Білуге тиіс:

қабылданатын зымыран-артиллериялық қару-жарақты жөндеу, құрастыру және сынаудың техникалық шарттары, оларды бақылау және сынау әдістері, құрастыру және сынау кезінде анықталған ақаулықтардың негізгі түрлері, бақылау-өлшеу аспаптары және қару-жарақты бақылау және қабылдау кезінде қолданылатын аппаратура.

  1. Жұмыс үлгілері:

      1. барлық калибрлі артжүйелер-КС-19 және КС-30 типті АУВ қаруларын құрастырылған күйінде бақылау және қабылдау-бақылау және қабылдау;

      2. КС-19 және КС-30 типті қарулардың гидрожетегі-тораптары бойынша құрастырылуын және стенділерде құрастырылған күйінде бақылау;

      3. ГСП-100, ГСП-130 құрастырылмаған жүйелер - бақылау және қабылдау;

      4. барлық үлгідегі бастапқы құрылғылар-тоқпен жұмыс істеуін тексере отырып құрастырылған күйінде бақылау, қабылдау.

Бұйымдарды консервациялау және жинақтау жөніндегі бақылаушы


36. Бұйымдарды консервациялау және жинақтау

жөніндегі бақылаушы, 2-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

топтық жиынтықтардың, күрделі тораптардың қосалқы бөлшектерінің, қарапайым агрегаттар мен машиналардың консервациялану және жинақталу сапасын техникалық шарттарға және ұзақ мерзім және қысқа мерзімде сақтау нұсқаулықтарына сәйкес бақылау және қабылдау. Агрегаттар мен тораптарды консервациялау және жеткізе жинақтау технологиялық процессінің орындалуын бақылау. Түпкілікті қабылданған бұйымдарды контрлеу және пломбылау дұрыстығы мен беріктігін бақылау. Қажетті бақылау-өлшеу құралдары мен айлабұйымдарын қолдану. Жарамды және жарамсыз өнімдердің есебін ақаулық себептерін жіктей отырып жүргізу. Бұйымның орамасының сапасын тексеру.

  1. Білуге тиіс:

бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды консервациялаудың техникалық шарттары мен нұсқаулығы, бөлшектердің, тораптар мен агрегаттардың атауы мен мақсаты, консервация кезінде қолданылатын құрылғының, стенділер мен арнайы жабдықтардың құрылысы мен мақсаты, ілеспе құжаттаманы ресімдеу, консервация кезінде қолданылатын майлардың маркасы мен атауы, жинақтау ведомостері, қабылданған өнімді контрлеу және пломбылау тәртібі, тексеру кезінде қолданылатын құралдарды және бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдарының мақсаты мен пайдалану ережесі.

37. Бұйымдарды консервациялау және

жинақтау жөніндегі бақылаушы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

техникалық шарттар мен жинақтау ведомостеріне сәйкес күрделі агрегаттардың, қозғалтқыштар мен машиналардың консервациялануының сапасын бақылау және қабылдау. Консервациялау үшін майды дайындауды бақылау. Бақылау және қабылдау кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын, құралдары мен айлабұйымдарын реттеу. Бақылау және қабылдау бойынша құжаттамасын ресімдеу.

  1. Білуге тиіс:

консервациялау кезінде қозғалтқыштар мен машиналарды бөлшектеу және құрастыру ережесі мен кезектілігі, қозғалтқыштар мен машиналарды консервациялаудың техникалық шарттары, бұйымдарды жинақтау тәртібі мен жинақтау ведомостері, консервілеу майларын дайындаудың технологиялық процессі және олардың қасиеттері, консервілеу майларын талдау әдістері, консервациялауға арналған құрылғылардың құрылысы мен мақсаты.

Крешерші
38. Крешерші, 2-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

крешер бағаналарды қысуға арналған қол престерін дайындау. Крешерлік бағаналарды крешерлік аспаптарға салу. Сынаудан кейін крешерлік аспаптарды бұрап шығару. Крешерлік аспаптарды түзетуге дайындау. Крешерлік бағаналарды тығындау. Крешерлік аспаптарды сынауға дейін және сынаудан кейін тазалау, қылауларын алу. Крешерлік бағаналарды өлшеу нәтижесін жазу.

  1. Білуге тиіс:

крешер бағаналарды қысуға арналған қол престерінің құрылысы мен жұмыс істеу қағидасы, крешерлік бағаналарды тығындау тәсілдері, сынақ жүргізу тәртібі, крешерлік бағаналарды өлшеу нәтижесін жазу тәртібі, крешерлік аспаптардың бөлшектерінен қылауларды тазалау және алу тәсілдері, тазалау және майлау материалдары.

39. Крешерші, 3-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

крешерлік аспаптарды дайындау, оларды құрастыру және бөлшектеу. Қысуға дейін және одан кейін крешерлік бағаналарды микрометрмен өлшеу және сырттай тексеру. Сынау кезінде күтілетін қысымға байланысты престе крешерлік бағаналарды қысу. Крешерлік бағаналардың немесе жеке түзетулердің коэффициенттерін анықтау. Сынауға қажетті крешерлік аспаптар мен крешерлік бағаналарды таңдау. Тараждық кестелерді немесе коэффициент кестелерін жинақтау (жасау). Крешерлік бағаналарды өлшеу және қысымды анықтау. Крешерлік пакет-паспорттарын жасау. Крешерлік өлшеу микроскопының көмегімен берік элементте таңба диаметрін өлшеу. Крешерлік аспаптарды қозғалтқыштың өткізгішіне орнату. Механикалық престерді баптау. Қозғалтқышты сынау нәтижесін жазуды жүргізу.

  1. Білуге тиіс:

крешерлік аспаптардың құрылысы, крешерлік бағаналардың өлшемі мен типтері, күтілетін қысымға байланысты крешерлік бағаналарды қысудың техникалық шарттары, таңдау ережесі, механикалық престің құрылысы және оларды баптау тәсілдері, әр түрлі крешерлік бағаналарды баламалау әдістері, крешерлік аспаптарды тазалауға арналған станоктың құрылысы, крешерлік аспаптар үшін қолданылатын мастиканың түрлері, аспаптарды сақтау және консервациялау тәртібі, микрометр мен өлшеу микроскопының құрылысы және олармен жұмыс жүргізу ережесі, тараждық кесте құру ережесі, крешерлік аспаптардың жұмысын тексеру ережесі, қысымды өлшеу тәсілдері, крешерлік бағаналардың материалдарының негізгі қасиеттері.

40. Крешерші, 4-разряд



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет